Шымкент жүк тасымалы бөлімшесі биыл шұғыл тежеуді 334 рет қолданған

Әлеумет
23.08.2022, 09:58
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

    «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Шымкент ЖТ бөлімшесінде локомотив бригадалары жыл басынан бері 334 шұғыл тежеу қолданған. Соның басым бөлігінде, яғни 299 жағдайда машинистер қауіптің алдын алған. Дегенмен 6 адамды пойыз қағып, біреуі көз жұмса, 29 ірі қара малды басып кеткен.

 Ал биыл шілде айында 39 шұғыл тежеу қолданылды. Соның ішінде 36 жағдайда тежеу бергеннен кейін пойыз адам мен малды баспай тоқтаған. Осылайша, 16 адамның өмірі сақталып, 20 мал да аман қалған, әйтсе де үш мал пойыз астында қалған...  

Теміржолшылар жергілікті тұрғындарды тәулік бойы пойыздар қабылданып, жөнелтіліп жататын, ұдайы маневрлік жұмыстар жасалатын станция жолдарында және перегондарда абай болуға шақырады. Бөлімшенің қауіпсіздік қызметінің бастығы Нұрбол Бижанов темір жол аса қауіпті аймақ болып саналатынын, сондықтан темір жолға жақын тұратын тұрғындар мен ата-аналар үйдегі жас балаларының қауіпті аймақта ойнауды әдетке айналдырмауын қатаң қадағалауы керектігін еске салды.  

– Ең үлкен кедергі – адамдардың немқұрайлылығында, балаларға деген жауапкершілігінің аздығында. Ал жауапсыздық қашан да жарға жығады. Ата-анасы бақыламаған балалар вагон үстіне мініп, темір жол арасында жүгіріп, ол жерді ойын алаңына айналдырады. Негізінен, темір жолда адамдардың жарақаттану жағдайларының басты себебі – адамдардың қауіпсіздік ережелерін білмеуі, сақтамауы, асығыс жүріп, арнайы аспалы көпірді пайдаланбауы және балалардың бұзақылық істерге барып, теміржол маңында ойын ойнауы, – дейді Н.Бижанов.  

Оның айтуынша, жүрмей тұрған вагондар қауіп төндірмейтін сияқты болып көрінеді. Алайда оған жақындауға, астынан өтуге мүлдем болмайды. Темір жолда тұрған әрбір вагон жұмыс үстінде деген сөз, ол кез келген уақытта қозғалып кетуі мүмкін. Вагонның бір бөлшегіне адамның киімі ілініп қалса, қозғалысқа түскен кезде ол адамды дөңгелек астына тартып әкетеді. 

 – Темір жолда уақытты қысқартамын деп өзіне ыңғайлы жерден өте беретіндер көп. Тек арнайы белгіленген орындардан ғана өту керек, мысалы, аспалы көпір, темір жолды кесіп өтуге арнайы төсемелерді пайдаланған жөн. Біздің қызметкерлер желілік тәртіп сақшыларымен бірлесе отырып жергілікті темір жол маңында тұратын тұрғындармен ұдайы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырады. Мұндағы мақсат – жаяу жүргіншілерді темір жолда жүру ережелерімен, жол белгілерімен таныстыру, сақтық шараларына шақыра отырып жолда жүру мәдениетіне тәрбиелеу, – деп атап өтті тағы да қауіпсіздік қызметінің бастығы.  

Мамандар темір жолды белгіленбеген жерден кесіп өтудің қауіптілігіне қоса шығынын да ескертеді. Яғни, рұқсат етілмеген жерлерден өткен жағдайда ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 559-бабына сәйкес 3 АЕК, ал малдың темір жолға шығуына байланысты 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.  

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті