Сауатты кадрлар ғана салада оң өзгеріс жасайды – ардагер

Темір жол тарихы
26.07.2024, 10:15
Оқуға 4 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары соңына қарай Көкшетау-Қызыл ту станциялары аралығында екінші теміржол құрылысы жүргізіліп, бір мезгілде электрлендіру жұмысы да қатар атқарылды. Сол жылдары Көкшетау жол дистанциясын басқарған және үш жыл бөлімше директоры, бөлім бастығы болған белгілі теміржолшы Бахтарбек Жүнісов аталған жұмыстардың бел ортасында жүрген еді.

Бүгінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ Консультативтік кеңес мүшесі, Құрметті теміржолшы, 78 жастағы ардагердің өткен өмір белестерінен айтар естеліктері көп. 1967 жылы Новосібір теміржол көлігі институтын теміржол құрылысы мамандығы бойынша бітіріп, диплом алған жас маман туған жері Жаңа-Семей жол дистанциясында еңбек жолын жол шебері болып бастайды. 1971 жылы әскер қатарына алынып, Отан алдындағы борышын өтеп жүрген кездің өзінде Омск облысындағы Стрела станциясында теміржол батальонының техникалық бөлім бастығы болады. Сол кезде Омск пен Көкшетау арасындағы екінші жолдар құрылысына қатысады. Әскерде жүргенде Кеңес одағына танымал теміржолшылармен танысып, тәжірибе жинақтап, біліктілігін арттырды. Елге оралып, жол дистанциясында жұмысын жалғастырып, бірер жылдан соң Қарағанды жол бөлімшесіне ауысып, Ащысу жол дистанциясының бастығы болып тағайындалды. Ал Көкшетау жол дистанциясына келген кезде Қызыл-ту станциясында екінші жолдар құрылысының жұмысына араласады.  

– Транссібір магистралінің жүктемесін азайту мақсатында салынған Орта Сібір магистралі Ресей шекарасындағы Қорған станциясынан шығып, Пресногорьковск, Жаңа Есіл, Көкшетау арқылы Қызыл туға келеді. Осы бағытта 1980 жылдары екінші жолдар құрылысы басталды. Қызыл ту-Көкшетау мен Омбының арасындағы станция болды. Мен бұл құрылысқа тікелей араласқан жылдары Көкшетау жол дистанциясын, екі жылдан кейін Көкшетау жол бөлімшесінің жол шаруашылығы бөлімін басқардым. Сол кезде оның құрылысына біздің бөлімшеге қарайтын 4 жол дистанциясы араласты. Бұл жобаның мақсаты батыс жақтағы вагондарды Кузбасқа көмір тиеуге жіберу болды. Сол кездегі ең үлкен жобаның арқасында көптеген жұмыс орындары ашылып, дистанциялар ауқымы кеңейтілді, Көкшетауда үйлер, әлеуметтік нысандар көптеп салынды. Алайда бір өкініштісі, Кеңес үкіметі құлаған кезде Ресей темір жолы өздері салған жолдың бәрін бұзып алып кетті. Сөйтіп аталған бағдар бойынша теміржол қозғалысы тоқтады, – дейді ардагер теміржолшы.  

Екі мыңыншы жылдары ҚТЖ-да Жол департаменті директорының орынбасары болған Б.Жүнісовтің қолдауымен Шу машиналандырылған жол дистанциясы құрылып, бұрыннан бар, бірақ дамымаған Қырқыншы ПЧМ жұмысы жаңғыртылды.  

– Қазіргі таңда еліміз бойынша өте ауқымды күрделі жол жөндеу жұмыстарын жүргізетін Қырқыншы машиналандырылған жол дистанциясы бастапқыда кішкентай ғана шеберхана болатын. Ол шамамен 1973 жылдары құрылған. Оның қызметі мен ғимаратының ауқымын кеңейтіп, жаңадан келген австриялық жол техникаларының бәрін соған бердік, – дейді ардагер.  

1999-2005 жылдар аралығында Еуропалық даму банкінен 65 млн еуро бөлініп, сол қаржы теміржолды машиналандыруға жұмсалды. Соның ішінде Бурабай курорты станциясындағы рельс дәнекерлеу кәсіпорнында жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Материалдық-техникалық базасы нығайтылып, рельстерді жаңарту бойынша озық технологиялар енгізілді. Француздық техникалар сатып алынды. Алайда сол кезде алынған жол жөндейтін техникалардың бәрі қазір ескірді, 20 жыл болғандықтан оларды жаңартып, Қытай мен Еуропадан шығатын заманауи түрлерін алып, жолшылардың жұмысын жеңілдету керек деп санайды ардагер.

– Қазір жолаушылар пойыздарының уақытынан кешігуін жазда жүріп жатқан жол жөндеу жұмыстарынан көреді. Алайда бұл қате ұғым. Нағыз заманауи қажетті технологиялар болмағандықтан жөндеу жұмыстары өз деңгейінде жүргізілмей отыр. Бұрын жолаушылар келе жатқан пойыздың уақытымен қол сағатын туралайтын заман болған. Теміржол – темірдей тәртіптің саласы, сондай дәлдікке жетуге ұмтылу керек, – дейді Б.Жүнісов.  

Ардагердің тағы бір маңызды жұмысы – 2001 жылы Қазақстанда «Тальго» жүрдек вагондарын сынақтан өткізу бойынша комиссияны басқарғаны. Оның айтуынша, қай кезде болмасын теміржолдағы кадр мәселесі бірінші кезекте тұруы керек. Сауатты кадр ғана салада оң өзгерістер жасайды. Сондықтан мамандарды шетелдік, ресейлік оқу орындарында қысқартылған мерзімде оқытып, білімін жетілдіру қажет деп санайды.  

– Бізде көпірлер мен туннельдер жөндейтін инженерлер жоқ. Оны ешкім дайындамайды. Сондай мамандарды шетелге жіберіп, жылдамдатылған курстар арқылы оқыту керек. Оған қоса жол шеберлері мен жол бригадирлері, техниктер, байланыс және локомотив шаруашылығы мамандарын сапалы етіп дайындау үшін колледждердің білім сапасын көтеру қажет, – деп ой бөлісті теміржолдың «жілігін шағып, майын ішкен» маман.

 

Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді