Ардагерлер тәуелсіздіктің бастапқы жылдарындағы теміржол саласының қалыптасуы туралы ой бөлісті
Әлеумет
15.12.2021, 09:11
Ел тәуелсіздігін жариялаған алғашқы жылдары отандық темір жол саласы қандай қиындықтармен бетпе бет келді, теміржолшылар қалай жұмыс істеді, ардагерлер ой бөлісті.
Қырықбай ӘЛСЕЙІТҰЛЫ, Семей темір жолының ардагері:
– Кеңестер одағы ыдырағанда ерекше ықпал сезінген бірден-бір сала теміржол дер едім. Себебі, одақ елдері арасында экономикалық байланыс үзіліп, зауыттар мен ірі өндіріс орындары жабылып жатты. Содан келіп тапсырыс саны төмендеп, теміржолдағы жүк айналымы күрт азайып кетті. Кіріс болмаған соң теміржолшылар жалақыларын айлап алмады. Осындай қысылтаяң кезеңде бөлімше басшылығы назарға алған басты мәселе жұмысшыларды қысқартпай, мүмкіндігінше мамандарды сақтап қалу болды. Мен ол кезде Семей темір жолының бас инженері едім, сондықтан бәрі көз алдымда өтті. Айта кетерлігі, саудаға кетіп, базар жағалап коммерциямен айналысқандар көбейген шақта біздің бөлімшеде бірде бір теміржолшы кәсібін ауыстырған жоқ. Негізгі контингентті сақтап қала алдық.
Рас, желі бойындағы мекемелерде қысқартулар орын алды, алайда, біз бірінші кезекте зейнет жасындағыларды ғана босатып, әсіресе жас мамандарды сақтап қалуға тырыстық. Кейбірі түрлі себептермен басқа қалаларға көшіп жатты. Оңтайластыру жұмыстарын жүргізіп, олардың орнына тәжірибелері қалыптасқан өз мамандарымызды тарттық.
Ел экономикасы айтарлықтай деңгейде тұралап қалған сол қиын кезде біз ертеңгі күнге деген сеніммен еңбек еттік. Бүгінде, міне, әл-ауқатымыз артып, түрлі реформалар жасалып, теміржолшылардың әлеуметтік жағдайына баса назар аударылуда. Сондықтан 30 жылдық мерейтой қарсаңында барша әріптестерімді, теміржолшылар қауымын Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, береке-бірлік тілеймін. Бірлік болса, алынбайтын қамал жоқ.
Табылды ӘМІРОВ, Маңғыстау темір жолының ардагері:
– Еліміз Тәуелсіздігін алған тұста мен Шетпе станциясын басқаратынмын. Кеңес Одағы ыдырап, жаңа жүйе қалыптасып жатқан кез. Өтіп жатқан жүк жоқ, эконо- мика ыдырағандықтан жалпы теміржолда тасымал түсіп кеткен. Көп мекемелер жабылып қалды. Оған қоса сол жылдары су тасып, теміржолды шайып кетіп, қатынас тоқтап қалған кез де болды. Соның барлығына төтеп беруге тура келді.
1993-2007 жылдар аралығында Атырау теміржол бөлімшесі бастығының Маңғыстау облысы бойынша орынбасары болдым.
Ол кезде теміржолдың әлеуметтік нысандарының бәрі өз балансында. Тұрғын үйлер, балабақша, аурухана, жылу, су жүйесі – бәрі өзінде еді. Сонымен бірге азық-түлікпен қамтитын мекемесі де болды. Сондықтан біз тек қана өндіріс, тасымалмен ғана емес, әлеуметтік мәселелермен де айналыстық. Онсыз жұмыс жүрмейтін. Жалақының орнына тамақ алып келіп беріп, басқа да киім-кешектер таратып, барынша жұмысшылардың жағдайын жасауға тырыстық. Ол жылдар да өтті… Темір жолда реформа жүріп, жүйе орнына түскенге дейін сондай талай қиындықтармен күрестік. Кейін карьерлер іске қосылып, жүк тасымалы артты. Мекемелер жұмысы жандана бастады. Жаңа теміржолдар салынды. Адамдардың айлығы өсті. Әлеуметтік әлеует те арта бастады. Қазір сондай сын сағаттарда жұмыс істеп, өзімнің титтей болса да үлес қосқаныма қуанамын.
Маңғыстау бөлімшесі өз алдына дербестік алған соң 2013 жылға дейін бөлімшенің бас инженері болдым. 2016 жылы Маңғыстау станциясының бастығы жұмысынан зейнеткерлікке шықтым. Салаға жергілікті кадрларды даярлау бағытында 1997 жылы Ақтауда теміржол академиясының ашылуына жергілікті азаматтар, оның ішінде теміржолшылар көп еңбек сіңірдік. Кейін академия жабылып, колледж болады. Қазірге дейін осы аталған оқу орнын тәмамдаған түлектер түбек теміржолының мамандары қатарын жыл сайын толықтырып отыр. Соған қуанамын. Демек, бекер өмір сүрген жоқпыз.
Бақыт АҒЫБАЕВ, Шымкент темір жолының ардагері:
– Мен мектеп бітірген соң Ташкент теміржол инженерлері институтын «Темір жол құрылысы және жол ша- руашылығы» мамандығы бойынша бітіріп, 1974 жылы Алматының Іле жол дистанциясында бригадир болып еңбек жолымды бастадым. 1976 жылы Шымкент жол дистанциясына жол шебері болып ауыстым. Тура қырық жыл еңбек етіп, 2014 жылы зейнетке шықтым.
Еліміз тәуелсіздік алған 1991 жылдан 1997 жылға дейін жағдай қиын болды. Одақтас республикалармен байланыс үзілді. Үзілген соң ол жақтан алып отырған жабдықтар мен материалдар тоқтатылды. Айлық та берілмей, орнына ұн, сабын, т.б. берді. Теміржолдан жұмысшылар жаппай кете бастады. Көбі базар жағалап, тауар алып-сатумен айналысып кетті, жұмысшылар жетіспеді.
Мен қандай қиын сәттер болса да басқа салаға кетпедім, себебі сауда істей алмаймын, қолымнан басқа нәрсе келмейді. Жас кезімнен жаным қалаған кәсібімді қимадым, айлап жалақы алмасақ та жұмыс істедік. «Қазақстан темір жолы» РМК құрылған соң жағдай бірте-бірте оңала бастады. 2000-шы жылдары тәуір жалақы ала бастадық, енді теміржолға жұмысқа тұруға кезекке тұратындар көбейді.
Бірде БАҚ беттерінен «30 жылдан кейін ТМД елдері қалай өмір сүруде?» деген кестені көріп қалдым. Қазақстан сол тізімде жоғары тұр екен. Расында, бізде вагон, тепловоз шығаратын зауыт бар Астанада, Ақтөбеде рельс шығады. Бұл деген елдің өндіріс саласы алға жылжып жатқанын көрсетеді. Бұрынғыдай теміржолшылар рельсті қолмен сүйреп жатқан жоқ. Германия, Франциядан рельс кесетін, бұрғылайтын технология мен техникалар алдық, жолдар электрлендірілді.
Сөйтіп, көзді ашып-жұмғанша Тәуелсіздіктің 30 жылдығы да келіп қалды. Тәуелсіздіктің қадірін қазіргі ұрпақ тереңінен сезінуі керек. Жас мемлекет ретінде жеткен жетістігіміз көп. Кемшілік те аз емес, бірақ шыдам керек, бәрі болады. Тарихқа қарасақ, қазақ халқы бұдан да қиын-қыстау жолдардан өтіп, осы күнге жетті. Ендеше, Қазақ елі тағы бір осындай отыз жылдан соң экономикасы бұдан да күшейіп, еңселі елге айналады деп сенейік.

Жаңалықтар
29.10.2025
АҚШ үкіметінің өкілдері Астанадағы Локомотив құрастыру зауытына барды
Жаңалықтар
29.10.2025
ҚТЖ басшысы жеңіспен оралған футболшылар командасын марапаттады
Аймақтар
29.10.2025
Тараздағы оқу орталығында машинист-инструкторлар үшін практикалық дәріс өтті
Аймақтар
29.10.2025
Теміржолшылар марапатталды
Аймақтар
29.10.2025
Елдік пен еңбек мерекесі
Аймақтар
29.10.2025
Республика күні мерекесінде теміржолшылар марапатталды
Жаңалықтар
28.10.2025
ҚТЖ-да жасанды интеллект бойынша семинар өтті
Жүк тасымалы
28.10.2025
ҚТЖ: уақытша шектеулер қытай тарапының пойыздарды қабылдауының төмендеуімен байланысты
Жаңалықтар
28.10.2025
Иран, Түркия және Ауғанстан теміржол тасымалы бойынша ынтымақтастықты арттыруда
Әлемде
28.10.2025
Әлемдегі ең жылдам пойыз 453 км жылдамдықты еңсерді
Әлемде
28.10.2025
Alstom Португалияға 117 пойыз жеткізетін болды
Жаңалықтар
27.10.2025
ҚТЖ – бірліктің, күш-қуат пен жеңістің символы!
Жолаушылар тасымалы
27.10.2025
Алматы мен Мәскеу арасында тікелей теміржол қатынасы ашылды
Жаңалықтар
25.10.2025
Талғат Алдыбергенов теміржолшыларды Республика күнімен құттықтады
Жаңалықтар
24.10.2025
ҚТЖ Республика күнін салтанатты түрде атап өтті
Инфрақұрылым
24.10.2025
Қызылжар жобасынан не күтеміз?
Инфрақұрылым
24.10.2025
Жол техникалары сапқа қойылды
Аймақтар
24.10.2025
Шаруашылықтар қысқа дайын ба?
Аймақтар
24.10.2025
Кемшіліктер қайталанбауы тиіс
ҚТЖ келбеті
24.10.2025
Жолаушының алғысына бөленген кассир