Тілсіз жаумен күресте теміржолшылар үлесі зор

Әлеумет
09.09.2022, 09:13
Сурет «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен алынды
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қостанай облысындағы алапат өртті сөндіруге атсалысқандар қатарында теміржолшылардың да үлкен тобы болды. Елді мекендеріне оралған оларды халық нағыз батырлардай қошемет-құрметпен қарсы алды.

 Енді ше?! Тілсіз жаудың қоршауында қалған Қостанай облысының ну орманы мен Аманқарағай, Лесное, Озерное, Бағаналы және Калинино ауылдарын өрттен құтқару нағыз жан алып, жан берген арпалыс болғаны рас. Өртті сөндіруге еліміз бойынша 224 техника, 7 әуе кемесі, 5 өрт сөндіру пойызы, жеке құрамнан 2193 адам жұмылдырылған. Тілсіз жауды құрықтауға теміржолдан Құсмұрын, Тобыл, Есіл, Қостанай, Атбасар станцияларының өрт сөндіру пойыздары жөнелтілді. Ал Жаңа-Есіл станциясының өрт сөндіру пойызы резервте тұрды. Пойыздар 1997 текше метр сумен жабдықталып, тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істеді. Одан бөлек 250 теміржолшы тілсіз жаумен күреске қатысты. Бүгінде өрт салдарынан 23 теміржолшы отбасы жапа шеккені мәлім болып отыр.  

Қостанайлықтардың басына төнген қиын-қыстау кезеңді қазақстандықтар бірге бөлісіп, көмек қолын созуда. Өрттен зардап шеккендерге көмек беруге арналған бірыңғай қоғамдық   қор құрылды. Соңғы деректерге сүйенсек, бүгінде қорда жиналған ақша мөлшері 490 млн теңгеден асып отыр. «Қайырымдылық KZ» қорының өкілі Батырбек Ахметовтің айтуынша, арнайы комиссия тұрғындардың шығынын есептеп, сол деректерге сәйкес зардап шеккендерге көмек беріледі екен. Артылған ақшаға ауданды көгалдандыру жұмыстары жүргізілмек.  

Өрт болған өңірге Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев барып, зардап шеккен тұрғындарға Үкімет екі айда бұрынғыдан да жақсы үй салып беретінін айтқан болатын. Ізгілікті іс жасаудан «ҚТЖ» компаниясы да құр қалмақ емес. Өрттен зардап шеккендерге «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Компания қызметкерлері арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған Ұжымдық шартқа сәйкес белгілі бір мөлшерде жәрдемақы беріледі.  

– Қазір біз өрт салдарынан зардап шеккендердің шығындарына қатысты қорытынды есеп-қисапты күтіп отырмыз. Соның нәтижесі бойынша атқарушы комитет отырысы өтеді. Оған ел аймақтарындағы кәсіподақ жетекшілері түгел қатысып, қай аймақ қанша көмек бере алатынын айтады. Арнайы қор құрылып, қаражат сонда жиналатын болады. Қостанай өңіріндегі кәсіподақ ұйымының өкілдерінен құралған комиссия сол қаражатты орын-орнымен үлестіріп жұмсауды басқаратын болады. Ал ол комиссияға Кәсіподақтың Орталық кеңесінің басшылығы жетекшілік етеді. Яғни біз жиналған ақшаның зардап шеккендердің тұрмыстық қажеттіліктерін өтеуге ашық-айқын бөлінгенін қадағалайтын боламыз. Бұдан бөлек, Ұжымдық шарт шеңберінде жәрдемақы беріледі, – деп атап өтті «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасының орынбасары Жұпарбек Сәбитов.  

Сонымен қатар, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да арнайы комиссия құрылып, қор ашылып, теміржолшылар тарапынан қаражат жиналғалы жатыр. Яғни, өрттен зардап шеккендерге үш жақты, яғни бірінші – Ұжымдық келісімшарт шеңберінде, екінші – «Қазкөліккәсіп» ҚБ, үшінші – «ҚТЖ» ҰК» АҚ тарапынан қаржылай көмек көрсетілмек. Зардап шеккен теміржолшылардың қатарында 2019 жылдың «Жыл машинисі» аталған тепловоз машинисі Владимир Гейгер бар. Владимирдің жұбайы Оксана Гейгер Аманқарағай станциясында тауар кассирі болып қызмет етеді. Екі бала тәрбиелеп отырған ерлі-зайыптылар үшінші сәбилерін күтіп отыр. Ең бастысы, үй-жайы өртеніп кетсе де отбасының амандығына шүкіршілік еткен Владимир Гейгер Үкімет, өзі адал еңбек етіп жатқан ҚТЖ компаниясы баспанасыз қалдырмай, алдағы күндері бәрі жақсы боларына сенім білдірді.  

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты