Теміржолшылар қан тапсырды

Әлеумет
24.11.2023, 16:16
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

ҚТЖ қызметкерлері донорлық қанды қажет ететін азаматтар үшін қашан да қан тапсыру акцияларына белсене қатысып келеді. Бүгін, 24 қараша күні  де компанияның бас ғимаратында Ғылыми-өндірістік трансфузиология орталығы ұйымдастырған Донор күні көшпелі іс-шарасына 100 жуық теміржолшы қатысып, қан тапсырды.  

Донор қаны ауыр жарақат алғанда, ота жасатқанда, балалар және инфекциялық ауруларда, септикалық күйге түскенде, күйік шалғанда немесе уланғанда адам өмірін сақтауға көмектеседі. Мұның мәні зор игілікті іс екенін жеткізе келе аталған орталық әртүрлі кәсіпорындардағы қызметкерлерді қайырымдылық іске атсалысуға шақырады. Осы ретте ҚТЖ-да ең көбі 20-30 жылдан бері донор болып келе жатқан теміржолшылар бар екенін айта кету керек. Солардың бірі компанияның Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясының бас менеджері Саяна Доспанова 1998 жылдан бастап донорлық қан тапсырады.  

– Қан тапсыруды 18 жасымда бастадым. Жылына 3-4 рет қан тапсырып тұрамын. Ең басында жақын танысым қиын жағдайға тап болып ота жасатты, соған қан тапсыруға тура келді. Одан кейін өзім ерікті түрде тапсыруды әдетке айналдырдым.  Денсаулығым өте жақсы, аса бір ерекше спорт түрімен де айналыспаймын. Тамағым да бәрімен бірдей. Тек ет жегенді жақсы көремін. Негізі адамның қаны 2 айда орнына келеді. Қан тапсыру алдында 24 сағат бұрын майлы, ащы тамақ жемей, ағзаны дайындаймыз. Келген соң саусақтан қан алып, қан құрамын тексереді. Жасыңыз 18-ден асқан, салмағыңыз 50 келіден жоғары, қан қысымың қалыпты, қан құрамың дұрыс болса, қолыңнан донорлық қан алуға жібереді. Сонымен қатар басқа кез келген ауру бойынша есепте тұрмаған болуың керек. Менің қан тобым  - І (оң). Жасым - 43-те, бір балам бар, денсаулығым сыр беріп көрмепті, бәлкім осы қан тапсыруды әдетке айналдырғанымның арқасы да шығар, –  дейді С. Доспанова.  

     Теміржолда 22 жылдан бері еңбек ететін, ал донор болғанына 18 жылдан асқан Алмагүл Қияшеваның «Құрметті донор» деген атағы бар.  

– Бас есептеуіш орталықта менеджер болып істеймін. Бізге тіркеуде тұрған донор болған соң, қан қажет кезде алдын ала поштамызға, телефонымызға хабарлама келеді. «Донор жадынамасы» деген бар, сол бойынша қан тапсырар алдында 72 сағат бойы құрамында аспирин, басқа да анальгетиктер бар дәрілер қабылдамау, 48 сағат бойы ішімдік ішпеу, 24 сағат бұрын майлы, ащы, сүрленген, сүт тағамдары мен жұмыртқадан бас тарту, 2 сағат бұрын темекі шекпеу, қан тапсыратын күні таңертең жеңіл таңғы ас ішу, 5-10 минут бұрын міндетті түрде тәті шәй ішу талап етіледі. Ал қан алып болғаннан кейін екі күн бойы сұйық тамақ көп ішу, 14 күн ішінде екпе салдырмау, бір күнге дейін ауыр зат көтермеу, денеге салмақ салмау, ішімдік ішпеу сияқты талаптар қойылады. Донор болғанның тағы бір жақсы жағы – медициналық тексеруден жиі өтіп, қан құрамындағы гемоглобинді, холестерин мөлшерін, сонымен қатар АИТВ мен гепатит В,С аурулары бойынша да денсаулығыңызды біліп отырасыз, - дейді донор теміржолшы.    

Мұндай көшпелі қан тапсыру акциялары ҚТЖ-да жылына бірнеше рет өткізіледі. Ғылыми-өндірістік трансфузиология орталығының дәрігері Меруерт Жәдігердің айтуынша, ҚТЖ қызметкерлері – елордадағы ең белсенді донорлардың қатарында.

Айта кетсек, бүгінгі қан тапсыруға 134 адам өтінім берген, бірақ оның 92-і ғана қан тапсырып үлгерді. Оның ішінде 10 адам тұрақты түрде жылына үш рет қан тапсырып тұрады екен.  

Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады