Сазанқұрақ станциясы нағыз кен орны

Станция тынысы
20.12.2022, 11:38
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау темір жолының Сазанқұрақ станциясында ширек ғасыр кезекші болып еңбек ететін кейіпкеріміздің айтуынша «Сазанқұрақ» – кен орны. Осыдан жиырма жылдай бұрын кен орны ашылғанда мұнай өнімі көп болып, тасымал тасқынын арттырған.

Сол жылдары №12 разъезд 4-ші класты Сазанқұрақ станциясы болып өзгертілді. Бастапқы жылдары аптасына екі жүздей вагон Ақсарай арқылы Ресейге, жүзге жуық вагон Махамбет станциясы арқылы өтіп, Қытайға экспортталатын. Байденов Айдарбай сол кездегі қайнаған еңбек қазанын тамсана әңгімелейді. Ол кезде пойыз құрастырушы болған теміржолшы Сазанқұрақтың жұлдызды шағын бүгінгі күнмен салыстырады. 

– Ол кезде станцияда жұмыс қайнап жатады, күніне 20-30 пойыз өтеді. 4 маневрлік жол бар. Пойыздардың бірін қабылдап, бірін жөнелтіп жататын қарбалас кез еді... Бүгінде ондай жұмыс көлемі жоқ. Станция арқылы күніне 10-15 пойыз өтеді, бірақ бәрі бірдей тоқтай бермейді, бұрынғыдай толассыз құрам жоқ. Станциядан бес шақырым жердегі Сазанқұрақ кен орнында да бүгіндемұнай қоры азайған. Аптасына 18-20 вагон жөнелтеді. Жүк тиеу кезінде 3 локомотив пайдаланылады, олар вагондарды кен орнына және кейін тасымалдап, сұрыптап, Атырауға алып кетеді. Қазір бұрынғыдай емес, станцияда бәрі дерлік автоматтандырылған, компьютерден пойыздар қозғалысы көрініп тұрады. Тек табло бұрынғы, әзірге жаңартылған жоқ. Байланыс та жақсы, Гид УРАЛ жүйесі орнатылған. Кезекшілер машинистермен радиостанциялар арқылы байланысқа шығамыз, – дейді Айдарбай Байденов. 

Кеңес кезінде Гурьев темір жол техникумын, бертін келе Тынышбаев атындағы академияны бітірген маман теміржолшылар әулетінің негізін қаласам деп армандайды. 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл