Алға станциясында жұмыс қызып тұр

Станция тынысы
20.12.2022, 10:09
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбенің Алға станциясы – алты жолаққа тармақталған жолы бар, инфрақұрылымы жақсы дамыған көне станцияның бірі. Күретамыр магистральдың бойында жатқан шағын станция арқылы жүк және жолаушылар пойыздары ағылып жатыр.

Станциядан тәулігіне 25-30 жұп пойыз өтеді, бірнеше жолаушылар пойызы аялдайды.  

Қазір станция іргесінен салынып жатқан автожолға тас, тағы басқа құрылыс материалдарын жеткізу жұмыстары қызып тұр. Халықаралық маңызы бар жолдың Бестамақ-Қандыағаш учаскесіне қиыршық тас түсіру қызу жүріп жатыр. Айына 600- 700 вагон жеткізіледі.  

«Алдағы жылы да станцияда жұмыс көлемі артады деген болжам бар. Қытайлық фирма станция басынан цемент зауытын салуды қолға алды. Қазір жерін дайындау жұмыстары жүріп жатыр. Іске қосылған кезде шамамен тәулігіне 50 вагон жүк тиелетін болады. Бізге де жаман емес, жұмыс көлемі артып, қызметкерлер саны да көбеюі мүмкін», – дейді станция бастығы Аян Жылқайдаров.  

Станцияның тарихы 1908 жылдан басталады. Қазақ жеріне тартылған темір жол тарихымен қатар жасасып келе жатқан станцияға жақын кезінде химиялық зауыттар болған екен, өнімдері осы станциядан тиелген. Қазір станция химиялық зауыттардың қалдықтарын тасумен де айналысады. Жеке фирмалар қалдықтарды вагонға тиеп, цемент зауыттарына өткізіп отыр. Заманауи жетістіктер елімізде қалдықты өңдеу жұмыстарын да жолға қойып отыр.  

– Ол ол ма, кезінде Қазақстанды спиртпен қамтамасыз еткен зауыт та осы станцияда болды. 2013 жылдан бері жұмысы тоқтаған зауытты қазір қайта іске қосу қолға алынған. Зауыт басшылары алдағы жылдары іске қосылатын зауыт өнімін темір жол арқылы тасымалдауға ниетті екендерін білдіріп отыр, – дейді станция бастығы. 

Алға станциясының бастығы Аян Жылқайдаров теміржолшылар отбасынан шыққан.  Еңбек жолын Бестамақ станциясына пойыз құрастырушы болып бастап, станция кезекшісі, пойыз диспетчері сынды еңбек жолынан өтіп барып, 2010 жылы станция бастығы болып тағайындалды.  

Алғада еңбек ететін елу шақты теміржолшының он шақтысы станцияда жұмыс істейтін қозғалыс саласының мамандары, қалғаны жолшылар, электромеханиктер, т.б. салада тер төгуде.  

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды