Машинистер арасындағы ару

ҚТЖ келбеті
14.04.2023, 11:31
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазалы айналым депосының локомотив бригадалары резервін тәжірибелі теміржолшы Алтынгүл Захарова басқарады. Нәзік болмысты әйел заты болса да алып техниканы бағындырған ерлер қауымына басшылық ететін оған жауапты қызмет сеніп тапсырылған.

Алтынгүл 30 жыл теміржолға қызмет етіп келе жатыр. Төрт жыл бұрын осы қызметке келгенге дейін ол теміржол саласында алған білімінің арқасында мықты тәжірибе мектебінен өтті. Еңбек жолын 1993 жылы депода тасымал құжаттарын өңдеу операторы болып бастап, 1996 жылы есептеу бухгалтері, 1998 жылы жұмыс бөлуші, 2019 жылы Қызылорда локомотив депосы еңбекті нормалау және ұйымдастыру жөніндегі инженері болып жұмыс істеді. Алтынгүлдің жолдасы да өзінің әріптесі, машинист. Төрт ұлы бар, тұңғышы үйленіп, немерелі де болып үлгерген кейіпкеріміз қызметте абыройлы, отбасында аяулы ана, адал жар, сүйікті әже болып отырған нағыз қазақ әйелі.  

«Менің міндетім – жолаушылар тасымалындағы локомотив бригадаларына ай сайын жұмыс кестесін жасау, локомотив бригадаларына демалыс беру кестесін бекіту, жыл сайын берілетін еңбек демалысын реттеу, локомотив бригадаларының жұмыс сағатының тең болуын, жұмыс жасау тәртібін қадағалау, локомотив бригадаларын іссапарға жіберу, машинистердің медициналық тексеруден уақытылы өтуіне бақылау жасау. Жұмыс әрине жауапкершілікті талап етеді, әр адамның мінезі әртүрлі, түрлі отбасылық жағдайы бар, соған ыңғайлап кесте түзіп, алдын ала келістіріп, сөйлесе білу керек. Бізге жүктелген тапсырма мүлтіксіз орындалуы үшін бригаданы басқару, жұмысты үйлестіре білу – ең бірінші қажеттілік», – дейді машинистер арасындағы ару.  

Алтынгүл Нұртазақызының әкесі де қырық жыл машинист көмекшісі болып еңбек еткен екен. Теміржолшы келіншек болашағын тек осы саламен ғана байланыстырады. Ұлдары ата-анасының ісін жалғаймын десе, қуана құптауға дайын. Себебі темір жол бұл әулеттің өмір жолына айналғалы қашан.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті