Атыраулық теміржолшы адам өз өміріне алдымен өзі жауапты екенін айтады

Инфрақұрылым
21.01.2019, 18:44

Өндіріс қауіп-қатерсіз болмайды, қозғалыс бар жерде еңбек бар, еңбек бар жерде қауіп те, қатер де бар. 2018 жылдың 12 айында Атырау теміржолы бөлімшесі бойынша қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың 5 оқиғасы тіркелген. Үлкен апат орын алмағанымен, вагонның доңғалағы рельстен шығып кету, автокөлікпен соғысу, сонымен қатар сырт адамдардың өздерінің кесірінен адам басып кету фактілері болған.     

Адамдардың өз өмірлерін қатерге тігіп, түрлі «эксперимент» жасайтыны, өкінішке орай, барлық уақытта сәтті аяқтала бермейді. Мысалы, өткен жылы бір адам өтіп бара жатқан вагонға жармасса, екіншісі вагон астынан өткен, ал тағы біреуі жол бойына шығып кеткен. Нәтижесінде екеуі аяғынан зақым алса, біреуі ауруханада жан тапсырды. Өкінішті ма? Әрине, өкінішті. Бірақ сол адамнан басқа кім кінәлі? Адамдар ең алдымен өз қауіпсіздігін жете ойлауы тиіс. Басқа ешкімнің ештеңесі кетпесі анық. Сақтық – ең алдымен өзің үшін екенін әр адам көкейде ұстауы тиіс. 

Бұлардың бәрі – станция немесе кірме жолда орын алған жағдайлар. Жалпы, қауіпсіздік инженері Ф.Қазжанованың айтуынша, бөлімшеге қарасты 1,2,3 класты станцияларда әр үш сағат сайын дыбыс күшейткіш байланыс құралы арқылы адамдарға темір жолдан өту тәртібі туралы хабарланып отырады. Вокзал басында қауіптің алдын алу мақсатында «Темір жол – қауіпті аймақ», «Темір жолдағы қауіптілік», т.б. тақырыптарда 7 бейнеролик әр 40 минут сайын көрсетіліп отырады. Станция басшылары желілік полиция мен әскерилендіріліген күзет қызметімен бірге жиі рейд жүргізеді. Бірақ, соған қарамастан әлгіндей өкінішті оқиғалар жылда қайталанады.    

 Ал вагон доңғалақтарының рельстен шығып кетуіне дөңестен вагон ағытқандағы олқылық және вагондардың артық салмақ тиеуі де әсер етіп жатады. Сондықтан жүк жөнелтушілермен бұл бағытта үнемі жұмыс жүргізіп отыру маңызды. Өйткені шамадан тыс жүк қауіпсіздікке нұқсан келтіреді.

Аталған мерзімде локомотив машинистерімен 587 шұғыл тежеу қолданылған, бұл да қауіпсіздікке зиян. Ол көбіне жол бойына малдың шығып кетуінен болады. 12 айда сондай 10 жағдай орын алған. Оның 9-да мал басып кетсе, 1-де автокөлік соғысқан. Жолаушылар пойызында да стоп-кран 4 рет тоқтатылған. Бұл вагон ішіндегі қаннен-қаперсіз келе жатқан жолаушыларға да қауіпті екені түсінікті. Бөтен адамдардың рұқсат етілмеген жерде жүруі жиілеп, сондай 240 азамат тіркеліп, әкімшілік хаттама толтырылса, 7 адамға 32 467 теңге айыппұл салынған. Жергілікті тұрғындар арасында темір жолдың қауіптілігі туралы түсіндіру жұмыстары ұдайы жүргізіліп отырады. Сонымен қатар бөлімше бойынша 418 ескерту аншлагтары мен белгілер жаңартылған, атап айтқанда: «Пойыз құрастырушы, есіңде ұста, сені үйіңде күтіп отыр!», «Пойыздан сақтан», «Адамдар, өз өмірлеріңізді сақтаңдар!», т.т.

– Станцияларда жаяу жүргінші жолдарының болуы да тексеріліп отырады. Кейбір станцияларда малдан қоршаулар жоқ, тек Жантерек станциясында жұмысшылар күшімен орнатылған. Станциялардағы радиостанциялардың жеткіліктілігі де бақылауда ұсталады. Бүгінде, мысалы, қажетті 350-дің орнына 228-і ғана бар, оның да 150-і ғана жұмыс істеп тұр екен, – дейді қауіпсіздік инженері.

Бөлімше бойынша 12 айда қозғалыс қауіпсіздігі тақырыбына барлығы 1340 техникалық сабақ өткізіліп, оған 28483 адам қатысқан, негізінен вагон қараушылар, пойыз құрастырушылар, машинистер, белгі берушілер, вагон жөндеушілер, т.б. Сондай-ақ, бөлімшедегі қозғалыс ревизоры тарапынан қозғалыс қауіпсіздігі, пойыз және маневрлік жұмыстар кезінде пойыз және техникалық құжаттамаларды рәсімдеу, сұрыптау дөңесінің технологиясы, локомотив бриагадалары мен станция қызметкерлерінің сөйлесу регламенті, станция техпроцесі мен лауазымдық нұсқаулықтар талабын орындау мәселелері қаралып, практикалық көмек көрсетілген.

Қосұйым Мұқашев, Атырау

Суретті түсірген автор


Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?