Болашақ станциясы он жылдығын атап өтті

Станция тынысы
22.05.2023, 12:13
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстаудың  Болашақ станциясы арқылы Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы теміржол байланысына 10 жыл толып отыр. Көрші елмен теміржол қатынасының орнауы еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға орасан зор мүмкіндік беріп, бүгінде миллиондаған тонна жүк осы жолмен шетел асуда.  

  

Сонымен қатар жаңадан тартылған теміржол бойына ел қоныстанып, сахара кемесі түйелер жортқан елсіз далаға жан бітіп, тіршілік пайда болды. Сондықтан шекарадағы Болашақ станциясында өткен он жылдық мерейтойына жергілікті халық, оның ішінде теміржолшылар тайлы-таяғына дейін қатысты. Салтанат көк туды желбіретіп, ауыл көшелерімен жүріп өткен мотошеруден бастау алды.  Спорттық сайыстар, мерекелік жәрмеңке ұйымдастырылып, станцияның қалыптасып, өркендеуіне үлес қосқан жандар марапатталды.  

Маңғыстау қосалқы бөлімінің бастығы Нәжімеден Ғұбашов, Қарақия ауданының әкімі Қыдырберді Беков, Маңғыстау облысының Құрметті азаматы, Құрметті теміржолшы ардагер Қожахмет Уәзір, т.б. азаматтар көпшілікті айтулы датамен құттықтап, өткен жылдардан естеліктер айтылды.  

– Бұл маршрут арқылы жүк ағыны нарыққа ең қысқа құрлық жолымен өтеді. Әрі әлемдік саудаға даңғыл жол ашады. Яғни елдер арасында тікелей жеткізілім жасап, транзиттік тасымалдың уақытын айтарлықтай қысқартады. Болашақ станциясы осындай маңызды миссияны атқарып отыр, – деді өз сөзінде Маңғыстау қосалқы бөлімі бастығы Нәжімеден Ғұбашов.  

 

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда