Әскерилендірілген теміржол күзетіне 100 жыл толады

Темір жол тарихы
16.06.2021, 10:03
Биыл Қазақстан теміржолындағы объектілер мен теміржол көлігімен тасымалданатын жүктердің сақталуын ұзақ жылдар бойы қырағы күзетпен қамтамасыз етіп келе жатқан Әскерилендірілген теміржол күзетіне 100 жыл толады. Тарихы 1921 жылы Жол қатынастары Халық комиссариатының басшысы Ф.Э.Дзержинскийдің ұсынысымен темір жолдарды күзету туралы шешім қабылданған күннен бастау алатын «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымы бүгінде қанатын кеңге жайған алып мекемеге айналды. Темір жол саласының мықты қорғаны мен қалқаны болып отырған мекеменің құрылымына тоқталсақ, оның қызметін ерекше қаруланған жасақтардан тұратын атқыштар күзеті жүзеге асырды. Олар әскери бөлімшелер принципі бойынша құрылды. Көп жағдайда олар әскерилендірілген ведомстволық теміржол күзетінің алғашқы үлгісі ретінде қызмет етті. Мекеменің тарихы әскери және еңбек саласындағы жетістіктерге өте бай. Отандық темір жол пайда болғаннан бастап әскерилендірілген күзет қызметкерлері күні-түні, ауа райының кез келген қолайсыздығына қарамастан, кейде өмірлерін тәуекелге тіге отырып, объектілер мен жүктерді күзетіп, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келеді. Ал еліміз тәуелсіздік алғаннан бері отандық темір жолмен қатар әскерилендірілген теміржол күзеті дамуының жаңа кезеңі басталды.
2001 жылы «Қазақстан темір жолы» РМК-нің «Арнайы әскерилендірілген күзет қызметі» еншілес мемлекеттік кәсіпорны ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 22 қыркүйектегі №1227 Қаулысына сәйкес «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ашық акционерлік қоғамы, 2004 жылғы желтоқсанда «Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамы, 2020 жылғы 13 тамызда «Әскерилендірілген темір жол күзеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта құрылды.
Серіктестікті ҚР «Күзет қызметі туралы» Заңына және «Ұлттық компанияларда күзет ұйымдарын құру қағидаларына» сәйкес «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы құрған. Содан бері серіктестік тасымалдар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша функцияларын мінсіз орындап келеді. КҮРДЕЛІ МІНДЕТКЕ ҚЫЗМЕТІ ДАЙЫН «ӘТЖК» ЖШС – ҚР Күзет ұйымдары қауымдастығының толық құқықты мүшесі. Серіктестік Транссібір тасымалы жөніндегі үйлестіру кеңесінің жұмысына қатысады. «Ресей теміржол көлігінің ведомстволық күзеті» ФМК, «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС және «Белорус темір жолы» мемлекеттік бірлестігі арасында 2015 жылғы 28 сәуірде Мәскеу қаласында қол қойылған ынтымақтастық туралы келісім бар. Мұны ұжым  басшылығы үлкен мақтаныш, зор жетістік деп санайды. Бүгінде серіктестік ұжымы тәжірибесі мол аға буын және жас кадрлардан құралған. Серіктестік құрылымында 11 филиал бар. Олар – Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Семей, Алматы, Тараз, Түркістан, Қостанай, Павлодар және Достық станцияларындағы филиалдар. Барлығы 70 атқыштар командасы жұмыс істесе, оның 9-ы теміржол көпірлері мен туннельдерін күзетуге жұмылдырылған, ал 12-сі – шұғыл әрекет ететін оңтайлы топ. Серіктестік бөлімшелері «ҚТЖ» ҰК» АҚ-на қарасты 95 станцияда, соның ішінде 16 мемлекетаралық түйісу пунктінде, яғни Озинки, Илецк, Орск, Ақсарай, Қарталы, Петропавл, Локоть, Құлынды, Достық, Алтынкөл, Луговая, Сарыағаш, Қарақалпақ, Болашақ, Ақтау порты, Құрықта орналасқан. Бүгінде алып ұжымда Қазақстан бойынша 7 мыңдай адам еңбек етеді. Күзетшілерге қызметтік қару қолдануға және алып жүруге құқық берілген. Күзетші болып жұмысқа орналасқан тұлғалар жыл сайын күзетшілерді даярлау және қайта даярлау курстарын оқытуға бағытталған оқыту орталықтарына жіберіледі, күзетшілер аталған курстарда қаруды, арнайы құралдарды, күрес әдістерін, сондай-ақ қарулардың техникалық бөлшектерін қолдану машықтарын меңгеру бойынша оқытылады. Курсты аяқтаған күзетшілерге арнайы куәлік беріледі, сонымен қатар қызметтік қаруларды қолдану тәртібі белгіленеді. – Біздің ұжым алға қойған міндеттерге қол жеткізуде аянбай еңбек етіп келеді. Серіктестіктің алдына әрқашан күрделі міндеттер қойылады, яғни тасымалданатын жүктердің, теміржол көлігіндегі материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету, теміржол объектілеріндегі түрлі құқық бұзушылықтардың жолын кесу міндеті бізге жүктелген. Теміржол – көліктердің ішінде жетекші түрі, ол арқылы түрлі бағалы жүктер тасымалданатындықтан, сұқ көздердің назарын жиі аударады, теміржол көлігімен тасымалданатын жүктерге, сигнализация және байланыс құрылғыларына қол сұғу, вагондар мен локомотивтердің бөлшектері мен тетіктерін ұрлау, кабельдерді кесу арқылы орасан шығын келтіреді. Көмір, металл сынықтары сияқты тасымалданатын жүктер жиі ұрланады. Сондықтан, серіктестік қызметкерлері теміржол көлігінің мүліктері мен тасымалданатын жүктерге қол сұғушылықты болдырмау және ұрлау фактілерін азайту жұмыстарын жүргізу үшін аянбай еңбек етеді. Кәсіпорынымыз өз жұмысында жақсы нәтижеге, көрсетілетін күзет қызметтерін атқаруда сапалы көрсеткіштерге қол жеткізуде, – дейді Серіктестіктің Бас директоры Бауыржан Наханов. ТАЛАПҚА САЙ САПАЛЫ ЖҰМЫС Теміржол күзетінде кімдер жұмыс істей алады? Мамандардың айтуынша, бұл қызметке Қазақстан Республикасының 19 жасқа толған және күзетшінің арнайы даярлығынан өткен азаматы қабылданады. Кадрларды іріктеу кезінде қызметті сапалы атқаруға арналған барлық талап, яғни шұғыл әскери қызметтен міндетті түрде өту ескеріледі. Күзетші лауазымына жоғары білім алғандығы туралы диплом талап етілмейді. Қазіргі уақытта серіктестікте орта білімі бар 5 мыңнан астам күзетші еңбек етуде. Жұмысқа орналасқан күзетші ең бастысы төзімді, шыныққан азамат болуы қажет. Барлық жеке құрам жұмыс процесінде тұрақты түрде күрес, дене және сапқа тұру даярлығына арнап әзірленген бағдарлама бойынша оқытылады. [caption id="attachment_2909" align="aligncenter" width="724"] Әскерилендірілген темір жол күзеті[/caption] Теміржол көлігімен тасымалдау кезінде жүктердің ілеспе күзеті үзіліссіз және екі түрлі тәсілмен жүзеге асырылады. Біріншісі, күзетшілерді сапар желісі бойындағы станцияларда ауыстыра отырып, жүктердің күзеті үшін тағайындалған күзетшілер топтарының ілеспе күзеті. Екіншісі, жөнелтілген станциядан межеленген станцияға дейінгі сапар желісі бойында жүктерді күзететін жасақтардың ілеспе күзеті. Тасымалданатын жүктердің күзетін ұйымдастыру тәртібі ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы «Теміржол көлігімен тасымалдау кезінде жүктердің әскерилендірілген күзетін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» №365 бұйрығында белгіленген. Ауысым қызметі атқыштар командаларының бекітілген штаттық кестелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта ел аумағы бойынша тәулігіне 1000-нан астам күзетші ауысымға түсіп, өз қызметін абыроймен атқарып жүр. Серіктестікте ұрпақтар сабақтастығы жақсы жолға қойылған. Қазіргі уақытта мекемеден құрметті демалысқа шыққан 886 зейнеткер бар. Күзетші болып, еңбек міндеттерін ерлермен тең атқаратын 340 әйел жұмыс істейді, ерлермен бірдей еңбек ететін әйел күзетшілерге ерекше талаптар мен жеңілдіктер қарастырылмаған. Мекеменің жұмыс үдерісін жеңілдетуге арналған 158 қызметтік автокөлігі бар. УАЗ және Нива автокөліктерімен 11 филиалдың бәрі қамтылған. Қозғалыс қатаң түрде бағдарлар бойынша жүзеге асырылады, GPS жүйесі арқылы мониторинг жүргізіледі. Жалпы әскери күзетшілердің қырағы назарынан тыс қалмайтын 95 объекті, оның ішінде әкімшілік- қызметтік ғимараттар, автокөліктерге арналған гараждар және қоймалар бар. Еңбек жағдайын жақсарту мақсатында серіктестіктің барлық объектісі санитариялық қағидаларға және санитариялық-эпидемиологиялық  талаптарға сәйкес медициналық кабинеттермен, демалыс бөлмелерімен, тамақтануға арналған бөлмелермен, гардеробтармен, жуынатын бөлмелермен жабдықталған. АДАЛ ЕҢБЕКТЕН АБЫРОЙ ТАПҚАН ҰЖЫМ Серіктестікте жұмыс істейтін қызметкерлердің орташа жасы 40 жасты құрайды. Қызметкерлерді моральдық және материалдық тұрғыда ынталандыру мақсатында үздік күзетшілерге арналған кәсіби марапат – еңбекақыға 10% көлемінде ай сайынғы үстемеақы төленетін «Үздік күзетші» белгісі беріледі. Бұл белгімен марапаттау моральдық тұрғыда ынталандырудың маңызды бір түрі және күзетшінің кәсіби шеберлігін, өзінің еңбек міндеттеріне деген адалдығын мойындау десе де болады. Қызметкерлер үшін еңбек жағдайын жақсарту және оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету мақсатында қызметкерлердің өкілі мен жұмыс беруші арасында әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін Ұжымдық шарт жасалған. Ұжымдық шартта әлеуметтік жеңілдіктер – емделуге, тістерді протездеуге материалдық көмек көрсету, көп балалы және тұрмысы нашар отбасыларын қолдау қарастырылған, сондай-ақ зейнеткерлікке шығуына, І және ІІ топтағы мүгедектік белгіленіп, жұмыстан босатылуына, қызметкердің немесе оның отбасы мүшесінің қайтыс болуына, отбасы құру және баласының тууына, мерейтой жасына: ерлер – 60 жасқа, әйелдер 50 жасқа толуына байланысты материалдық көмек көрсетіледі, санаториялық-курорттық емделуге ақшалай қаражат бөлінеді.
– 2020 жылы Серіктестіктің қызметкерлері мен зейнеткерлеріне 266 539 мың теңгеге материалдық көмек көрсетілді. Серіктестіктің Ұжымдық шартта қаралған міндеттемелері толық орындалады. Қызметтік, кәсіби міндеттерді орындаудан басқа қоғамдық жұмыс та жолға қойылған. Қоғамдық жұмыстарға ерекше көңіл бөлінеді. Филиалдар арасында спорттық жарыстар өткізіледі, барлық тораптық жарыстарда серіктестіктің намысын қорғайтын спорттық құрама командасы бар, ол көбіне жүлделі орындарға ие болады. Мекеме қызметкерлері адал еңбегі үшін Үкіметтік және «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының марапаттарына ие болады, – дейді серіктестіктің кәсіподақ комитетінің төрағасы Талғат Ескенов.
Оның айтуынша, ата-анасыз қалған жетім балаларды қолдау бойынша кешенді жоспарды жүзеге асыру мақсатында 2014 жылы балалар үйінен 16 баланы патронаттық тәрбиеге алған серіктестік бастамасы кең қанат жайған, оларға әлеуметтік көмек көрсетіліп, балалардың шоттарына қызметкерлер жинаған қаражат аударылып отырады. Бүгінде олардың үшеуі өз отбасыларын тауып, патронаттық тәрбиелеуде 13 бала қалды. Ақтөбе филиалы 2020 жылғы шілдеде филиал қызметкерлерінің жинаған ақшалай қаражатына Алға облыстық балалар үйінің тәрбиеленушісі Мұхамбет Тержанға бір бөлмелі пәтер сатып алды. Филиалдың жеке құрамы қосымша ақшалай қаражат жинап, пәтерге қажетті жиһаз алып берді. Ағымдағы жылы патронаттық тәрбиелеудегі балалардың шоттарына 18 млн теңгеден астам ақшалай қаражат аударылды. Серіктестік директоры Бауыржан Анасұлынан биылғы жүз жылдық мерейтой қалай аталып өтілетінін сұрадық. Мерейлі күн жылдың соңында, яғни желтоқсан айында болғандықтан ол бұған әзірге нақты жоспар жасалмағанын жеткізді. Әрине мерейтойды кең ауқымда атап өтуге тағы бір кедергі қазіргі пандемия жағдайы екені де белгілі. Дегенмен де ғасырлық тарихы бай серіктестіктің бұл мерейтойы елеусіз қалмасы анық. Себебі бұл тарихты жасаған қарапайым еңбек адамдары – темір жолдың қырағы күзетіндегі әскери күзетшілер екені сөзсіз.
Жаңалықтар
22.11.2024
ҚТЖ Бескөл депосында дизель отынының ұрланғанын анықтады
Жаңалықтар
22.11.2024
Ақмола бөлімшесі инфрақұрылымды жаңартуды және инновацияларды енгізуді жалғастыруда
Жүк тасымалы
22.11.2024
Қостанай ЖТ бөлімшесі қараша айында 2 359 вагон астық тиеді
ҚТЖ келбеті
22.11.2024
Жол монтерлерінің бір күні
Қауіпсіздік
22.11.2024
Жамбыл өңірінде қыста да қараусыз мал тиылмайды
Аймақтар
22.11.2024
«Syrmaq Fest»: Маңғыстаулық теміржолшы қолөнер көрмесін ұйымдастырды
Қауіпсіздік
22.11.2024
Шымкент станциясында өндіріс жарақатының алдын алу шарасы өтті
Әлеумет
22.11.2024
Күзет қызметкерлеріне көрсетілетін қолдау көп
Жаңалықтар
22.11.2024
Кәсіподақ сарапшылары құзыретін арттырды
Цифрландыру
22.11.2024
ІТ тақырыбына арналған білім сайысы өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
22.11.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №99 22 қараша 2024 жыл
Жолаушылар тасымалы
21.11.2024
№42 «Атырау-Алматы» жолаушылар пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылады
Жаңалықтар
21.11.2024
Құрық портының түбін тереңдету жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды
Спорт
21.11.2024
Теміржолшылар арасында спартакиада өтті
Жаңалықтар
21.11.2024
ҚТЖ жол диагностикасының инновациялық технологияларын енгізуде
Жаңалықтар
21.11.2024
ҚТЖ Еуропадағы терминалдық желіні кеңейтуде
Жолаушылар тасымалы
20.11.2024
Семейде қаламаңы тасымалында тиімді бағдарлар көбейеді
Жүк тасымалы
20.11.2024
Ақмола бөлімшесі 307 мың тоннадан астам астық тиеді
Жаңалықтар
20.11.2024
Қазақстан көлік-транзит дәліздерін ТМД + форматында дамытпақ
Әлемде
20.11.2024
Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан темір жол құрылысы бойынша келіссөздің соңғы сатысы жүріп жатыр