Сұлутөбе станциясының тынысы: жұмыс азайған

Станция тынысы
08.07.2022, 17:07
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда темір жолына қарасты Сұлутөбе станциясы бір кезде өндірісі қайнаған, жүк тиеу-түсіру жыл он екі ай жүргізіліп, жұмысы қызып жататын станция еді. Бүгінде бекет тынысы марғау, қимылы да бәсеңдеген.

Алайда үлкен магистраль бойында жатқан станциядан 14 жұп жүк пойызы мен 6 жұп жолаушылар пойызы кесте бойынша өтіп жатыр. Алаштың арысы Мұстафа Шоқайды дүниеге әкелген Сұлутөбенің іргесінде М.Шоқай ауылы тұр. Жергілікті тұрғындар жұмыссыздық салдарынан қалаға ағылу үрдісі бұл ауылды да айналып өтпеген. Урбанизация кесірі бір кезде дөңгеленген тірлігі бар елдімекенді сиретіп, болашақта бекеттің де жабылып қалу қаупі туындауы мүмкін. Өйткені, станцияның бүгінгі тіршілігі тек пойыздарды күтіп алып, шығарып салумен шектеліп тұр. Ара тұра бірен-саран жергілікті кәсіпкерлер тұрмыстық көмір, тағы басқа тұтыну заттарын түсіретіні болмаса, басқа жүк тиеу-түсіру операциясы жоқтың қасы. Кезінде маусым сайын бірнеше ауысыммен бақша өнімдерін сұрыптап, қауын-қарбыз тиеу, оны жәшіктеп вагонға арту секілді жұмыстардан теміржолшылар әсіресе жаз бен күз айларында сүрлігіп жататын... 

Станция бастығы Ерболат Тілеубаев өндірістік жүк тиеу-түсіру жұмыстары жүр- гізілмейтіндіктен қазір 4-сыныпты шағын станция болса да жергілікті теміржолшылар өз міндеттерін мінсіз атқарып отырғанын айтады. Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға станциялықтармен қатар жолшылар, электрмен жабдықтаушылар, белгі беру және байланыс дистанциясы мен вагоншылар өз үлестерін қосуда екен. 

– Сұлутөбе шағын станция болғанмен негізгі магистральдың бойында жатқан соң өткінші пойыздар көп, сондықтан біздің жауапкершілігіміз кемімейді. Кесте бойынша бекеттен өтетін пойыздардың қауіпсіздігіне қатысты еш кінәрат жоқ, барлығы жоспар бойынша жүргізіліп келеді, – дейді станция кезекшісі Асқар Жаулыбаев. 

Шағын бекет ұжымы алдағы күндерден үмітті. Аймақта жүк көбейіп, тасымал артатын күн туса, Сұлутөбе де қайта түлер еді деп армандайды.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда