Әулиеатаға теміржол қалай келді?

Темір жол тарихы
08.12.2020, 10:44
Оқуға 4 мин

Еліміз биыл әйгілі Түрксіб теміржолының 90 жылдық мерейтойын атап өтуде. Алайда, көпшілік Әулиеата топырағына Түрксібтен он жыл бұрын теміржол тартылғанын біле бермейді. Бүгінгі Жамбыл станциясына осыдан тұп-тура бір ғасыр бұрын 28 қараша күні теміржол желісі жеткен. 

Тарихи деректерге сүйенсек, 1912 жылдың сәуірінде Патша үкіметі Арыс-Пішпек теміржолын салу туралы банкирлер мен кәсіпкерлердің бастамасын мақұлдады. Оны орыс капиталисі А.И.Путилов пен теміржол кәсіпкері Н.А.Бунге басқарған қоғам қолға алады. Нақты жұмыстар 1914 жылдың 15 шілдесінде басталды. 

Десе де, тым баяу жүріп жатты. Келесі жылдың қыркүйегіне қарай теміржол желісінің ұзындығы Арыс станциясынан Шымкентке дейін ғана жеткен екен және ол бойынша уақытша қозғалыс ұйымдастырылған. 

1916 жылдың қаңтарында жолдың төселуі Манкент станциясына дейін, ал тамызда №9 разъезге дейін жүргізілді. 1917 жылдың қыркүйегінде ғана аталған желі Бурное станциясына тұмсық тіреді. Алайда, салынған жол телімдерінің бірқатары пайдалануға жарамайтын болып шыққан. 

Бұл да жұмысшылардың күшін сарқып, шаруаның шатқаяқтауына сеп болғаны анық. Айтпақшы, магистральдің құрылыс жұмыстарына орыс мұжықтары, қазақ топырағына қоныс аударып келген шаруалар, қазақтар, өзбектер мен ұйғырлар да қатысқан. Олардың еңбек және тұрмыс жағдайының өте ауыр болғанын айтуға тиіспіз. Мәселен, еңбекақы тым төмен есептелген, күніне небәрі 20 тиыннан 40 тиынға дейін ғана төлеген. Жаппай жұқпалы аурулар мен ас-ауқаттың үнемі жетіспеушілігі әдеттегі құбылыс болатын.

Еңбекті қорғау шарттары сынды дүниелер мүлде болған жоқ. Осындай ахуалға қарамастан, Бурное станциясына дейінгі, салыстырмалы түрде айтқанда, аз ғана жол телімінің өзі осы маңдағы аумақтың экономикалық дамуына ықпалын тигізген.

Сонымен қатар капиталистік қарымқатынастардың өркендеу үдерісінің күшеюіне әсер етіп, өнеркәсіптік пролетариат пен буржуазияның қалыптасуына септескен. 1917 жылдың тамызы мен қыркүйегінде Әулиеатадағы Жұмысшылар мен солдаттар депутаттарының кеңесі елдің өнеркәсіптік орталығымен тұрақты байланыс орнату үшін теміржолды Әулиеатаға неғұрлым тезірек жеткізу шараларын қолға алды. Алайда, жолдың құрылыс жұмыстары бұрынғысынша аса баяу жүріп жатты. 

Әулиеата уезінде Кеңес өкіметі орнағаннан соң, жол мемлекет иелігіне өткізілді. Оның құрылыс жұмыстарын басқарып отыру үшін Жетісу теміржолының уақытша басқармасы құрылып, жол салу ісі жалғаса берді.

Кеңес үкіметі жол құрылысына қажетті рельстер мен басқа да материалдарды жіберіп отырды. Әулиеата уездік әскери революциялық комитеті 1920 жылдың 3 шілдесінде құрылысқа қатысу үшін 500 жұмысшыны мобилизациялау туралы шешім қабылдады. Осы іс-шаралардың бәрі 1920 жылдың 28 қарашасына қарай желіні Әулиеата станциясына жеткізіп, ол бойынша уақытша қозғалыс ұйымдастыруға мүмкіндік берді. 

Еңбек және қорғаныс кеңесінің қаулысымен 1921 жылдың ең маңызды құрылыстарының бағдарламасына жолды Пішпекке дейін жеткізу енгізілді. 

Мұның өзі қажетті материалдық базаны жасақтауға мүмкіндік берді. Дегенмен, күзге қарай құрылыс тағы тоқтап қалды. 1923 жылдың 15 қазанында елдің Еңбек және қорғаныс кеңесі Жетісу теміржолын салу бойынша Ф.Э.Дзержинский төрағалық еткен кеңес құру туралы шешім қабылдады. 

Кеңеске жұмысты 1924 жылдан кешіктірмей аяқтау үшін барлық іс-шараларды қабылдауға тапсырма берді. Жолдың құрылысы 1924 жылдың көктемінен бастап, толық көлемде жүргізіле бастады. Дәл осы кездері теміржол құрылысы халықтық сипат алды. Түркістан АССР басшылығының Жетісу және Сырдария облыстарының атқару комитеттеріне арнайы хат жолдауы да бұл іске оң әсерін тигізді. Хатта аймақты қайта жаңғыртудағы жолдың аса зор қоғамдық-саяси және шаруашылық, экономикалық мәні ашық көрсетіліп, жергілікті жерлерде құрылысқа барынша қолдау көрсетуді ұйымдастыру ұсынылды. 

Жол құрылысына еңбеккерлерді тарту үшін кең көлемдегі үгіт-насихат, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Көктемде және жазда құрылыста 2300 жұмысшы еңбек етті. Олардың едәуір бөлігі қазақтар мен қырғыздар еді. Олардың көбі осы жолда тұрақтап қалды, жаңа мамандықтар алды. Ал кейінірек осы жұмысшылар Түркістан-Сібір магистралінің белсенді құрылысшылары болды. 

Теміржол құрылысына қажетті істәжірибелері болмауына қарамастан, олар аса қиын климаттық жағдайларда өте қарабайыр құрылыс құралдарын қолданып, белгіленген жұмыстың басым бөлігін 1924 жылдың шілде айының аяғына қарай орындап шықты. Нақтырақ айтқанда, бүкіл жасанды құрылыстар салынды, барлық жер жұмыстары аяқталуға жақындады. Ал жолды төсеу Әулиеатадан Қайыңдыға жетті. Осылармен бір мезгілде Әулиеатадағы депоны салу, сондай-ақ жол желісінің өн бойындағы станцияларды, кірме жолдарды, тұрғын үйлерді тұрғызу жалғасып жатты. 

8 тамызда рельсті төсеу Пішпекке дейін жетті және бұл жерде жаңа жолдың ашылу салтанаты болды. Ұзындығы 166,5 шақырым магистраль 1924 жылдың жеті айында (ақпантамыз) салынып бітті. Ал 1 қыркүйекте Жетісу теміржолы ел теміржолдарының пайдаланымдық жүйесіне қосылды. 

Жетісу теміржолының салынуы Қазақстан мен Қырғызстанның үлкен аумағын елдің экономикалық орталығымен байланыстырып, өндірістік күштердің дамуына жол ашты. 

Өнеркәсіптің жаңа салаларын өмірге әкелді, ауыл шаруашылығының өркендеуіне ықпалын тигізді. Өнеркәсіп тауарларын Түркістан мен Жетісуға көп мөлшерде әкелу осы аймақтардағы шаруалардың сатып алушылық қабілеттерін күрт өсіруге жол ашты. 

Шымкенттің, Әулиеатаның және басқа да қалалардың халқының саны бірнеше есеге өсті. Жолға жақын үлкен аймақтардың мәдени деңгейі өркендеді. 

Тарихи деректер негізінде әзірлеген

Бауыржан НАЙМАНБАЕВ,

Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі

ардагерлер кеңесінің төрағасы

Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді