Тағдыры темір жолмен тоғысқан суретші

Темір жол тарихы
13.10.2022, 10:18
Әділет Мұсахаев

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі

Қазақтың маңдайына біткен саңлақ суретші Әбілхан Қастеевтің «Түрксіб» картинасын көрмеген адам кемде-кем шығар. Дала халқының шойыннан жол салып, алғаш келген отарбаны тамашалап тұрған тарихи сәті бейнеленген бұл картина шынайылығымен құнды.

Олай дейтініміз дарынды суретші осы Түрсіб темір жолының құрылысына қатысып, алғашқы пойыздың келгенін өз көзімен көрген адам және халықтың отарбаны қалай қарсы алған мезетін өз картинасы арқылы бізге әдемі жеткізе білді. Мәңгілік мұра етіп қалдырды.  

Темір жол құрылысына қатысқан суретші алғашқы жұмысын 1932 жылы салады, яғни акварельмен картинаның нобайын жасап шығады. Онда адырлы жермен көрермен жаққа ұмтылған пойыз бен түйе үстінде оның жүрісін бақылап отырған бақташы бейнеленген екен. Ал, қазір біз көріп жүрген туындысын 1969 жылы майлы бояумен салған.

Суретшінің қызы Гүлдария Қастеева «Әкеміз «Түрксіб» картинасының екінші жұмысын үйдегі шеберханада салып шықты» дейді. Бала болғандықтан ол кісі картиналарға көп мән бере қоймапты.

«Әкеміз картинасын салып біткен соң үнемі бізді шақырып, «Көріңдер, қай жері дұрыс, қай жері бұрыс» деп ойымызды білгісі келетін. Ол кезде жаспыз, көп мән бермейтін едік. «Жақсы екен» деп кете береміз», – деп еске алады Гүлдария апай.  

Әбілхан Қастаеевтің қызымен сұхбаттаса отырып, атақты суретшінің темір жол құрылысы жайлы айтқан естеліктерін жазып алдық. Айтуынша, ол кісі сол Түрксіб темір жолы салынып жатқанда жер қазушы болып жұмыс істеген. Өз әңгімесінде темір арба келе жатқанда адамдар таңқалып, бірі қорқып қашқаны туралы айтып отырады екен. Ал, пойыздың не екенін түсінетін адамдар оны қызықтап, қуана қарсы алыпты.  

Әбілхан Қастеев қазіргі Жетісу облысы Жаркент өңірінің Шежін ауылында дүниеге келген. Ауылда жүргенде Сарөзек маңында темір жол салынып жатыр дегенді естіп, 5-6 жігіт жиналып, соның құрылысына аттанады. Қазақ бейнелеу өнерінің негізін салған суретші сол жерге қара жұмысшы болып  жұмысқа алынады. Әбілхан аға жұмыстың ауыртпалығына қарамастан қолы қалт ете қалғанда сурет салады екен. Сондағы жұмыс барысын, темір жол құрылысындағы жұмысшылардың портреттерін салып беріп отырыпты. Осылайша жұмысшылар арасында суретші жігіт деп таныла бастайды. Суретшілігімен көзге түскені сондай, тіптен сол жерден оқуға шақырту алыпты.  

«Бірде ол темір жол құрылысы жүріп жатқан жердегі жартастың бетіне мұнай әлде мазутпен Лениннің портретін салады. Кейін Алматыдан келген үлкен бастықтың бірі әлгі бейнені көріп мұны кім салған деп, қызығушылық танытады. Сөйтсе ондағылар «мұны қара жұмыста жүрген бала бар, сол салған» деп жамырай жауап береді. Сөйтсе әлгі бастық «оны сурет оқуына жіберу керек қой» деп, ол жайында жиналыс ашады. Оған жұмысшылардың бәрі қатысады. «Бұл жігітті оқуға жіберейік пе, оның мінез-құлқы қандай, оқуға жібергеніміз дұрыс па?» деп сұрайды ғой. Сөйтсе біреу шығып, ол өтірік кедеймін деп жүрген байдың баласы шығар, тексеру керек депті», – деп еске алады Г. Қастеева.  

Кейін Әбілхан Қастеевтің ауылына сұрау жіберіліп, оның ата-тегі, қайдан шыққаны бәрі тексеріледі. Осы аралықта бір жылдай уақыт өтеді. Бұл кезде жұмысшылар жұмыстарын аяқтап үйлеріне аттанады. Бірақ оған салынған сұрау өз нәтижесін беріп, үйіне Алматыға оқуға келсін деген шақырту жетеді.  

«Оқуға барайын десе әкемнің ақшасы да болмапты. Ол кезде ауылдың жағдайы да мәз емес. Содан не керек, әйтеуір жиналып, бірдеңе ғып барыпты. Әкем мектепте оқымағандықтан бірден жоғары оқу орнына қабылдамаған. Ал, мектепке бар десе оның жасы 25-ке келіп қалған. «Бірінші кластың балаларының жанында қалай отырамын» деп мектепке бармапты. Содан Білім басқармасы болса керек, басқа жолын іздеп, мықты суретші Николай Хлудовтың студиясына жібереді, яғни оның кешкі сабақтарына ақша төлеп қатыстырады. Әкем орысша білмегендіктен жанына Нұрғазы Оразымбетов пен Әбіл Дәлденбаев деген студенттерді қоса жібереді. Бұл кісілер де кейін мықты маман болып шықты. Әбіл Дәлденбаев Нарынқол жақта мектептің директоры, ал Нұрғазы Оразымбетов Алматының бас сәулетшісі болған адамдар. Міне, осы кісілер әкемнің жанында тілмаш болып, Хлудовтан білім алуына септескен», – дейді Гүлдария апай.

Алдына келген қарапайым ауыл баласының өнерін көргенде атақты суретші Хлудов «қазақта да жақсы сурет сала алатындар бар екен ғой»  деп таңқалыпты. Өйткені ол кісіден тәлім алып жүргендердің барлығы орыс ұлтынан болса керек, қазақтан тек Әбілхан ағамыз барыпты.

«Әкем сол жерден акварельмен  сурет салуды үйренеді. Кейін каникулға шыққанда Хлудов әкеме бояу, қағаз толы қорапты ұстатып «сурет салуды тастама, сенен жақсы суретші шығады» деп ақылын айтқан екен. Келесі жылы сабаққа барайын десе жасы келіп қалған Хлудов қайтыс болып кетіпті. Кейін ол Мәскеуде Н.Крупская атындағы Көркемөнер студиясының кешкі оқуына қатысып, білімін жалғастырған», – дейді суретшінің қызы.

Гүлдария апайдың айтуынша, Әбілхан аға үнемі пойызбен жүргенді ұнатқан екен. Мәскеудегі съездерге пойызбен барып отырыпты. Оның үстіне, Жоғарғы кеңестің депутаты болған, соның жұмыстарымен де ары-бері пойызбен көп қатынаған екен.  

 

Аймақтар
17.07.2026
Жақсы теміржол вокзалын жаңарту жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
17.07.2026
Жаздың басынан бастап ҚТЖ теміржолдағы қауіпсіздік бойынша республикалық акциялар өткізуде
Жаңалықтар
17.07.2026
«Қазтеміртранс» АҚ 2032 жылға дейін 13 мың жүк вагонын сатып алады
Аймақтар
17.07.2026
Семей магистральдық желі бөлімшесі жартыжылдықты табысты қорытындылады
Аймақтар
17.07.2026
Сексеуіл теміржол торабында жүк тиеу жоспары асыра орындалды
Аймақтар
17.07.2026
Ганюшкинодағы жаңа вокзал қызметкерлерін Атырау телімінің басшылығы құттықтады
Жаңалықтар
17.07.2026
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ұжымына жаңа Конституцияның ережелері түсіндірілді
ҚТЖ келбеті
17.07.2026
Дарақ бір жерден көгереді
Қауіпсіздік
17.07.2026
Ақтөбе станциясында күйдіргіге қарсы оқу-жаттығу өтті
Спорт
17.07.2026
Аядай бекеттегі Азия чемпионы
Жаңалықтар / Мұрағат
17.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №54 17 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
16.07.2026
Магистральдық желі дирекциясының басшылары Арқалықта жұмыс сапарымен болды
Жаңалықтар
16.07.2026
ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойыздары Ақмола және Павлодар облыстарындағы дала өрттерін сөндіруге қатысты
Аймақтар
16.07.2026
Еңбек процесін оңтайландырған жоба
Жолаушылар тасымалы
16.07.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» бағыты бойынша жолаушылар пойызын іске қосады
Жүк тасымалы
16.07.2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалының көлемі 9%-ға артты
Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ басшылығы Шанхайда бірқатар екіжақты кездесу өткізді
Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ Шанхайда қытайлық серіктестермен бірқатар келісімдерге қол қойды
Әлемде
15.07.2026
Үндістан теміржолы жүк тасымалын жеңілдетуде
Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ теміржол желісінің 1 056 шақырымында цифрлық автобұғаттау жүйесін енгізді