Атырау магистральдық желі бөлімшесінде цифрлы байланыс нығаюда

Цифрландыру
22.11.2022, 09:33
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау магистральдық желі бөлімшесі өндіріске жаңа технологияларды енгізуді жалғастыруда. Биылғы жылдың 3-ші тоқсанында Атырау белгі беру және байланыс дистанциясы бойынша пойыз қозғалысы кезінде жылжымалы құрамның техникалық жағдайын автоматты түрде бақылауға арналған жүріс модульдерін орнату жұмысы толық аяқталды. Ол Атырау – Қиғаш телімінің Аққыстау, Исатай, Афанасьево бекеттеріне орнатылды.

Сондай-ақ 465-разъезде қазан айының соңында жаңа типті модернизацияланған электрлік орталықтандырылған пост (ЭЦ) салынып, пайдалануға берілді. Енді өңірде бағдаршамдар мен бұрмалардың жұмысы, жалпы байланыс саласының жұмысы бұрынғыдан да жақсара түсті.  

Атырау мен Д.Нұрпейісова станцияларының аралығы 293, 6 шақырымды құрайды. Осы аралықтағы барлық байланыс құралдарына Атырау белгі беру және байланыс дистанциясы қызмет көрсетеді. Екі аралықта 22 станция мен 22 бөлік пункт бар және осындағы 274 бұрма, 689 белгі беру, екіжақты 294 сигнал құрылғылары электрлендірілген орталыққа қосылған. 25 өткел АПС құралымен, ал барлық шағын бекеттер АЛСН қондырғысымен жабдықталған.  

– Бүгінде заманға сай барлық құралдар электрлендірілген және цифрлық басқаруға көшуде. Мәселен, КТСМ қондырғысы жүріп келе жатқан пойыз доңғалақтарының ақауын тез тауып, көрсетеді. Бәрі компьютерде тайға таңба басқандай көрініп тұрады. Сол секілді бағдаршам, бұрмалар, басқа да құралдар жұмысы, оларды уақытылы жөндеу де үнемі назарымызда. Станцияда ДХ-500 – цифрлы тікелей жедел техникалық байланыс та орнатылды, онымен барлық теміржол мекемелерімен шұғыл байланысқа шығу мүмкіндігі мол, – дейді бөлімшенің СОБ және электрмен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Амангелді Бержанов.  

Оның айтуынша, DX-500 арқылы телефон байланысы арқылы халықаралық сөйлесулер коммутатордың қосуынсыз немесе «8» байланыс нөмірінсіз де мүмкін, яғни сөйлесулер жедел әрі тегін.  

Ресейдің Астрахань қаласымен шектесетін Ақсарай-2 мемлекетаралық түйіспе пунктінде Қазақстан бойынша экспедиторлардан транзиттік төлемдерді уақытылы алу мақсатында жүк кассирлері мен пойыз қабылдаушыларға арнап автоматтандырылған қосымша жұмыс орындары өз қызметін жүргізуде. Бұл шекарада еңбек ететін қазақстандық теміржолшылар үшін жүйелі жұмыс тәсілі болып табылады. Сондай-ақ, Бәйтерек және Бекбике станциялары бойынша да пойыздар және вагондармен атқарылған жұмыстардың мәліметтерін ақпараттық жүйеге мерзімінде өткізу мақсатында станция кезекшісіне арнап қосымша автоматтандырылған жұмыс орындары қамтамасыз етілді. Бұрын қанша вагонның келіп кеткені, станция жұмысына қатысты басқа да мәселелер телефон байланысы арқылы айтылса, енді барлық ақпарат автоматты түрде компьютерде көрініп тұрады.  

Сағыз станциясынан Ганюшкино станциясына дейінгі жол телімі ВОЛС желісіне қосылып, мұнда да ақпаратты үлкен көлемде және шұғыл беруге жағдай жасалған. Белгі беру және байланыс шаруашылығы бойынша бірқатар учаскелерде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүріп бара жатқан қозғалмалы құрамның техникалық жағдайына автоматты бақылау жасайтын құрылғы (КТСМ) іске қосылды. Атап айтқанда, Құлсары және Атырау дистанцияларында Мақат-Құлсары учаскесі бойынша Бек-Бике разъезінде, Құлсары-Бейнеу учаскесінде Қоркөл станциясында, Атырау – Ақсарай учаскесі бойынша Тұманды мен Д.Нұрпейісова бекеттерінде 7 дана контейнерлік типтегі жаңартылған модульді техникалық құралдар кешені орнатылған. Мақат, Ақжайық станцияларында «Модернизация ЛАЗ» жобасы аясында желілік-аппаратты залдарда каналдарды нығыздаудың жаңа буынды қолжетімді, заманауи интеллектуалды мултисервистік концентраторға модернизациялау жүзеге асырылған.  

 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады