Тәжірибелі тәлімгер

ҚТЖ келбеті
03.08.2023, 10:01
Суретті түсірген автор
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Біздің кейіпкеріміз Нұржан Есалиев кезінде Отан алдындағы борышын Ауғанстанда атқарыпты. Кабулда зенитті ракеталық полкте қызмет еткен ұлы аман-есен елге оралғанда әкесі қуаныштан ұлан-асыр той жасаған көрінеді.

Бұл 1986 жылдың күзі еді.  Жамбыл магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Жамбыл электрмен жабдықтау дистанциясының электрмен жабдықтау ауданының электромеханигі Нұржан Есалиев содан бері талай тар жол, тайғақ кешуден өтті. Өмірдің ащысын да, тұщысын да татты.  

– Әкем Бекжан ол кезде Тараз станциясындағы желілік ішкі істер бөлімінде қызмет ететін. Біз тәртіпке бағынуды, адал еңбектің қадірін білуді сол кісіден үйрендік. Мен әскерден келгесін екі айдан соң «Желтоқсан оқиғасы» бұрқ ете қалды. Ол біздің отбасын да айналып өткен жоқ. Алматы қаласында белгі беру және байланыс дистанциясында еңбек етіп жүрген үлкен ағам Әбіл сол тарихи оқиғаның бел ортасында жүріп мерт болды. Әрине бізге «көлік қағып қайтыс болды» деген хабар келді. Төлбасының қазасына әкем ұзақ қайғырды, біз жұбатумен болдық. Ол кезде екінші ағам Берік Жамбыл электрмен жабдықтау дистанциясында қызмет ететін. Бір күні мені жұмысқа шақырды. Бұл ұсынысқа әкем де қарсы болмады. Екі ұлының бір ұжымда қатар жүргенін қалаған болар. Өкінішке орай, Берік ағам да өмірден өтіп кетті, – дейді Нұржан Бекжанұлы.

1987 жылдан бері бір кәсіпорында табан аудармастан 36 жыл еңбек етіп келе жатқан Нұржан Есалиев алғаш монтер болып жұмысқа қабылданған күннен бастап бірде бір рет тәртіптік ескерту алмапты. Әсіресе электр қуатымен жұмыс істейтін жерде жауапкершілік деген жай сөз емес екенін жақсы түсініп қана қоймай, жас мамандарға қайталап айтудан жалыққан емес. Шығысы Ақыртөбе, батысы Шөлдала, солтүстігі Жұма станциясы аралығындағы бағдаршамдар мен станция, разъездердің ток көзімен тұрақты қамтамасыз етілуін қадағалайтын Нұржан Бекжанұлы басшылық жасап отырған электрмен жабдықтау ауданы цехында 20 шақты маман еңбек етеді. Олардың үшеуі жас маман.

– Алғаш жұмысқа кіргенде электромантер Александр Четворов деген білікті азаматтан үйренгенім көп болды. Өте сауатты маман болатын. Бертінге дейін  аралас-құралас болып тұрдық, кейін тарихи отаны Ресейге көшіп кетті. Мен де ұстазымның жолымен жоғарыдағы үш жас маманның бірін қол астыма алып, тәрбиелеп жүрмін, – дейді тәжірибелі тәлімгер.    

 Нұржан Есалиевті күні бойы күтіп, тек жұмыс соңында кездесіп, аз-кем сұхбаттастық. Ақшолақ, Ақыртөбе жақтан келген беті екен. Мынадай күннің ыстығында шаршап-шалдыққан жанды көрмедік, күнқақты өңі шаршау болса да қимыл-қозғалысы ширақ. «Сізді биыл басшылық Құрметті теміржолшы атағына ұсынып отыр екен, білесіз бе?» деп сүйінші сұрағандай болып жеткізген жаңалығымызды да сабырлы қабылдап, жұмысын да екі ауыз сөзбен қорытындылады.  

«Біз үшін ток көзі – тіршілік көзі. Егерде болат жолдың бойында бағдаршамда немесе станцияларда ток көзі үзілсе ол қозғалыс қауіпсіздігі үшін үлкен кедергі. Қала берді станция тұрғындарына да қызмет етеміз. Жұмысымыздың маңыздылығы осында. Қысы-жазы, ыстық аптап пен суық ызғарда далада жүреміз. Оған реніш танытып жатқан ешкім жоқ, бастысы жауапкершілік. Телім бойын жағалай алып жүретін «Фермер» көлігімізде жаңа. Өйткені, жұмыс орнын жоғары деңгейде ұйымдастыруда, еңбекті қорғауда кәсіподақ тарапынан қолдау бар. Дистанция басшылығы да арнайы жұмыс киімі мен құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп отыр», – дейді кейіпкеріміз.

 

Жаңалықтар
01.09.2026
ҚТЖ оқушыларды темір жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
Цифрландыру
01.09.2026
Цифрландыру – басым бағыт
Аймақтар
01.09.2026
Жамбыл өңіріндегі теміржол байланыс жүйелері қалай жаңарып жатыр?
Жүк тасымалы
01.09.2026
Теміржол маусымның алғашқы миллиондық астығын тасымалдады
Аймақтар
01.09.2026
Сексеуілдік жолшылар жеткен жетістік
Аймақтар
01.09.2026
Тарихпен бірге жасасқан...
Әлеумет
01.09.2026
КТЖ еріктілері шалғай станциялардағы 730 бірінші сынып оқушысына мектеп жиынтықтарын жинап берді
Аймақтар
01.09.2026
Маңғыстаулық мерейлі отбасы
Әлеумет
01.09.2026
Алпамыстар мектепке барды
Жаңалықтар / Мұрағат
01.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №69 01 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
31.08.2026
Тағы төрт теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлеумет
31.08.2026
Теміржолшылардың 8 мыңнан астам баласы Қазақстан сауықтыру лагерлерінде демалды
Аймақтар
31.08.2026
Қостанайда жаңартылған теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Еліміздің үш өңірінде бес теміржол вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Өскемен-1 вокзалы жаңартудан кейін ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Тереңөзек станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Әлемде
31.08.2026
Беларусь елі теміржол арқылы жүк тасымалдау тарифін көтерді
Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Жаңалықтар
28.08.2026
Илецк-1 өткізу пунктінде жүк тасымалын арттыру мәселелері талқыланды