Түбек темір жолы: вокзалдар қашан жаңарады?

Станция тынысы
30.09.2022, 09:38
Суреттерді түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Жеті жүз елу мыңнан астам тұрғыны бар Маңғыстау облысында ірілі-ұсақты он шақты вокзал бар. Соның ішінде бірінші класты екі вокзал – Маңғыстау мен Бейнеуде. Пайдалануға берілгеніне 40-50 жыл болған, сол кездегі халық санына лайықтап салынған бұл нысандар жүктемесі бүгінде бірнеше есеге артқан. Ал халық саны жылда өсуде...

 Бірақ бұрынғыдан да ескіріп, шөге түскен вокзалдар ара-тұра көйлегін ауыстырып киген қыздай жөндеу жұмыстарынан өтіп, бір жаңарып қалатыны болмаса, сол қалпында. Сондықтан, нағыз тоғыз жолдың торабына айналған түбекке жаңа үлгідегі, заманауи вокзал салатын уақыт жетпеді ме деген заңды сұрақ туындайды.  

Бүгінде Маңғыстауға келген жолаушылар екі қабатты, шағын ғана, көзге қораштау көрінетін ескі вокзалға табан тірейді. Туристік табиғи орындарға бай, Қазақстанның теңіз қақпасы аталатын мұнайлы облыстың «бас вокзалы» деген статусқа сай келмей тұрғаны жасырын емес. Вокзалдың негізгі бөлігі бір қабаттан тұрады. Екінші қабатта басшылық отыратын кабинеттер мен ана-бала бөлмесі ғана бар. Күту залы, касса, қойма, асхана, дүкен, дәріхана сияқты қажетті орындардың бәрі төменде.  

Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің вокзал шаруашылығы бойынша орынбасары Рустам Тухтиев жергілікті вокзалдарға қолдан келгенше жөндеу жүргізіліп, халыққа қызмет көрсетуге ыңғайлы жағдай жасауға тырысып жатқандарын айтады. Биылдың өзінде біраз жұмыс қолға алынып, әжептәуір шаруа тындырылыпты.  

– Биыл Маңғыстау вокзалының маңдайша жазуын жаңартып, жарықтандырдық. Нысанның ішін әрлеп, едендегі өрнектасын жартылай ауыстырдық. Шатырын ретке келтірдік. Әсемдеу мақсатында қабырғаға түбектің белгілі жерлерінің, беделді тұлғалардың суреттерін, рәміздерімізді ілдік. Екі күту залына телефон қуаттайтын сегіз нүкте орнаттық. Ана мен бала бөлмесін жаңадан жабдықтадық. Пойыздар кестесі таблосын жаңарттық. Ғимарат сыртын қайта сырлап, жан-жағына қосымша 8 прожектор қойдық. Ендігі кезек – перронды жөндеу.

Өрнектасқа тапсырыс берілуде, келер жылдың бірінші жартыжылдығында түгел жаңартатын боламыз. Ал Бейнеу вокзалы перронында трактор жүретіндіктен ол асфальтталады. Қазір оны инвестициялық бюджетке салып жатырмыз. Ендігі жылы күрделі жөндеуден өтеді деген жоспар бар. Шетпе, Сай-Өтес сияқты басқа да шағын вокзалдардың да маңдайша жазулары өзгертіліп, төңірегі жарықтандырылды. Осы екі вокзалда әжетхана мәселесі де шешімін тапты.  

Әрине, вокзалдардың тарлығы талас тудырмайды. Мәселен, төрт тарапқа жол тарайтын Бейнеуде вокзал тәулігіне 300-400 жолаушыны қабылдап-жөнелтуге арналған. Көлемі де, күту залы да кішкентай. Жалпы аумағы 204,52 метр. Ғимарат ішіне елу шақты адам зорға сыяды. Ал бүгінде вокзалдан күн сайын орта есеппен 700 жолаушы жөнелтіліп отыр. Шетпе станциясындағы вокзал да тар, ескі ғимарат 1967 жылы салынған. Ол жерде бір пойыздан екіншісіне ауысатындар болады, вахтамен жұмысқа кететіндер көп, Жаңаөзенге баратындар да Шетпеден түседі. Сол себепті жолаушы ағыны көп.  

Ал Ақтау қаласы мен Мұнайлыға қызмет көрсетіп тұрған Маңғыстау вокзалы әуел баста күніне небәрі 700 жолаушы өткізуге арналған. Көлемі 763,6 2 метр. Біз одан бүгінде 2500-3000-ға дейін жолаушы жөнелтіп отырмыз, – дейді Рустам Тухтиев.  

Вокзал шаруашылығы маманының айтуынша, тағы бірнеше жылдан соң Маңғыстау вокзалының сыйымдылығына қатысты мәселе бүгінгіден де ушыға түспек. Сондықтан оны кеңейту немесе Ақтау қаласынан жаңа вокзал салуды енді кешіктіруге болмайды. Өйткені, облыс орталығы мен ең үлкен ауданға қызмет көрсетіп тұрған бұл вокзалға келіп кететін халық жыл өткен сайын артпаса, кемімейтіні анық. Бүгінде күніне бес жұп жолаушы пойызы қатынайды. Олар күнара жүретін Маңғыстау-Семей, Маңғыстау-Алматы пойызы, күнде қатынайтын Маңғыстау-Алматы, Маңғыстау-Ақтөбе, Маңғыстау-Атырау және облысішілік Маңғыстау-Бейнеу пойыздары. Бұлардың бәрі де Бейнеуден өтеді. Оған қоса Бейнеуден транзиттік пойыздар да жүреді.  

– Бейнеуде пойыздан пойызға ауысатын жолаушылар көп болады. Ресей, Өзбекстаннан келе жатқан, Алматы, Семей пойыздарынан басқасына отыратындар бар. Оған вахталық жұмысқа баратындарды қосыңыз. Әрі Бейнеу арқылы Ресеймен арада қатынайтын Тәжікстанның, Өзбекстанның пойыздары өтеді. Олардың бәріне кеден, шекаралық тексеру қызметі сол жерде жүргізілетіндіктен пойыздар 90 минутқа аялдайды. Сонша уақыт бойы жол босамайды. Жолаушылар пойызын қабылдайтын екі-ақ жол, ол да жабық тұрады. Сол үшін біз аталған қызметтерді Оазис станциясына көшіру туралы ұсыныс айтып отырмыз. Көшсе, бізге жақсы болып, жеңілдеп қалар едік, – дейді Рустам Жүнісұлы.  

Рас, Бейнеу бүгінде халықаралық бағыттың көпірі іспетті, тоғыз жолдың торабына айналды. Ал, өте тар және ескі, өткен ғасырдың сексенінші жылдары салынған вокзал соңғы уақытта шатырын өзгертіп, сәл биіктегені болмаса көзге тым қораш. Бір-екі жыл бұрын жаңа вокзал салынады, инвестор табылды деген жаңалық желдей есіп, тіпті макеті де пайда болған. Бірақ жақсы хабар аяқсыз қалып, соңы суға сіңгендей жоқ болды...  

Жалпы, теміржол вокзалдары құрылысының нормативі бойынша салынатын вокзал жобасы алдағы он жылдағы халық санының өсіміне байланысты жопарланады. Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі вокзал шаруашылығы бойынша жауапты өкілінің айтуынша, Бейнеуге қазірдің өзінде шамамен 1000-1500 адамға арналған вокзал қажет. Ал Маңғыстау станциясына қазіргі жолаушылар ағынын ескерсек, қажеттілік 3000 адамнан төмен болмау керек, норматив бойынша ол 4000 шамасына жететін де шығар.

Екіншіден, вокзал үшін ең маңызды фактор – жолаушылар легінің артуы, жаңа бағыттардың ашылуы. Солай болса, алда бәлкім Түркіменстан мен Маңғыстау арасында жолаушылар тасымалы ашылар? Жол дайын, сол себепті бұл ықтимал нәрсе.  

Қазір түбек теміржолында ірілі-ұсақты он шақты вокзал бар дедік. Соның ішінде бірінші класты Маңғыстау вокзалы 1967 жылы, Бейнеу вокзалы 1986 жылы пайдалануға берілген. Бір қызығы, бұл вокзалдарға жолаушы ағыны сыймай жатса, Қарақия мен Жетібай вокзалында жолаушы мүлде жоқ. Ол жерге жолаушылар пойызы бармайды. Ал 50 адамдық Болашақ вокзалына Жаңаөзенге баратын бір-ақ пойыз қатынайды. Сондай-ақ, «100 вокзал» жобасы аясында бой көтерген, бірақ әлі күнге кластық дәрежесі жоқ Сай-Өтес вокзалы да бар.  

 

Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
23.07.2026
Транскаспий дәлізін дамыту: Олжас Бектенов Маңғыстаудағы стратегиялық жобалардың жүзеге асуын тексерді
Аймақтар
23.07.2026
Теміржолшылар мал иелеріне мал жаю ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.07.2026
Шалқарда ҚТЖ мен Wabtec серіктестігі аясында жаңа өнер мектебі салынып жатыр
Әлемде
23.07.2026
Германияның барлық вокзалында алкоголь тұтынуға тыйым салынады
Жүк тасымалы
23.07.2026
ҚТЖ желісі бойынша жарты жылда 157 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды