Бір буынға ұстаз болған жан...

ҚТЖ келбеті
09.09.2024, 12:33
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Қай буын болса да өзінен үлкен, алдыңғы буынның тәлім-тәрбиесін алып, тәжірибесін үйреніп өседі. Мен үшін ғана емес, аймақтағы тұтас бір буынға ұстаз болған жан – Ұлы Отан соғысының ардагері, Құметті теміржолшы, Қазақстанға еңбегі сіңген экономист Қарағұл Тоқтабаев еді.

Қарағұл Рахметұлы 1923 жылы Гурьев қаласында дүниеге келген. Әкеден 6 жасында айырылып, шешесі балық зауытында жұмыс істеген. Өзі мектеп бітіргесін Ақтөбедегі бухгалтер-счетовод курсында оқиды. Оны бітіріп енді еңбекке араласа бастағанда соғыс басталып кетеді де 18 жастағы жас жігіт Оренбург полктік мектебін бітіріп, сержант дәрежесінде Воронеж майданына аттанады. Одан Сталинград майданына өтіп, үш рет жараланса да кеңес әскері құрамында Шығыс Кавказға, одан Украина, Польша мен Чехосовакия жерлерін азат етуге қатысып, 1945 жылдың аяғында жеңіспен елге оралады. Осы кезден бастап ІІ топ мүгедегі Қарағұл аға үшін теміржолдағы еңбек жолы басталады. Ол жылдары Гурьев бөлімшесі Орынбор теміржолына қарайтын. Сонда есепші болып орналасады. Жұмыс істеп жүріп Орынбар теміржол техникумын, Москваның экономикалық институтын бітіреді. Гурьев теміржол бөлімшесінде жай есепшіден есеп-қаржы бөлімінің бастығы лауазымына дейін өседі.  

Мен 1972 жылы Ташкент теміржол институтын бітіріп келген соң, 1985 жылға дейін Қарағұл Рахметұлының қарамағында қаржы саласында еңбек еттім. Ол кезде жемқорлық, ұрлау, жымқыру деген темір жолда мүлде болмайтын. Үш жыл қатардағы есепші боласың, содан кейін барып бөлімді басқаруға рұқсат ететін. Сол жылдары  Қарағұл ағадан алған тәжірибеміз бен өнегемізді өмір бойына жұмсап келдік. Ол кісі бізді кәдімгідей тәрбиеледі, нағыз маман етіп шығарды.  Атырау, Маңғыстау өңірлерінде жаңадан темір жолдар салынып,  станциялар мен сансыз көп ғимараттар тұрғызылып жатты. Теміржолшылардан бөлек экономист мамандар өте қажет болды. Басқа жақтан келгендер ауа райына шыдамай кетіп қалады. Сондықтан Атырау теміржол техникумы арқылы жергілікті кадрларды даярлауды қолға алған Қарағұл ағаның арқасында аймақта есеп-экономист кадрларының мықты мектебі қалыптасты. Ол ол ма, бөлімшелер арасында бірінші боп Орталық есептеу машинасын қолданып, есеп қызметкерлерінің еңбегін жеңілдетуге сеп болды. «АСКОТ», «Табулятор» сынды есеп машиналарынан бастап компьютерге дейін алдымен біздің бөлімшеде енгізілді. Қарағұл ағай республикалық семинарда ол туралы арнайы баяндама жасады. Кейін Қазақ темір жолының техсоветінде қаралып, басқа бөлімшелерге қолдануға нұсқау берілді.  

Қарағұл Тоқтабаев сол жылдары Қазақ теміржолында еңбегі сіңген экономист атағын алған жалғыз адам болды. 1992 жылы республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер дәрежесімен зейнетке шыққанша жұмыстан бір күн қалған жан емес. Ұл-қыздары Мұрат, Қазына, Күләш, Роза, Сауле де теміржол саласында еңбек еткен, бүгінде бәрі де зейнеткер.

Есімі Атырау облысы энциклопедиясына енген ардагердің өмірден озғанына да талай жыл өтті. Былтыр 100 жылдығы аталмай қалды. Атырау темір жолының дамуына өлшеусіз үлес қосқан арда азаматтың есімін ұлықтап, облыс орталығынан бір көшеге аты берілсе, нұр үстіне нұр болар еді.  

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды