Қарақия станциясының ұжымы жұмыс орнын өз күштерімен жабдықтады

Станция тынысы
22.11.2021, 10:12
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Төртінші класты Қарақия станциясы Жетібай мен Боржақты станциясының ортасында орналасқан, Маңғыстау станциясынан 70 км қашықтықта жатыр. Жақында осы станцияның ұжымы өз күштерімен жұмыс орнын талапқа сай жабдықтап, өзгелерге үлгі көрсетті. Мұны станцияға жұмыс бабымен тексеріп барған Маңғыстау ЖТ бөлімшесі директорының орынбасары Ерлан Бүркітов те мәлімдеді. Тәжірибелі теміржолшы Абай Зинеуғабитов басқаратын станцияның басты міндеті – Боржақты станциясы арқылы Құрық портынан және Болашақ арқылы Түркіменстан жақтан келген жүк вагондарын қабылдап, уақытында жөнелту.

– Станция шағын, 5 кезекші, 2 пойыз құрастырушы, 2 вагон қараушы, бір-бірден жүк қабылдап тапсырушы мен тауар кассирі бар. Тәулігіне 5-6 пойыз өтеді. Кезекшілер келген-кеткен жүк пойыздарын уақытында күтіп алып, шығарып салып отырады. Сонымен қатар станцияға келген пойыздарды тақ жағынан ағытып, тұйықтарға береді. Келген жүк болмаса, тиейтін жүк пандемия басталғалы азайды. Бүгінгі таңда көршілес Челябинск станциясынан диаметрі 630-530 мм 150 вагон газ құбырлары келіп жатыр. Оған қоса тамыз айынан бері Ақтөбе, Орал, Шымкент жақтан мал шаруашылығына қажет жем-шөп жеткізілуде. Олар уақытында тұйыққа беріліп, таратылады. Барлығы 3 жол, 7 тұйық бар, – дейді станция бастығы.

Станция ғимаратының ішкі-сыртқы тазалығы өте жақсы күтімде. Ұжым өз күшімен кеңсе бөлмелерін жабдықтап, түрлі нұсқаулар, қозғалыс қауіпсіздігі, стандартты емес жағдайда қозғалысты қалай ұйымдастыру керектігі жөніндегі стенділер іліп, жайнатып қойыпты. Айына екі рет техникалық сабақ өткізіледі. Одан бөлек шұғыл жеделхаттар келгенде жоспардан тыс сабақтар да ұйымдастырылады. Құжаттарды ресімдеу АСУ ДКР жүйесі бойынша жасалады.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті