Болашақ станциясында жүк ағыны күрт артты

Станция тынысы
19.01.2022, 15:24
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Түрікменстанмен шекарадағы Болашақ станциясы арқылы өтетін жүк пойыздарының саны күрт артқан. Әсіресе, былтыр қараша айының соңынан бастап станция жолдарына келетін пойыздар сыймай, олар көрші бекеттерге бөлініп орналастырылған. Бұл туралы станция бастығы Мақсат Нұрбеков мәлімдеді.

Болашақ станциясында 10 жол болса, соған келетін пойыздар сыймай тек 8 жолға қабылдап, екеуі күнделікті келетін, өтетін пойыздарға босатылған. Қалған пойыздар Бестөрткүл, Құрмаш, Ақбөбек, Тайғыр, Өзен, Жетібай, Рай т.б шағын бекеттерге біреу-екеуден  қойылған.

- Түрікмендер өз кезегінде тәулігіне бізден 3 пойыздан алып, өздерінің 1-2 пойызын әкеп тұрды. Ал бізде жүк ағыны артып, пойыздар жиналып қалып жатты. Сөйтіп 2022 жыл басталғалы, қаңтар айының басында ұлттық компания мен бөлімше басшыларының араласуымен Түрікмен теміржолы басшыларымен келіссөздер жүргізілді. Сөйтіп олар қазір тәулігіне 4 пойызға дейін қабылдап жатыр. 4 пойыз тапсырып, 3 пойыз қабылдаймыз. Жүк ағыны станция тарихында бұлай артып көрмеген. Бізге, жалпы түбек теміржолына 1500 вагондай, яғни отыз шақты пойыз ағылып келе жатыр. Солардың бәрін өңдеп, жарамдылығын, сақталуын тексеріп, кедендік тексеруден өткізіп, қолдан келгенше көрші елге жылдам жөнелтуге тырысып жатырмыз, - дейді М. Нұрбеков.

Осы орайда ол Түрікменстанның Болашақ сияқты шекаралық станциясы Серхетякада бар болғаны 6 жол бар екенін, осы жағдай да олардың жұмыс өнімділігіне кедергі келтіріп тұрғанын айтты. Сол себепті оларға жүк пойыздарын көптеп қабылдау қиындық келтіріп жатқанға ұқсайды. Ал Серхетякадан әрі қарай бекеттер Қазақстандағыдай жақын орналаспаған, одан әрі Берекет станциясына дейінгі аралық 440 шақырымды құрайды. Сөйтіп локомотивтер бұл аралықта тым ұзақ жол жүреді.

- Көршілер әлде де қабылданатын жүк пойыздарының санын арттыра алса, тым болмаса тәулігіне 6 пойыздан қабылдаса бізде топтасып жиналып, жолда күтіп тұрған жүк пойыздарының бәрін таратып, уақытында айналдыру мүмкін болар еді. Әрине, жүктің көбейгені – қуанышты жағдай, бұл теміржолға зор табыс, елдің экономикасына өсім әкеледі. Оның үстіне бұл станциядағы мекемелерде жұмысшылар штатын кеңейтіп, осы жерге халықтың көптеп қоныстануына да септік етер еді. Сондықтан қашан да ел игіліне еңбек етуге дайынбыз, - дейді станция бастығы.

Мақсат 2021 жылды алдағы жылмен салыстырғанда табысты болды деп қорытындылайды. Барыс жылы да сәтті жыл болады деген сенімде. Өткен жылы Болашақ станциясы арқылы шетелге 438 пойыз, яғни 20556 вагон жүк жөнелтілсе, керісінше Түрікменстаннан Қазақстанға 392 пойыз, яғни 17188 вагон жүк қабылданған. Өтіп жатқан жүктердің көбі – астық. Мысалы, бір пойызда 41-42 вагон болса, соның барлығы астық. Кейде аралас та жүктер кездеседі. Қазақстанның Ақмола станциясынан Түрікменстанның түрлі өңірлеріне астық жөнелтілуде. Ал транзиттік жүктер Иранға бағыт алуда. Көбіне, олар жеміс-жидектер мен көкөністер жібереді. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты Маңғыстау облысы «қызыл» аймақтағы өңір болғандықтан Болашақ станциясында карантин шаралары қатаң сақталады. 

Райхан Рахметова

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті