Бам құрылысына – 50 жыл

Темір жол тарихы
12.07.2024, 11:22
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Осыдан жарты ғасыр бұрын атақты Байкал-Амур магистралінің құрылысы басталған болатын. Әлемдегі ең ірі теміржол магистралінің бірі саналған БАМ құрылысы кезінде 60-тан астам жаңа елді мекеннің негізі қаланды. Соның бірі – Новая Чара станциясын қазақстандықтар салды.

Құрылысқа ең бірінші болып Павлодар құрылысшылары аттанған еді. Керекулік ардагер Еғлам Мансұрұлы Төлендінің айтуынша,тарихи құрылысқа қатысуға тілек білдірушілер аз болмаған. Құрылысшылар қабат-қабат қыстық киімдерін түгендеп, барлық керек-жарақтарын жинап, бір айдай жолға дайындалған. 1981 жылы 9 желтоқсанда Павлодар вокзалынан аттаныпты.  

– Павлодардан ең алғашқы құрылыс жасағымен 87 вагон жолға шықты. Оның 3 вагонында құрылысшылар мен инженерлер, партком, кадр бастығы, тіпті дәрігерге дейін болды, қалғаны техника мен керек-жарақ. 13 желтоқсанда Усть-Нюкжа станциясынан түсіп, ары қарай автобуспен Чара деген жерге бардық. Онда тек құрылысшылар тұратын вагондардан басқа түк жоқ еді... – деп естелік айтады Е. Төленді.  

Павлодар өңірінің тумасы, бүгінде Германияда тұратын Владимир және Эмма Бормандардың отбасы да БАМ құрылысшылары. Владимир – Сібір даласына алғашқы құрылыс жасағымен аттанған кран жүргізушісі. Айтуынша, Жаңа Чараға келгенде қазақстандықтарға арналған 8 вагонға орналасқан олар талай қиындықты бастан кешкен. Тамақтары аяздан мұз боп қатып қалып, кеміріп жеп алатындарын да кейін күліп отырып еске алады екен. Айтуынша, Жаңа Чараны салған қазақстандық құрылысшылар күні бүгінге дейін араласады. Кейбірі бақилық болып өмірден озған. Кейбірі алыс шетелдерде өмір сүріп жатыр.

Қазақстандық құрылысшылар қақаған аязда Чара деген аты бар, заты жоқ станцияға келген бетте ең алдымен монша салуға кірісіпті. Сапасы жақсы нысан тіпті газет беттеріне шыққан. Таң сібірлей атып, күн ұясына қонғанша бел жазбай еңбек еткен құрылысшылар біртіндеп Чара станциясының іргесін қалай бастаған. Қазақстаннан жеткізілген жер қазатын экскаваторлар Сібір даласында кәдеге жарамай қалған. Ол жақта ғимарат салу үшін құм-қиыршық тас қоспасының үйіндісінен бір метрлік іргетас жасап, сосын ғана ғимарат тұрғызылады. Бірақ павлодарлық құрылысшылар барлық қиындықты еңсеріп, олар салған құрылыстың сапасы өте жоғары бағаланған.  Теміржолдың тарихына келсек, Байкал-Амур магистралінің ұзындығы 4324 км, Шығыс Сібір мен Ресейдің Қиыр шығысы арқылы өтеді. Магистральдың көп бөлігі мәңгі мұз аймағында жатыр. БАМ - он бір өзенді, 7 ірі тау жоталарын кесіп өтеді. Магистраль құрылысының негізгі кезеңдері 1974-1984 жылдар. Құрылыс негізінен комсомол жастар тартылды. БАМ-да 2,5 жыл жұмыс істеген ардагер құрылысшы Елғам ағаның айтуынша, ол кездегі жастардың, жалпы кеңес адамдарының еңбекке деген көзқарасы өте жоғары болған.  

БАМ – КСРО тарихындағы ең қымбат инфрақұрылымдық жобалардың бірі. Бұл теміржол салынған аймақтардың табиғи байлығын игеру үшін салынған магистраль, дегенмен әртүрлі себептермен жобаланған өнеркәсіптік кешендердің көп бөлігі теміржолдан алыс салынған. Ең бастысы магистраль бойында көптеген елді мекендер бой көтеріп, мыңдаған шақырым елсіз мекенде тіршілік пайда болды.  

 

Жаңалықтар
03.03.2026
ҚТЖ мен Wabtec стратегиялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Аймақтар
03.03.2026
Ел дамуының стратегиялық бағыты
Жүк тасымалы
03.03.2026
Алашаңқайдың әлеуеті артқан
Аймақтар
03.03.2026
Маңғыстау локомотив депосы жаңа тепловоздармен толықты
Аймақтар
03.03.2026
Электр желілері мен байланыс жүйесі жаңартылды
Аймақтар
03.03.2026
Тараз станциясында еңбек қауіпсіздігіне арналған тренинг өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
03.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №16 03 наурыз 2026 жыл
Жаңалықтар
02.03.2026
ҚТЖ-да қозғалыс қауіпсіздігі мен өндірістік көрсеткіштер оң динамика көрсетуде
Аймақтар
02.03.2026
Шар станциясында «Заң керуені» республикалық акциясы өтті
ҚТЖ келбеті
02.03.2026
Тәжірибелі тәлімгер
Қауіпсіздік
02.03.2026
Павлодарда 300-ге жуық адам жол ережесін бұзған
Спорт
02.03.2026
Бейнеуде теміржолшылар арасында спорттық жарыс өтті
Қауіпсіздік
02.03.2026
Шиеліде оқушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
02.03.2026
Су тасқынына дайындық күшейтілді
Әлемде
02.03.2026
Литвада Stadler компаниясының түйіспелі-аккумуляторлы пойызы сынақтан өтуде
Жаңалықтар
27.02.2026
«КСО» АҚ-да референдум талқыланды
Жолаушылар тасымалы
27.02.2026
Жолаушы пойызға үлгермей қалған жағдайда не істеу керек?
Цифрландыру
27.02.2026
Теміржолдағы технологиялық серпіліс
Жаңалықтар
27.02.2026
Апаттың алдын алғандар
Спорт
27.02.2026
Шаңғы жолындағы жарыс