Вагон қозғалысын реттеушілер жайлы бір үзік сыр

ҚТЖ келбеті
27.06.2025, 09:25
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Теміржолда қауіпті емес кәсіп жоқ. Жолшы, машинист, вагон қараушы, диспетчер, станция кезекшісі – бәрі де өзіндік тәуекелі мен қауіп-қатері бар, жауапкершілігі жоғары мамандық иелері. Бүгінгі біздің кейіпкеріміз станцияның сұрыптау паркінде еңбек ететін вагондар қозғалысының жылдамдығын реттеушілер жайлы болмақ.

Тоғыз жолдың торабындағы Арыс станциясында тоқсан тарау станция жолдары бар. Ал Арыс станциясындағы сұрыптау паркінде 12 сағаттық режиммен 4 ауысымдық негізде 28 маман тынымсыз еңбек етіп келеді. Соның нәтижесінде арысы Қандығаш пен берісі Шуға дейінгі аралықта жылжымалы құрамның ырғақты қозғалысы бәсеңдемейді. Бейнелеп айтқанда, осы Арыстағы сұрыптау паркіндегі азаматтардың қолындағы таяқпен Орта Азиядағы вагон қозғалысы ұршықша иірілуде. Ержан Әбдіразақұлының Арыс станциясында вагон қозғалысының жылдамдығын аға реттеуші болып қызмет етіп келе жатқанына 38 жылға таяды. Міндетін мінсіз атқарып жүрген оның қолындағы таяқ әкесінен қалған мұра екен. Сондықтан да ол әке аманатына адалдық танытып маңдай терімен ризық-несібесін теріп келеді.  

«Бүгінде сыныптан тыс санатқа жататын Арыс станциясында негізгі тежеудің үш позициясы бар. Оның біріншісі – оператор көмегімен реттелетін тежеу жүйесі, ал екіншісі – дөңесте болса, ең соңғысы осы біздің аумағымыз. Мұнда вагон доңғалағының табаны мен рельс үстіне табандық қолмен қойылып вагон жылдамдығы реттеледі. Бұл амал өте қауіпті әрі өте маңызды. Қауіпті болатыны – өте сақтықпен іске асырмасаң оқыс жағдай орын алуы әбден мүмкін. Ал маңыздылығы жылдамдық пен арақашықтық дәл болжанбаса жылжымалы құрамға инерциямен барған вагон қаттырақ соғылып, үстіндегі жүкке зақым келуі мүмкін. Сондықтан бұл ұзақ жылдық тәжірибемен ұштасатын иірімі қызық та қиын және қауіпті кәсіп»,– деп сипаттама берді кейіпкеріміз күнделікті жұмысы жайлы.  

Қиындығына көз жеткіздік, ал қызығы қайсы дейміз. Қызығы сол, әлгі жылдамдық реттейтін табандық сырт көзге бүтін көрінетін ұзынша келген қалақтай темір болғанымен, оның миллиметрмен өлшенетін қалыңдығына көп нәрсе байланысты екен. Табандықтар апта сайын ауыстырылады. Тіпті, сол үшін дүйсенбі-жұма деген секілді арнайы күндер де бекітілген. Ал жұқарған табандық цехта өңделіп, қайта құйылады. Бір табандықтың салмағы 7,5 килограмм шығады екен. Ал вагон жылдамдығын реттеуде кемі 2 табандық қолданылады.  

«Арнайы май жағылған табандық 17-18 метрден қойылғанда вагон өз салмағымен жайлы сырғып, жұмсақ тоқтауы керек. Сондай-ақ, алдындағы жылжымалы құрамға қатты соққысыз түйісуі тиіс. Біз осы нәрсені қамтамасыз ету үшін күн-түн демей, жауын-шашынға да қарамай ашық аспан астында тынымсыз еңбек етеміз. Осыдан-ақ біздің жұмысымыз қандай екенін бағамдауға болады», – дейді Ержан Әбдіразақұлы.  

Маманның айтуынша, жалпы вагон сұрыптау ісі оңай шаруа емес. Осы жылдамдық реттеушілердің бәрі де жұмысты қауіпсіз жағдайда атқаруға мүмкіндік беретін ұзын сапты таяқшаның құндылығына риза болады екен. – Өйткені, бұл таяқ біздің қауіпсіз қызмет етудегі маңызды құралымыз. Осының бар болғаны үшін міндетімізді мінсіз атқарып келеміз. Бірақ оны ыңғайлы қолданып, еппен істете білу керек. Ал олай болмаған жағдайда өміріңе қауіп төнеді, – дейді кейіпкеріміз. Айтса айтқандай, қауіп-қатерге толы аумақта қателікке жол бермей тәулік бойы еңбек ету – айтуға оңай. Біле білсек, мұндай учаскелер мамандардың ауызекі тілінде «горячий цех» деп аталады. Кейіпкеріміз Ержанның әкесі Әбдіразақ та осы нүктеде жылдар бойы талмай еңбек етіп, зейнетке шыққан екен. Ержанның өзі қырық жылға таяды осы кәсіпті меңгергеніне. Ал оның ұлы Нұрсұлтанның өзі ата мен әке салған соқпақпен осынау қиын да күрделі кәсіптің құлағын ұстағалы он жылдан асқан. Білекті де жүректі жігіттерге тән кәсіп.  

 

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды