Теміржол көлігін пайдаланушылар артып отыр

Станция тынысы
18.10.2022, 10:40
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Белкөл станциясының теміржолшылары үшін биылғы жыл табысты болғалы тұр. Жыл басынан бері станциялық және маневрлік жұмыстар кезінде пойыздар қозғалысы қауіпсіздігінің бұзылуына жол берілген жоқ.

Пайдалану көрсеткіштері де көңілден шығады. Станциядан тек қыркүйек айында 49 вагонға 3136 тонна жүк тиеліп, жоспар 91 пайызға орындалған. Сондай-ақ, 500 вагоннан жүк түсіру межесін 669 вагонға жеткізіп, жоспарды 134 пайызға артығымен орындаған.  

Станция бастығы Кенжебек Өтегенов қыркүйек айындағы көрсеткіштер осы болса, тоғыз айда ол 96-188 пайыз аралығын құрағанын жеткізді. Мысалы, 4970 вагоннан жүк түсіру жоспары 9319 вагонға дейін жеткізіліп, меже 188 пайызға орындалған.

– Жоспардың өз деңгейінен асыра орындалуынан-ақ Белкөлге келетін жүктің көбейгенін байқауға болады. Яғни, теміржол көлігін пайдаланушылар артып отыр. Және де тапсырыс берушілер мен станция теміржолшыларының жоғары деңгейде ынтымақтасып жұмыс жасауының нәтижесінде бірде-бір вагонды шашау шығармай, бекітілген жұмыстар уақытылы орындалуда, – деді станция бастығы.  

Ұжымды алға сүйрейтін кәсіби мамандар Белкөлде де аз емес. Олардың қатарын станция бастығының орынбасары Ербол Сембиев, жүк қабылдап-тапсырушы Ғазиз Қыстаубаев, тауар кассирі Нәзипа Бұлтбаева, станция кезекшісі Бақытжан Назаров, кезекші жанындағы оператор Сәбит Тобашев сынды теміржолшылар толықтырып отыр.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда