Тассай станциясында биыл 2640 вагон жүк тиелді

Станция тынысы
16.12.2022, 09:58
Суреттерді түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Төрт облысты басып өтіп, мың шақырымды құрайтын Бейнеу – Жезқазған темір жолы бүгінде толыққанды жұмыс істеп, еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға үлес қосуда.

Магистраль бойында пайда болған ірілі-ұсақты станциялар дамып жатыр. Ақтөбе бөлімшесіне қарасты бір ғана Тассай станциясында биыл 2640 вагон жүк тиелді.  

2014 жылдың тамызында салтанатты түрде ашылған Тассай станциясы – иен далаға жан бітірген Қазақстан темір жолының үлкен жобасы. Тәуелсіздіктің төл туындылары туралы Тассай станциясының басшысы Жігер Шыңғысов баяндап берді.  

Жалпы ұзындығы 988 шақырымды құрайтын Жезқазған – Бейнеу теміржол желісі Қарағанды, Қызылорда, Ақтөбе және Маңғыстау облыстары арқылы өтеді. Соның Шалқар – Бейнеу көлік дәлізі республикаішілік көлік-экономикалық қатынастарды, елдің экспорттық байланысын ұтымды етуге, сондай-ақ транзиттік ағындардың өту жағдайларын оңтайландыруға орасан зор ықпал етуде. Жалпы, тұтас теміржол желісі республиканың барлық аймақтарындағы көлік байланыстарына оң әсерін тигізді. Қолданыстағы белгілі бір бағыттар бойынша трафиктің таралуын жақсартуға мүмкіндік беретін жаңа маршруттар құрылды. Тасымалдау қашықтығының қысқарғанын ескере отырып, бұл Орталық, Шығыс, Оңтүстік және Батыс Қазақстанның республикадағы көлік-экономикалық байланыстарына және экспорттық трафикке оң әсерін тигізді.  

– Соның ішінде біздің Тассай станциясының рөлі ерекше. Жүк тасымалы жылдан жылға артып келеді. Биыл станциядан 155 мың тоннадан асатын 2640 вагон жүк тиеліп, 76 вагон жүк түсіру жұмыстары жүргізілді. Тек алпауыт мекемелер ғана емес, тұрғындар да теміржол қызметінің мүмкіндіктерін пайдалануға ұмтылуда. Әсіресе, қиыршық тас және мұнай тасымалы қарқынды. Жүк тиеу-түсіру жұмыстары жоспарға сай ұйымдастырылып отыр, – дейді Тассай станциясының бастығы Жігер Шыңғысов.  

Пайдалануға берілгеніне небәрі 8 жыл болған, 11 адам жұмыс істейтін, салыстырмалы түрде жас станцияда әзірге тек теміржолшылар ғана тұрып жатыр. Заманауи үлгіде салынған 8 үй бар. Онда станция басшысынан бастап, жол дистанциясы, вагон пайдалану депосы, электрмен жабдықтау дистанциясының жұмысшылары тұрады. Жұмысшылар үшін арнайы еңбекші пойызы қатынап тұр.  

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды