Қауіпсіздікке арналған мобилді қосымшаны белсенді пайдаланған машинист 3 млн сыйақы алды

Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің машинист-нұсқаушысы Қайрат Абдашов қауіпсіздіктің іс-қимыл диалогы жүйесі мобильдік қосымшасына теміржолдағы өзі куә болған қателіктер мен кемшіліктерді тіркеп, олардың дер кезінде жойылуына үлесін қосты. Нәтижесінде бір жылда үш рет материалдық ынталандыруға ие болды. Ал жыл қорытындысы бойынша 3 миллион сыйақы алады.

  Цифрлы технологияның арқасында теміржолдағы өндірістік қауіпсіздік қызметін жетілдіру мақсатын көздейтін бағдарлама бойынша оған тіркелген әрбір теміржолшы ревизор қызметін атқара алады. Тек ынта-ықылас және өз саласына деген жанашыр көзқарас болса жеткілікті.

– Өндірістік қауіпсіздік бағдарламасы бойынша мобильдік қосымша пайда болғанда қатты қуандым. Енді әрбір теміржолшы қауіпті жағдайдың алдын алуына болады. Форумға қатысу барысында жаңа жүйенің критерийлерімен егжей-тегжей таныстым. Бұл деген өз саласының жанашыры болып табылатын әрбір теміржолшы үшін үлкен мүмкіндік екеніне көз жеткіздім. Өткен жылдың қаңтар айынан бастап мобильдік қосымшаға тіркеліп, күнделікті жұмыста жүріп өзім көрген кем-кетіктерді жіпке тізгендей етіп жібере бастадым. Ақпан айында 130 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сыйақы алдым. Бұл мені одан сайын ынталандыра түсті. Жүрген жерімде әрнәрсенің дұрыс-бұрысына мұқият қарайтын болдым. Қателік болса алдымен сол жерге жауапты адамға ескертіп, кейін оны жүйеге тіркеймін. Және орындалуын қадағалаймын. Осылай өткен жылы 71 кемшілікті бағдарламаға енгіздім. Оның бәрі де өз деңгейінде ретке келтірілді. Ішінде елеулі кемшілік пен қателік те, жай ғана ескертумен түзелетін олқылықтар да болды. Бірақ бағдарламаның да мақсаты сол емес пе, титтей кемшіліктің өзін елемеуге болмады, ертеңгі күні ол асқынған ауруға айналары сөзсіз, – дейді Қайрат Абдашов.

Жүйеге келіп түскен кемшіліктің бәрі іріктеліп, тіркелген материалдың саны мен сапасы және қауіптілік деңгейіне байланысты бес категория бойынша сыйақы тағайындалады екен. Соның ішінде бесінші категория бойынша іріктеуде Қайрат Абдашов тіркеген кемшіліктердің салмағы басым түсіп, жыл үздігі атанып отыр. Айтуынша, тіркеген кемшіліктер қатарында сынған есіктің тұтқасы, шамы жанып кеткен перроннан бастап, қауіпсіздікке тікелей қатер төндіріп тұрған күрделі ақаулар да табылған. Теміржол техникасының платформасында тесік, баспалдағы сынып қалған сияқты жағдайлар да кездескен.

– Өткен жыл қорытындысы бойынша Әскерилендірілген темір жол күзетінің қызметкері осы жобаның жеңімпазы болды. Ол жыл бойы қауіпсіздікке нұқсан келтіретін 55 жағдайды тіркеп қана қоймай, оның бірнеше учаскеде қайталанатынын айтып, айлық өткізу туралы ұсыныс берген еді. Қайрат та мердігер мекемелер жұмыс істеген кезде қауіпсіздік шараларын сақта- майтынын, талаптар орындалмайтынын айтып, бас инженерге рапорт жазды. Әріптесіміздің тапқандарының барлығы дерлік күрделі ақаулар. Оның бәрі сайып келгенде адам өміріне қауіпті. Сондықтан ешқайсысына жай көзбен қарауға болмайды, – дейді Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің еңбекті қорғау және экология секторының бастығы Тлектес Кундыбаева.

Жуырда Қайрат Абдашовты бөлімше басшылығы арнайы қабылдап, қауіпсіздікке қосқан үлесі үшін алғыс айтты және оның ісін көпшілікке үлгі етті.

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл