Атырауда спорттық шаралар әлі де жалғасып жатыр

Спорт
22.08.2019, 14:31
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырауда теміржолшылар күні қарсаңында басталған спорттық шаралар әлі де жалғасып жатыр. Жуырда мақаттық теміржолшылар арасында шағын футбол мен үстел теннисінен жарыс өтіп, оған аудандағы теміржол саласының тоғыз командасы қатысты.

Шағын футболдан бақ сынасқандар екі топқа бөлініп, жеңген командалар жүлде жолындағы сайысты әрі қарай жалғастырып отырды. Осылайша, жеңімпаздар іріктелді. Ерекше ойын өрнегімен көзге түскен Мақат локомотив пайдала ну депосынан құралған команда жүлделі бірінші орынды иеленсе, екінші орынды жөндеу депосы командасы еншіледі. Ал, үшінші орында Мақат станциясының командасы көрінді.

Үстел теннисі де тартысты, қызықты өтті, теміржолшылар әбден машықтанған кәсіби теннисшілерден кем түспеді. Мұнда қалпына келтіру пойызы командасы бірінші орынды иеленсе, жол дистанциясы командасы екінші орыннан көрінді. Жөндеу депосының жігіттері үшінші орынды місе тұтты. Барлық жеңімпаздар сый-сыяпатпен марапатталып, арнайы дипломдарға ие болды.

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?