Вагон жетіспеушілігі жоқ

Инфрақұрылым
26.12.2018, 12:06

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ бас директорының операциялық жұмыс жөніндегі орынбасары Мұқтар Жамбыловтың мәлімдеуінше, ағымдағы жылдың 11 айында 233 млн тонна жүк тиелсе, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 6% артық.  

Соның ішінде Қазақстан бойынша 156 млн тонна тасымалданса, экспорт – 77,5 млн тонна. Ал астық 7,8 млн тонна тиелсе, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 57% көп. Қазақстандық астық пен ұнның негізгі тұтынушылары – дәстүрлі Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан және Иран. Жыл соңына дейін 11 млн тоннадан астам астық тиелсе, бұл өткен жыл деңгейінен 30% артық. Сонымен бірге экспортқа 8,7 млн тонна жөнелтілсе, өсім 47% құрап отыр.

«Нұр Отан» партиясының «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» Сайлауалды бағдарламасының «Индустриялық даму» бағыты бойынша партия отырысында теміржол көлігімен биылғы астық тасымалы жайлы осындай мәліметтерді алға тартқан Мұқтар Жамбылов вагон жетіспеушілігі жоқ екендігін жеткізді. Республикада әр түрлі жеке иелікте 135 мың вагон тіркеуде болса, оның 39% пайызы «Қазтеміртранс» АҚ иелігіндегі вагондар.

– Ағымдағы жылдың 11 айында «Қазтеміртранс» АҚ вагондарына тиелген астық көлемі 23,7 млн тонна болса, бұл барлық экспорттың 30% шамасын құрайды және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 млн тоннаға асқан. Шамамен астықтың 51% «Астық Транс» АҚ және «Теміртранс» АҚ вагон паркіне тиелген, - деген ҚТЖ өкілінің айтуынша, биылғы астық пен ұнтақ өнімдерін тасымалдау үшін жылжымалы құрамның жетіспеушілігі астық тасушылардың және вагондар айналымы уақытының аздығымен тікелей байланысты.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ мәселені шешуді Ауыл шаруашылығы министрлігі атынан Азық-түлік корпорациясының астық сатып алу бойынша интервенция жүргізу қажеттігінен көреді. Бұл жыл бойы өнімдерді біркелкі тасымалдауға мүмкіндік беріп, маусымдық дүрбелеңді болдырмайды.

Көршілес теміржол әкімшіліктерінің инфрақұрылымдық шектеулері, сондай-ақ қазақстандық порттардың астық терминалдарының өткізу қуаты орташа вагон ағымын айтарлықтай арттырады. Мысалға, экспорттық қатынасқа жөнелтілген астықтасушы-вагондардың орташа айналымы 33 тәулікті құраса, есептік айналымда 15 тәулік, жүк операцияларында орташа тұрып қалу уақыты 6,2 тәулікті құраған.

А. ИСАҚОВ, Астана 


Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?