Даңқты депо: кеше және бүгін

Инфрақұрылым
28.12.2018, 13:50

Сыр бойындағы теміржолшылар, оның ішінде Қызылорда локомотив пайдалану депосы жайлы сөз қозғалса, алдымен осы өңірден шыққан даңқты теміржолшылар әулеті ауызға алынады. Еңбегімен елге танылған теміржолшылардың, машинистердің өнегелі өмір бүгінгі буынның зердесінде сақтаулы. 

 Мәселен, өзінің саналы ғұмырын локомотив депосында өткізген Социалистік Еңбек Ері, құрметті теміржолшы Оразбай Әбішев бүкіл сыр елінің мақтанышы. Ал Ұлы Отан соғысы жылдары деподан майданға шақырылған 230 адам НКПС-тің ерекше резервінде соғысқа қатысқан, олардың арасында Қызылорда паровоз депосының машинистері П.А.Спирин екі мәрте «құрметті теміржолшы» атағын алып, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталса, 1945 жылдың шілде айында нөмірі 7 колонна үкіметтің ерекше тапсырмасымен Жоғарғы Бас қолбасшы Сталин мен үкімет делегациясын Подстам конференциясына алып бару құрметіне ие болған. Сонымен қатар ауыр жараланған жауынгерлердің санитарлық пойызын майдан шебінен алып шығуда көрсеткен ерлігі үшін сол кездегі депо машинисі В.Дубинге Социалистік Еңбек Ері атағы берілген. Бір ғана Қызылорда депосындағы айбыны асқақ ерліктің үлгісі осындай даңқты беттерге толы және ол жалғасын табуда. Машинист көмекшісі болып жұмыс жасаған В.Шиповских – бүгін ҚР мәжіліс депутаты. Міне, депо ауласында тұғырда тұрған «көненің көзі» шойын паровоз осының бәріне куәгердей қасқайып тұр.

Ерліктің тек қана майданда ғана емес, бейбіт күнде де салтанат құратынына Оразбай Әбішевтің еңбегі дәлел дей аламыз. Одан бергі жерде бейбіт заманда ерен еңбектің туын желбіреткен машинистер ұжымы әрдайым алдыңғы қатардан көрініп, даңқты әріптестерінің ерлігін жалғастыруда десек, артық айтқандық емес. Жұлдызбай Мұсаев басқаратын депоның жыл басынан бергі атқарған жұмыс көрсеткіштері, алған асуы, жеткен жетістігі ұжымда ғана емес бөлімше бойынша да ерліктің үлгісі саналады. Депоның жетістігін бөлімше директоры Аманкелді Арысбаев әріптестері арасында құрметпен атап, өзгелерге үлгі етуде.

Депоның шаруашылығындағы тепловоздардың бәрі заманауи құрылғылармен жарақталған. Жыл басынан бергі уақытта депо машинистері жалпы үнемдеу тұрғысында алдыңғы қатарға шықты. Бұл депо басшылығының өндірістік жұмысты оңтайлы ұйымдастыруына қарай бейімделген машинистердің де тәжірибесі мен білім-білігінің жоғары деңгейде және машинистермен өткізілетін пысықтау инструктажының, техникалық сабақтардың көмегі мол екенін көрсетсе керек. Оның үстіне тепловоздарға орнатылған заманауи өлшеу құрылғылары мен технологиясы да тиімділігін көрсетуде.

Бұған дейін көршілес бөлімшелердің депо машинистері арасында дизель отынының тепловозға қажетті мөлшерден аз босатылуы мүмкін деген күмәнді сөздер айтылатын еді. Алайда оның нақты дәлелі көрсетілмеген-ді. Биыл желтоқсан айында бөлімше басшысы Аманкелді Қонысбайұлы бастаған комиссиялық құраммен Шиелі станциясында тепловоздардың дизель отынымен қамтамасыз етілуі екіжақты тексеруден өткізілді. Комиссия мүшелерінің көзінше дизель отыны тепловозға құйылды, құйылған дизель отынын өлшегенде «шөміштен қысу» жағдайы болмаған, ешқандай кемшілік анықталмаған және бұған дейін де берілетін дизель отынының қажетті мөлшерде құйылып келгендігі анықталған. Тексеруге ТЭК басшысы Талғат Тұрлыханов, Қызылорда локомотив пайдалану депосы басшысы Жұлдызбай Мұсаев, Түркістан локомотив пайдалану депосының басшысы Мақсұт Іскендіров, ЖІІБ өкілдері, Шиелі станциясының бастығы Сейфулла Файзуллаев, Шиелі айналым депосының басшысы Серік Шерімбетов қатыстырылып, бақылау жасалды.

Аймақтағы деполарда «АСУ-ЭДТ»-Энергодиспетчерлік тартымды автоматты басқару жүйесі құрылғысы орнатылған. Бұл құрылғы тепловоздың және тепловоз машинисінің деподан шыққаннан бастап депоға қайта оралғанға дейінгі барлық жүріс әрекетін жазбаға жазып, электронды түрде өз-өзінен құжаттап отырады. Қолына құрылғы карточкасы берілген машинист сапардан оралғанда құрылғы тетігіне салып тіркеп, жұмыс есебін тексере алады. Бұл машинистерге де, есеп жүргізуші мамандарға да тиімді болып табылады. Қазіргі таңда тепловоздарда ТЭК-тің де, ЖТ бөлімшесінің де пломбылары қойылған.Тепловоздың жүрісі, жылдамдығы, тоқтауы, жалпы алғанда барлық әрекет жазылып, хатталып тұрады. Оны тепловоз машинисінің өзі де сапардан оралғанда тексере алады.

– Қызылорда локомотив пайдалану депосының машинистері биылғы жылы жанармайды үнемдеу бойынша бірінші орында. Жалпы депоның жұмыс көрсеткіштері де жоғары деңгейде орындалып, аймақтағы үздік мекеменің қатарында келеді, – дейді бөлімше директоры Аманкелді Арысбаев.

Машинистердің жұмысының жемісті болуы үшін депо мамандары арнайы сабақтар өткізуді әдетке айналдырған, машинистер тактикалық, практикалық оқыту курстарына қатыстырылып, техникалық сабақтарды жиі ұйымдастырады. Сонымен қатар еліміздегі білім жетілдіру курстарынан білім жетілдіріп, біліктілік деңгейін жоғарылатып отырады.

Бүгінгі таңда Қызылорда локомотив пайдалану депосының жолаушылар тасымалына қызмет көрсетуі арақашықтығы 628 км Шиелі-Сексеул телімі, жүк тасымалының қызмет көрсетуі арақашықтығы Шиелі-Қазалы станцияларының аралығында 448 км құрайды. Шиелі және Қазалы станцияларында айналым депосы бар. Машинистер Жаңақорған, Шиелі, Белкөл, Қызылорда, Тереңөзек, Жалағаш, Төретам және Қазалы станцияларында маневрлік жұмыстарды қамтамасыз ететін депо ұжымының 11 айдағы тасымалдау жұмысының 12 185,026 мың т/км.брутто жоспарлы бағамы 13 576,564 мың т/км.брутто көлемінде атқарылып, жоспар 111,42 пайызға орындалып отыр.

– Биылғы 11 айдағы өндірістік жұмыс көрсеткіштерінің жоспары бәрі 100,19 бен 111,42 пайыз аралығында орындалып отыр, – дейді үздік депо басшысы Жұлдызбай Ақпанұлы.

Сондай-ақ, үздік ұжым 11 айда 52,02 км/сағатқа белгіленген пойыздардың техникалық жылдамдығының жоспарын 52,12 км/сағатқа жеткізіп, межені 100,19 пайызға орындаған, пойыздың орташа салмағының 3162,0 тонналық межесінің жоспарлы бағамы 3162,0 тоннаға жеткен. Локомотивтердің орташа тәуліктік өнімділігінің 2493,07 мың т/км брутто көрсеткіші 2521,67 мың т/км бруттоға жетіп, жоспар 101,15 пайызға орындалған. Локомотивтердің орташа тәуліктік жүрісінің жоспары 820,82 шақырым болса, оның орындалуы 827,32 км немесе 100,79 пайызға орындалыпты. Локомотивтердің жалпы жүрісінің 7229,483 мың шақырымдық жоспары 7886,498 мың шақырыммен орындалып, жоспар 109,09 пайызға орындалған.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Суреттерді түсірген Өмірбай Түменбай


ҚТЖ келбеті
05.03.2026
Вокзал дикторының хоббиі
Аймақтар
05.03.2026
Әйел – әр шаңырақтың ажары
Әлеумет
05.03.2026
«Нұрлы жол» вокзалында конституциялық реформалар мен алдағы референдум талқыланды
Қауіпсіздік
05.03.2026
Теміржол вокзалында балалар қауіпсіздігіне арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Қауіпсіздік
04.03.2026
Шымкентте теміржолдағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселесі талқыланды
Әлемде
04.03.2026
Белград-Будапешт жоғары жылдамдықты желісі жүк тасымалы үшін қолданысқа берілді
Жаңалықтар
04.03.2026
Теміржол инфрақұрылымын су тасқыны кезеңіне дайындау мәселелері талқыланды
Жүк тасымалы
04.03.2026
Қытай-Еуропа теміржол тасымалының әлеуеті артпақ
Жаңалықтар
04.03.2026
Теміржол саласын жаңғыртудағы әйелдердің рөлі
Жаңалықтар
03.03.2026
ҚТЖ мен Wabtec стратегиялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Аймақтар
03.03.2026
Ел дамуының стратегиялық бағыты
Жүк тасымалы
03.03.2026
Алашаңқайдың әлеуеті артқан
Аймақтар
03.03.2026
Маңғыстау локомотив депосы жаңа тепловоздармен толықты
Аймақтар
03.03.2026
Электр желілері мен байланыс жүйесі жаңартылды
Аймақтар
03.03.2026
Тараз станциясында еңбек қауіпсіздігіне арналған тренинг өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
03.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №16 03 наурыз 2026 жыл
Жаңалықтар
02.03.2026
ҚТЖ-да қозғалыс қауіпсіздігі мен өндірістік көрсеткіштер оң динамика көрсетуде
Аймақтар
02.03.2026
Шар станциясында «Заң керуені» республикалық акциясы өтті
ҚТЖ келбеті
02.03.2026
Тәжірибелі тәлімгер
Қауіпсіздік
02.03.2026
Павлодарда 300-ге жуық адам жол ережесін бұзған