Т. Ерубаев, ҚР Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер: «Санитарл?

Сұхбат
31.03.2017, 11:34
Қазақстан теміржолшысы

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті РММ басшысы Тоқтасын Ерубаевпен сұхбатымыз санитарлық қызмет және оның талаптары тақырыбында өрбіді.

–Тоқтасын Кенжеханұлы, Көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне басшы болып келгеніңізге жарты жылға жуықтапты, жұмысты неден бастадыңыз?

–Жұмысты санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға талдау жасаудан бастадым десем болар. Біздің мамандар мемлекеттік шекарада санитарлық-карантиндік бақылау жүргізіп отырады. Бұл функция бүгінгі әлемдегі эпидемиологиялық хал-ахуалдың шиеленіскен уақытында, аса қауіпті ұмытылған аурулар мен жаңа инфекциялық аурулардың асқынған кезінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бір элементі болып табылады.     Біз әлемнің 196 мемлекетінде орындалған Халықаралық дәрігерлік-санитарлық ережеге сәйкес, Дүниежүзілік денсаулық сақтау мекемесінің нұсқауларын ұлттық құрылымдарда тиімді орындалуын қамтамасыз етудеміз. Біздің мамандар елімізге аса қауіпті және карантиндік жұқпалы аурулардың алдын алуда, сонымен қатар, денсаулыққа қауіпті және зиянды жүктерді тасымалдауда туындайтын күрделі мәселелерді кәсіби түрде, жоғары біліктілікпен шешіп келеді. Жалпы, көліктегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметі Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Денсаулық сақтау министрлігі, жеке Тұтынушылардың құқығын қорғау агенттігі және Ұлттық экономика министрлігі құрамында жұмыс істеді. Ең соңғы құрылымдық өзгеріс нәтижесінде Денсаулық сақтау министрлігіне қайта берілді. Қазіргі кезде департамент құрамындағы 16 жол басқармасында 22 санитарлық-карантиндік пунк бар, олар: 5 халықаралық темір жол өткелінде, 14 халықаралық әуежайлар мен  2 теңіз порты және «Қорғас» ХШЫО-да  тексеру-өткізу пункттерінде  жұмыс істеп тұр. Қадағалау қызметіне қандай міндет жүктелген дейтін болсақ, Департамент пен жол бөлімшесі басқармалары санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.  

– Жұқпалы індет ошағының тарайтын бір жері халық көп жүретін теміржол бойы емес пе?   Осы тұрғыда жол бойындағы әлімсақтан келе жатқан «жабайы» сауда жайлы не дейсіз?

– Жол бойындағы сауда-саттық, яғни жергілікті атқарушы органдармен белгіленбеген орындарда сауда жасау біздің құзіретімізге жатпайды, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінің №204 бабында көзделгендей, аталған бап бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар Кодекстің 685 бабына сәйкес Ішкі істер органдарымен қаралады.   Десек те, Департаменттің санитарлық-эпидемиологиялық қызметі аәуежай және теміржол вокзалдарындағы бөлшек сауда, қоғамдық тамақтану орындарына жүйелі бақылау жүргізіп отырады. Түскен шағымдар бойынша әуежай мен теміржол вокзалы басшылығы, қызмет ұсынатын мекеме басшылары, кәсіпкерлер, құқық қорғау органдары, БАҚ өкілдері мен тұтынушылардың қатысуымен вокзал мен әуежайларда қоғамдық тамақтану орындары ұсынатын тағам және азық-түлік бағасын, сапасын талқылап «Дөңгелек үстел» отырысын өткізіп тұрамыз, қаралған мәселе бойынша нақты ұсыныстар беріледі.

–Вагон-мейрамханалардағы ас мәзірін кім тексереді?  

Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес (ҚР ҰЭМ 20.03.15 ж. №240 бұйрығымен бекітілген «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидасының 150-ші тармағы) Вагон-мейрамханада тамақтар мен бұйымдардың ассортименті тиісті аумақтың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствасымен келісіледі. Сондай-ақ, жолаушыларға сатылатын астың сапасы мен ас мәзіріне сәйкестігі Департамент мамандарымен қарау кезінде тексеріледі.  

– Жол бойындағы, оның ішінде жолаушы пойыздарындағы  ауыз су талапқа сай келе ме, жалпы оның сапасына кім жауап береді?

– Бүгінгі күні жолаушылар пойыздарындағы ауыз су сапасы Департаменттің бақылауында. Өткен жылғы тексеру қорытындысы бойынша жолаушылар пойыздарының 1588 ауыз су сынамалары бактериологиялық тексеруге алынып, 10% сынамадан санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкессіздік анықталса, 2,6% су сынамасы санитарлық-химиялық көрсеткіштерге сәйкессіздігі белгілі болды. Тексеру нәтижелері бойынша санитариялық талаптарды бұзушылық бойынша жауапты тұлғаларға әкімшілік шаралар қолданылады және де бүгінгі таңда жолаушылар пойыздарының ауыз су жүйелерін жуып-шаю, залалсыздандыру жүргізуді жиілету туралы ұсыныстар беріліп, санитариялық қағидаға өзгерістер енгізілуде.  Қысқасы, департамент пен оның аумақтық құрылымдарының атқаратын қызметі – инфекциялық және паразиттік ауру бойынша эпидемиологиялық бақылау жүргізіп отыру.   Жалпы ұзындығы 15 мың шақырымнан асатын теміржол бойында мыңға жуық станциялар мен жол бекеттерінде, оның ішінде 15 халықаралық аэропорттың санитарлық жағдайын бақылауда ұстаймыз. Біздің ең басты міндетіміз – жолаушылардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету.  

– Жалпы, көліктің қай саласы бойынша тұтынушылардан арыз-шағым көп және оның себебі неде?

– Департаментке көбінесе пойыздар мен ұшақтардағы антисанитариялық жағдай туралы емес, басқа  түрлі себептермен, мысалы  әуе және теміржол көлігі үшін алынған билеттер және оны қолдана алмаған жолаушылардың сол билет ақшасын толық немесе жартылай қайтара алмаған жағдайда арыз-шағымдар көп  түседі. Өкінішке орай, ондай арыз-шағымдарды қарау біздің құзырымызға жатпағандықтан келген арыздар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация Комитетіне және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның вокзалдар мен билет кассаларының жұмысына жауапты филиалы Магистральдық желі дирекциясына жіберіледі.

– Жалпы, санитарлық қызметке байланысты біздің халық ұмтануға тиіс басты талап не дер едіңіз?

– Біздің халық ең ұстанатын, үйренетін басты талап – Санитарлық мәдениет талаптарын сақтау болмақ. Халықаралық дәрігерлік-санитарлық ережеге сәйкес, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нұсқауларын бұлжытпай орындап, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы жоғары ел болуға  ұмтылуымыз керек. Бүгінгі таңда бүкіл әлемге қауіп төндіріп тұрған  түрлі жұқпалы аурулар – бүкіл ұлт қауіпсіздігіне қатер екенін ескерсек, санитарлық сауаттылық – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты талабы деп қабылдаған жөн.

–Әңгімеңізге рахмет.  

                                                                        Әңгімелескен Төребай КЕНЖЕБАЙ

Аймақтар
03.03.2026
Ел дамуының стратегиялық бағыты
Жүк тасымалы
03.03.2026
Алашаңқайдың әлеуеті артқан
Аймақтар
03.03.2026
Маңғыстау локомотив депосы жаңа тепловоздармен толықты
Аймақтар
03.03.2026
Электр желілері мен байланыс жүйесі жаңартылды
Аймақтар
03.03.2026
Тараз станциясында еңбек қауіпсіздігіне арналған тренинг өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
03.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №16 03 наурыз 2026 жыл
Жаңалықтар
02.03.2026
ҚТЖ-да қозғалыс қауіпсіздігі мен өндірістік көрсеткіштер оң динамика көрсетуде
Аймақтар
02.03.2026
Шар станциясында «Заң керуені» республикалық акциясы өтті
ҚТЖ келбеті
02.03.2026
Тәжірибелі тәлімгер
Қауіпсіздік
02.03.2026
Павлодарда 300-ге жуық адам жол ережесін бұзған
Спорт
02.03.2026
Бейнеуде теміржолшылар арасында спорттық жарыс өтті
Қауіпсіздік
02.03.2026
Шиеліде оқушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
02.03.2026
Су тасқынына дайындық күшейтілді
Әлемде
02.03.2026
Литвада Stadler компаниясының түйіспелі-аккумуляторлы пойызы сынақтан өтуде
Жаңалықтар
27.02.2026
«КСО» АҚ-да референдум талқыланды
Жолаушылар тасымалы
27.02.2026
Жолаушы пойызға үлгермей қалған жағдайда не істеу керек?
Цифрландыру
27.02.2026
Теміржолдағы технологиялық серпіліс
Жаңалықтар
27.02.2026
Апаттың алдын алғандар
Спорт
27.02.2026
Шаңғы жолындағы жарыс
Жаңалықтар
27.02.2026
Колледж бен жұмыс берушілер бас қосты