Үздік станция кезекшісі

ҚТЖ келбеті
02.08.2024, 08:41
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Болашақ мамандығын талассыз таңдап, соған бала кезден бейімделетін кәсіп иелері – теміржолшылар. Біздің кейіпкеріміз Мақсот Нұрбергенұлы да теміржолшылар әулетін жалғастырушы.

Әкесі Нұрберген Гурьев теміржол бөлімшесінде пойыз диспетчері болса, анасы Қалампыр апай пойыздарды сумен қамтамасыз етуші маман болып жұмыс істеген. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші, ата-ананың тәрбиесі, ықпалы балаға әсер етпей қоймайды. Мақсот та мектеп бітірген соң Гурьев теміржол техникумын «Теміржол көлігінде тасымалдауды басқару және ұйымдастыру» факультеті бойынша бітіріп, екі жыл Приморскіде әскери борышын өтеп келген соң, Гурьев-1, қазіргі Ақжайық станциясына бағыттамалы бұрма постының кезекшісі болып еңбек жолын бастайды. Ол кезде қазіргідей орталықтан басқару жоқ, бұрмалардың бәрі қолмен атқарылып, пойыздарға бір жолды ашу, бір жолға қосу қолмен ауыстырылатын. Сондықтан да «бұрма кезекшісі» бөлек бір қызмет саналатын. Содан кейін Мақсот Лакибаев Махамбет станциясына пойыз құрастырушы болып ауысады. Онда станция кезекшісіне дейін көтеріліп, бес жылдан соң бөлімшеге пойыз диспетчері лауазымына келеді. Мұнда енді бүкіл аймақ темір жолы алақандағыдай көрінеді. Соның бәрін қадағалап отыру үлкен жауапкершілік талап етеді. Мақсот Нұрбергенұлы бұл жұмысты да абыроймен атқарады. Сол кездегі жөн сілтеп, жол көрсеткен ағалары Әбілқайыров Мұрат, Өтенов Құмар, Үмбетов Жолдас сынды әріптестерін жылы сезіммен еске алады. Мақсот аға соңғы 15 жыл шамасында Атырау станциясында станция кезекшісі қызметін атқарып келеді.  

– Бұрынғымен салыстырғанда бүгінде жұмыс біраз жеңілдеген. 30-40 жылдай бұрын пойыз көп болатын, тіпті үлгермей жататын кездер болды. Ал бүгінде ондай жанталас жоқ. Сосын бұрын қолмен жасалған жұмыстар, қазір көп нәрсе компьютерлендірілген, яғни сандық технологияға көшірілді. Таблодан қай пойыз қай жерде, қандай жылдамдықпен келе жатқанын байқап отыруға болады, – дейді Мақсот Нұрбергенұлы.

Иә, кезекшінің міндеті станцияға келген пойызды қабылдап-жөнелту, сұрыптау. Сондықтан ол ең әуелі пойыз құрастырушы және белгі берушімен және жүк қабылдап-тапсырушымен тығыз жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Атырау станциясына бір ауысымда 10 шақты жүк пойызы және 4-5 жолаушы пойызы келеді. Олар аса қиындық тудырмайды. Вагондарды әр жаққа бөліп, Теңдік, Махамбет, Ақжайық станцияларына және оннан астам кірме жолдарға жіберіледі. Осы жұмыстарды біздің кейіпкеріміз абыроймен атқарып келеді.  

Мақсаттың жары Гүлнар да теміржолшы, техникалық бөлімде инженер болып еңбек етіп, зейнетке шыққан. Ұл-қыздарының екеуі ата-анасының жолын жалғап, теміржолшы болды. Нұртас Атырау станциясында пойыз қабылдап-тапсырушы, ал Айдана техникалық бөлімде еңбек етуде. Қазақстан темір жолының 120 жылдығын Лакибаевтар әулеті осындай табыспен қарсы алып отыр.  

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды