Ресейлік теміржолшылар ҚТЖ мұражайында болды

Темір жол тарихы
05.12.2023, 11:42
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Батыс филиалының кәсіподақ ұйымы өткізген жиынға арнайы келген ресейлік қонақтар Қазақстан темір жолының тарихынан сыр шертетін мұражайда болып, түпнұсқада сақталған экспонаттарды тамашалады.

Батыс филиалының кәсіподақ төрағасы Ғабит Садықов ынтымақтастық кездесу, тәжірибе алмасу шарасына қатысқан ресейлік делегацияны Ақтөбедегі теміржолшылар мұражайына апарды. Батыс Қазақстан теміржолының тарихы ғана емес, тұтас сол дәуірдің мәдениеті мен тұрмысы, темір жол саласын қалыптастырған тау тұлғалы ардагерлердің бұрышы қонақтарға ерекше әсер етті.  

«Оренбургтан келдім. Қазақстанға алғаш жолым түсті. Мұражайдан керемет эмоциямен шықтық. Түпнұсқада сақталған тарихи құжаттар мен фото альбомдардан тұтас бір дәуірді көруге болады екен. Теміржол тарихы қаз-қалпында тұр», – деді «РОСПРОФЖЕЛ» еңбек инспекторы Юлия Машинская.  

Қонақтар жәдігерлермен суретке түсіп, фото альбомдарды ұзақ тамашалады.  

«Мұражай экспонатқа бай екен. Жастық шағымызды, 50 жыл бұрынғы теміржолды көз алдымызға әкелді. Тарихи жәдігерлерді сол күйі сақтап қалған әріптестерімізге риза болдық», – деді Орынбор локомотив пайдалану депосының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Сергей Скоробогатых.  

Тарихи мекеннің төрт бірдей залын асықпай таныстырған мұражай қызметкері Анар Жұбаева мұнда 400-ге жуық құжаттар мен экспонаттар сақталғанын жеткізді. Ақтөбедегі теміржолшылар мұражайы Батыс Қазақстан темір жол басқармасы басшысының бұйрығымен 1989 жылы жасақталған. Ондағы барлық экспонаттар мен құнды жәдігерлер жергілікті теміржолшылардың көмегімен жинақталған.  

Аймақтар
17.07.2026
Жақсы теміржол вокзалын жаңарту жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
17.07.2026
Жаздың басынан бастап ҚТЖ теміржолдағы қауіпсіздік бойынша республикалық акциялар өткізуде
Жаңалықтар
17.07.2026
«Қазтеміртранс» АҚ 2032 жылға дейін 13 мың жүк вагонын сатып алады
Аймақтар
17.07.2026
Семей магистральдық желі бөлімшесі жартыжылдықты табысты қорытындылады
Аймақтар
17.07.2026
Сексеуіл теміржол торабында жүк тиеу жоспары асыра орындалды
Аймақтар
17.07.2026
Ганюшкинодағы жаңа вокзал қызметкерлерін Атырау телімінің басшылығы құттықтады
Жаңалықтар
17.07.2026
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ұжымына жаңа Конституцияның ережелері түсіндірілді
ҚТЖ келбеті
17.07.2026
Дарақ бір жерден көгереді
Қауіпсіздік
17.07.2026
Ақтөбе станциясында күйдіргіге қарсы оқу-жаттығу өтті
Спорт
17.07.2026
Аядай бекеттегі Азия чемпионы
Жаңалықтар / Мұрағат
17.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №54 17 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
16.07.2026
Магистральдық желі дирекциясының басшылары Арқалықта жұмыс сапарымен болды
Жаңалықтар
16.07.2026
ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойыздары Ақмола және Павлодар облыстарындағы дала өрттерін сөндіруге қатысты
Аймақтар
16.07.2026
Еңбек процесін оңтайландырған жоба
Жолаушылар тасымалы
16.07.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» бағыты бойынша жолаушылар пойызын іске қосады
Жүк тасымалы
16.07.2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалының көлемі 9%-ға артты
Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ басшылығы Шанхайда бірқатар екіжақты кездесу өткізді
Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ Шанхайда қытайлық серіктестермен бірқатар келісімдерге қол қойды
Әлемде
15.07.2026
Үндістан теміржолы жүк тасымалын жеңілдетуде
Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ теміржол желісінің 1 056 шақырымында цифрлық автобұғаттау жүйесін енгізді