Stadler төрт осьті жүк электровозын таныстырды

Әлемде
17.06.2026, 09:57
Сурет: Stadler

Stadler компаниясы Валенсиядағы (Испания) зауытында Швейцария федералдық теміржолының (SBB) құрамына кіретін SBB Cargo Schweiz жүк операторы үшін арнайы жасалған EURO DuFour төрт осьті магистральдық локомотивін таныстырды, деп хабарлайды Rail-news.kz

Stadler бұл локомотивтердің түрлі модификацияларын 2024 жылғы қыркүйекте жасалған негіздемелік келісімшарт бойынша жеткізеді.

Қазіргі уақытта SBB Cargo Schweiz операторы 36 электровозға тапсырыс берді, оның 22-сі тартымдық аккумуляторлармен жабдықталған. Негіздемелік келісімшартта тағы 93 машинаға дейін сатып алу мүмкіндігі қарастырылған.

Stadler компаниясы EURO DuFour локомотивін Еуропада кең таралған Alstom және Siemens компанияларының төрт осьті локомотивтерімен бәсекелесе алатын жаңа буын электровозы ретінде таныстырып отыр. Бұл электровоз айнымалы тоқпен (25 кВ, 50 Гц немесе 15 кВ, 16,7 Гц) немесе тұрақты тоқпен (3 немесе 1,5 кВ) электрлендірілген желілерде еркін жүре алады. Тартым жетегінде үш деңгейлі инверторлық технологияны қолдану қуат тиімділігін арттыруға мүмкіндік берген. Нәтижесінде EURO DuFour локомотивінің энергия тұтынуы қазіргі қолданыстағы парк машиналармен салыстырғанда 15%-ға төмендеген.

Сонымен қатар, бұл локомотивтің экологиялық таза дизельдік қозғалтқышы бар немесе жалпы қуаты сәйкесінше 1 МВт және 2 МВт-қа дейін жететін тартымдық аккумуляторлары бар гибридті нұсқалары да қарастырылған.

Локомотивтің шанағы тұтас құйылған жеңілдетілген конструкциядан тұрады. Бұл оның салмағын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді (тек электрмен жүретін нұсқасында 80 тоннаға дейін). Осының арқасында электровоз осьтік жүктеме шегі төмен екінші дәрежелі теміржол желілерінде де жүре алады. Локомотив сағатына 160 шақырымға дейін (ал жолаушылар таситын нұсқасында 230 км/сағ-қа дейін) жылдамдық алады. Оған DAC сандық автотіркегішін немесе гибридті тіркегішті орнатуға болады. Жақсартылған арбашалардың арқасында жолдың тозуы нарықтағы басқа локомотивтермен салыстырғанда 20%-ға азайған.

2026 жылдың екінші жартысында EURO DuFour локомотиві Велимдегі (Чехия) сынақ полигонында тексерістен өтеді. Ал 2027 жылы ол Швейцарияға жеткізіліп, пайдалануға рұқсат алу процедураларынан өтеді. Бақылау мақсатындағы қолданыс 2027 жылдың соңында басталады, ал алғашқы тапсырыстағы барлық 36 локомотивті жеткізуді 2029 жылдың наурызына дейін аяқтау жоспарланған.

Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды