Қауіпті өткелге рейд жүргізілді

Станция тынысы
02.09.2022, 09:33
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Жаяу жүргіншілер мен иесіз малдан теміржолға келетін қауіптің алдын алу теміржолшылар үшін ең өзекті мәселеге айналғалы қашан. Жуырда Қызылордада «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында Теміржол филиалының ұйымдастыруымен Қызылорда жол дистанциясы және Қызылорда станциясының ЖПб қызметкерлерінен құрылған топ кезекті рейдке шықты.

Олар талай жылдан бері айта-айта ауыз талып, жаза-жаза жауыр болған тақырып – қала бойынша ең қауіпті аумақ саналатын КБИ-Шұғыла мөлтек ауданы тұсындағы ескі теміржол өткеліне жиналды. Бұл аумақ теміржолдың 2824 шақырымы, жолдың екі бетіне тұрғындар тығыз қоныстанған және осы аудандағы мектеп оқушылары жолдан өтіп, мектепке қатынайтын, қысқасы, қозғалысы қарқынды, сонысымен өте қауіпті аумақ.  

Рейдке шыққандар мөлтек аудан тұрғындарына, мектеп оқушыларына жолдан өту ережесін түсіндіріп, жазатайым оқиғалардан сақтандырды. Ата-аналарға балаларға абай болып, қараусыз жібермеу, әсіресе түнгі мезгілде жалғыз-жарым жүрмеуін қадағалау ескертілді. Қала тұрғындарының көбейе түсуі, балалардың мектепке оралуы жағдайды тіпті қиындатуда. Бүгінде бұл жолдан күніне шамамен 600 адам, арасында мектепке қатынайтын балалар да бар, осы өткел арқылы бір жақтан екінші жаққа қарай қатынауда. Сондықтан теміржолдың осы тұсына жаяу жүргіншілерге арналған көпір салу мәселесі сөз болып келе жатқалы да талай жыл.  

– КБИ-Шұғыла мөлтек аудандары тұсындағы теміржол бойына көпір салынатын орын Қызылорда бөлімшесі өкілдерінің қатысуымен белгіленіп, тиісті мекемелермен техникалық шарт әзірленген. Алайда  аталған жоба ілгері баспай тұр және қай кезде жүзеге асырылатынын дөп басып айту қиын болып тұр, – деді «Аманат» партиясы Теміржол филиалының Атқарушы хатшысы Базара Танбаева.  

Қалай дегенде де осы өткел адам өміріне қауіп төндіріп тұр. Аса қауіпті аймақтан өтіп жатқан халықтың да сабыры таусылған сияқты. Көпшілігі рейд жүргізушілерді тыңдамай, қолдарын бір сілтеп кете баруда. «Бізге не дейсіңдер енді, қауіпті болса көпір салмайсыңдар ма...» деп дүрсе қоя бергендер де табылды.  

– Шынын айтсақ, осы өткелдегі жүйесіздіктің жеделдете шешілуін біз де қалаймыз. Біздің жұмысымыз – жолдың бабын жасау, алайда осы өткел тұсында таңертең және кешкілік кезекшілік жасауға мәжбүрміз. Енді мектептерде сабақ басталған кезде таңертең, түсте және кешке жолды ретті-ретсіз кесіп өтетіндер көбейеді. Осылай, қысы-жазы біздің жұмысымыз өткел күзетшісіне айналады, – деп шағымданды жол шебері Мақсат Абдраманов.  

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда