Кубогқа кім лайық?

Спорт
18.09.2019, 20:23

Қарағанды-Сұрыптау станциясында жақында өткен «Қазпрофтранс-2019» теміржол футбол лигасының кубогі» турнирі өз мәресіне жетті.

Ақтық финалға өңіраралық турнир кезеңдерінің жеңімпаздары, атап айтқанда, Қарағанды локомотив пайдалану депосы, «Қарағандытранстелеком» филиалы, Көкшетау электрмен жабдықтау дистанциясы, Қызылорда локомотив пайдалану депосы, «Құрық порты» ЖШС, Семей белгі беру және байланыс дистанциясы қатысты.

Шеңберлік жүйеде екі күн бойына өткен жарыс нәтижесінде екінші жыл қатарынан тәжірибелі, әрі ауызбірлігі мықты Қарағанды локомотив депосы бірінші орын алды. Ұйымдастыру комитеті бірнеше аталым бойынша спортшы теміржолшыларды марапаттады. Мәселен, «Үздік ойыншы» аталымымен локомотив депосының есепшісі Думан Қуандық, «Құрық порты» ЖШС менеджері Азамат Елтаев, Қарағанды ТТК электр механигі Асхат Тайбасаров, ЭЧ-6 электр механигі Роман Ушаков, машинист көмекшісі Сұлтан Әбілов және ШЧ-29 талдау жасаушысы Ғалымжан Хабиғали осы марапатқа ие болды. Ал жалғыз өзі 9 гол салып, «Үздік шабуылшы» ретінде танылған Қарағанды ТТК электр механигі Бауыржан Шакиев болды.

– Теміржолда кәсіподақ комитеті жұмысшылардың спорттық шараларға қатысуын ерекше қолдау білдіреді. Әрине, әр компания үшін табыс пен экономикалық өсім маңызды, бірақ сол өсімді қамтамасыз ететін жұмысшы персоналдың денсаулығы, ауызбіршілігі, командалық рухының мықты болуы да бірінші кезекте қарастырылуы керек, – дейді Қарағанды ЖТ бөлімшесінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Ғалым Ермекбаев.

Жеңімпаз команда биыл маусым айында кәсіподақ атынан Республикалық салааралық спартакиада да ойын көрсеткен болатын. Ел көлемінде өткен ол жарысқа 12 салалық кәсіподақтар командалары қатысып, қарсылас металлургтер, энергетиктер және басқаларының мықтылығына қарамастан қарағандылық локомотившілер бас жүлдені алған еді. Осындай ерліктері үшін де кәсіподақ ұйымы жеңімпаз командаларды барлық жағынан қолдап отыратынын жеткізді. 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?