Көлік нарығын зерттеу – уақыт талабы

Аймақтар
05.03.2019, 17:11

Темір жол саласында соңғы жылдары жаңадан пайда болған кәсіп – логистика мамандары. Жүк жеткізуді ұйымдастыру бойынша көліктік қызметтер нарығын зерттеумен айналысатын логист мамандар қызметі нарық заңының сұранысына сай туындайтын аса қат та дәру мамандар десек, қателеспейміз. Маңғыстау ЖТ бөлімшесі директорының логистика жөніндегі орынбасары Ғалым Айтжановпен сұхбатымыз осы кәсіп иелерінің қызметін жіліктеп береді. 

– Маңғыстау темір жол бөлімшесі құрылғалы бері осы түбектің логистикасын дамытуға атсалысып келесіз. Көліктік-логистикалық хаб ретінде болашағына үлкен үміт артылып отырған аймақ бұл тұрғыда қаншалықты дами алды?    

– Маңғыстауға темір жол тартылғалы жарты ғасыр. Ал Маңғыстау жеке жол бөлімшесі болып құрылғалы небәрі 10 жыл. Осы соңғы он жылда жүк тасымалының айтарлықтай өскенін атап айтуға болады. 2018 жылға жүк айналымын – 111%, 2017 жылмен салыстырғанда 109,3% орындадық. Көліктік логистикалық хаб ретінде Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі логистикалық мүмкіндіктерінің шеңберін кеңейте түскенін атап өтпеуге болмас.

          Ақтау теңіз сауда порты мұнай өнімдерін, шикі мұнайды және әртүрлі халықаралық жүктерді тасымалдауға арналған. Жүк тасымалы жүйесінде аса маңызды орын алатын Азия мен Еуропаның көптеген елдерінің су мен құрлық, темір жол, әуе жолдарының тоғысар торабында орналасқан. Құрық жаңа сауда теңіз порты 2016 жылы пайдалануға берілді және келешегі мықты, ең табиғи тыныш айлақ болып табылады. Жағалауының тереңдігі 23-25 метрді құрайды. Мұнда жыл бойы жел тұрмайды, яғни бұл кез келген жыл мезгілінде кемелердің кедергісіз өтуін қамтамасыз етіп, Каспийдің барлық теңіз порттарымен салыстырғанда айрықша ерекшелейтін болады.

         Ақтау портындағы Ақ бидай терминалы арқылы 2018 жылы 752,4 мың тонна астық экспортталды. Терминал қуаты арттырылып, тәулігіне 130 вагон астықты қабылдап, өткізіп жатыр. Қазақ бидайы негізінен Иран мен Әзербайжанға экспортталады. Еліміздің теңіз қақпасы «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасы аясында солтүстік бағытта 200 шақырымға кеңейгені мәлім. Сәйкесінше порт аумағында қосымша астық терминалы бой көтерді.

– Темір жол көлігіндегі логистика мамандығының маңызы туралы айтып кетсеңіз? Маңғыстаулық логистердің міндеттері стратегиялық жоспарлары қандай?

 – Жалпы логистика дегеніміз не? Көліктік-логистикалық жеткізу сызбаларын дамытып, жаңаларын жасайтын, өз жұмысына әлемдік деңгейдегі инновациялық технологиялар мен стандарттарды енгізумен шұғылданатын бұл мамандық иелерінің жұмысы – нарықтық экономиканың ең қажетті элементі.

Маңғыстау жол бөлімшесінде 2014 жылы «Жүктерді тиеп түсіруді қамтамасыз ету» бөлімі «Логистика және тасымалды ұйымдастыру» бөлімі болып қайта құрылды. Қызметі – жүк тасымалдау және тасымал тарифтеріне байланысты сұрақтарға бәсекелес ортамен талдау жүргізу, магистральды және терминалды инфрақұрылымдардың дамуы, ҚР транзиттік әлеуетінің өсуіне, барлық көлік түрлерінің тиімді жүк айналымы схемасын анықтау. Сонымен қатар барлық логистикалық қызмет түрлерімен, аралас мультимодальды тасымал «есіктен есікке дейін» дамуын қадағалау және қамтамасыз ету, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, өнеркәсіп ассоциациясымен бірлесіп жүк тасымалын қамтамасыз ету, аралас жүк тасымалы барысында Ақтау теңіз порты, Әуе көлігімен өзара қарым-қатынасты жүзеге асыру, сапалы және бәсекеге қабілетті көлік-логистикалық қызмет түрлерін ұсыну мақсатында, көлік-логистикасында жүйелі жұмыс жүргізу. Бүгінде, міне, сол шағын бөлім үлкен құрылымға айналып, түбектегі бүкіл логистика қызметінің жұмысын алға бастырып отыр.

– Мемлекет басшысы тарапынан қолдау тапқан ірі-ірі жобалардың көбісі Маңғыстауда жүзеге асырылуда. Жалпы елдің назарында тұрған өңір, бүгінде Болашақ станциясы, Ақтау, Құрық порты арқылы жасалып жатқан жұмыстарға берер бағаңыз және бөлімшенің логистика бағытындағы алдағы жоспарлары туралы баяндасаңыз.

– Маңғыстау темір жолында Мемлекет басшысы тарапынан қолдау тапқан ірі жобалардың бірі Түркіменстанмен шекарадағы Болашақ теміржол өткелі ұлтаралық нысан ретінде геосаяси мәнге ие. Елбасы өз сөзінде: «Ол Қазақстан және Түркіменстан арасындағы тікелей темір жол қатынасын орнатады. Жаңа жол жүк жеткізудің ең қысқа жолы болып табылады, оның ішінде транзиттік жүктерді жеткізу, келешекте жолаушылар тасымалын жүзеге асыру үшін тиімді болмақ. Бұл заманауи уақытта маңызды фактор болып табылады. Осыған байланысты жүк айналымының мерзімін қысқарту маңызды бәсекелестіктің артықшылығымен қамтамасыз етеді. Ол өз кезегінде іскерлік белсенділікте көрінеді, шынтуайтына келгенде, біздің еліміздің әл-ауқатының өсуіне септігін тигізбек. Бұдан басқа да, Қазақстан-Түрікменстан теміржолы Парсы шығанағына шығарар келешектегі тасымалдау дәлізінің негізгі бөлігі» деген болатын. 2018 жылы аталған өткел арқылы 1 млн 103 мың тонна жүк жөнелтіліп, 130,5 мың тонна жүк қабылданған. Осы халықаралық торап арқылы 2020 жылдары жүк тасымалын 15-20 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарлануда.

Бұдан басқа Құрық порты – транскас¬пий халықаралық көлік бағдарының маңызды түйіні. Құрық ауылындағы паром кешені мен оны темір жол ма-гистралімен байланыстыратын «Боржақты-Ерсай» темір жол желісінің құры¬лысы – осы өңірдің дамуына серпін берген, тұрғындардың үміті мен сенімін нығайтып, көңілге қуаныш ұялатқан нысандар. «Нұр¬лы жол» бағдарламасын басшы¬лыққа алған жобада темір жол секторы мен логистиканы дамыту, сондай-ақ теңіз сауда флоты саласындағы та¬би¬ғатты қорғаудың озық тех¬нологиялық шешімдерін қолдана отырып, өте қысқа мер¬зімде үлкен көлемде транзиттік және отандық жүктерді жылдам тасымалдауды қам¬тамасыз ететін бәсекеге қабілетті паром флотын құру көзделген болатын. Жүк ағынын тұрақты қам¬тамасыз ету үшін темір жол инфрақұрылымын дамыту қажеттігі белгілі. Жаңа «Бор¬жақты-Ерсай» темір жол желісі ал¬ғаш¬қы бес жылдың ішінде жылына 8 млн тоннадан астам жүк тасымалын қамтамасыз етеді деп бол¬жан¬ған, себебі ол Құрық порты ауданындағы кеме жасау және кеме жөндеу зауыты, металл конструкцияларының зауыты сияқты дамып келе жатқан өн¬ді¬рістерге көлік¬тік қызмет көр¬сетеді. 2017 жылы Құрық портында 276 паром жөнелтіліп, 580 мың тоннадан астам жүк тиелсе, 2018 жылы 367 паром жөнелтіліп, 596 мың тонна жүк тиелген, яғни 2017 жылмен салыстырғанда 102,8%.

       Ал Ақтау теңіз Солтүстік терминалындағы жүк айналымының жылдық қуаты 16,5-19 млн тоннаны құрайды. Экспорт-импорт өсімін арттыруға және Қазақстан мен Орталық Азия елдері өнімдерін Ақтау порты арқылы Кавказ маңы, Парсы шығанағы елдеріне және Ресейге жеткізуге бағытталған. Кәсіпорында жыл бойы дәнді дақылдар тиеу және жөнелту, кемелерге кешенді қызмет көрсету, ірі тонналық жүк контейнерлерін сақтау жұмыстары жүргізіледі, сондай-ақ қоймада жүк сақтау операциялары жүзеге асырылады. 2017 жылы 560,3 мың тонна, өткен жылы 925 мың тонна бидай жөнелтілген, яғни 165,1%. Сонымен қатар 98,2 мың тонна қара темір жүгі жөнелтілген.

Міне, осының бәрі қарт түбекте логистиканың жандануына негіз болатын факторлар екені айдан анық. Демек, Маңғыстау келешекте логистикасы дамыған қуатты хабқа айналары күмән туғызбайды.

– Еңбектеріңіз жемісті болсын, рахмет!

Райхан РАХМЕТОВА

Суретті түсірген автор


Инфрақұрылым
09.09.2025
Инфрақұрылымды жаңғырту – уақыт талабы
Инфрақұрылым
09.09.2025
Арыс көпірі қайта түледі
Қауіпсіздік
09.09.2025
Қауіпті аймақта қатаң тәртіп керек
Қауіпсіздік
09.09.2025
Жолда жүру ережесі түсіндірілді
Аймақтар
09.09.2025
Вокзалдағы қондырғылар ауыстырылды
Аймақтар
09.09.2025
Тазалық – баршаға ортақ міндет
Әлеумет
09.09.2025
Осы жазда Қазкөліккәсіп теміржолшылардың 250 баласына мереке сыйлады
Әлеумет
09.09.2025
Бейнеуліктердің игі бастамасы
Жаңалықтар / Мұрағат
09.09.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 09 қыркүйек 2025 жыл
Жолаушылар тасымалы
08.09.2025
2030 жылға дейін жолаушылар вагондары паркі толық жаңартылады
Жаңалықтар
08.09.2025
Мемлекет басшысы: Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр
Жаңалықтар
08.09.2025
Мемлекеттік тіл – достық тірегі
Аймақтар
08.09.2025
Жосалы–Түркістан телімінде жоспарлы жол күтімі жүргізілуде
Жаңалықтар
07.09.2025
Көшпелі комиссия 125 вокзалдағы жөндеу жұмыстарын тексерді
Жаңалықтар
05.09.2025
ҚТЖ ескі вагондарды жаңартуды жалғастыруда
Аймақтар
05.09.2025
Қамыстыбас станциясында жаңа күзетілетін теміржол өткелі ашылды (Фото)
Аймақтар
05.09.2025
Жалағаштықтардың жауапкершілігі жоғары
Инфрақұрылым
05.09.2025
Қызылорда облысында бес вокзал жаңа кейіпке енеді
Инфрақұрылым
05.09.2025
Ердәуіт станциясына алғашқы бағыттағыш бұрма орнатылды
Жаңалықтар
05.09.2025
Quiz ойыны руханиятқа арналды