Ерекше статусы бар станция

Станция тынысы
17.08.2023, 10:44
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Алматы жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты Достық станциясының статусы да ерекше. Қытай мен шекаралас кластан тыс станция Ақтоғай – мемлекеттік шекара учаскесінің 303-310 шақырымында орналасқан. Жұмысының сипаты бойынша жүк және сұрыптау станциясы функцияларын атқарады.

Қытайдың Үрімші темір жолына қарасты Алашанькоу шекаралық станциясымен шектесетін  Достық станциясы қызметінің өзіне тән ерекшелігі неде десек, ең алдымен оның жұмысы, яғни екі станция арасында  жұмыс тәртібі ҚХР Темір жолдар министрлігі мен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің аралас комиссиясының хаттамасымен бекітілетінін айтып өткен жөн. Бұл құжат екі елдің теміржолшылары арасында келіссөздер жүргізу барысында жылына бір рет түзіледі екен.  Екінші ерекшелігі, станцияда қос ел арасына қатынайтын құрамдардың доңғалақ жұптарын теміржолдың 1520 мм қазақстандық жолтабанынан 1435 мм қытай жолтабанына және керісіне ауыстыру жұмыстары атқарылады. Станция автоматты блоктаумен жабдықталған, пойыздардың қозғалысын аралас комиссия хаттамасының талаптарын негізге ала отырып, станция кезекшілері атқарады.  

Станция бірнеше операцияларды орындайды: пойыздарды қабылдау және жөнелту, құрастыру және тарату; вагондарды 1520 мм жол табанынан 1435 мм жол табанына және керісінше қою; Қытай Халық Республикасының вагондарынан Қазақстан Республикасының вагондарына және керісінше жүктер мен контейнерлерді қайта тиеуді қамтамасыз ету; тауарларды кедендік ресімдеу; жолаушылар пойыздарын қабылдау және жөнелту, қала берді жолаушыларға қызмет көрсету; сондай-ақ Қытайда тауарларды қабылдау және оларға тапсыру.  

Достық – Алашанькоу учаскесіндегі пойыздардың салмақ нормалары «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Үрімші темір жолы арасындағы жыл сайынғы келісіммен белгіленеді. ДСП кеңсесінде орналасқан ЭЦ қосынында байланыстың барлық түрлері, пойыздық, маневрлік радиобайланыс, екі жақты парк байланысы, диспетчерлік, станция аралық, жергілікті телефон байланыстары бар. Достық-Алашанькоу учаскесіндегі жүк пойызының номиналды ұзындығы 56 вагонды құрайды. Станцияның бес паркі бар, пойыздарды қабылдап жөнелтетін «А» паркіндегі жолдың табаны 1520 мм болса, «В» жолаушылар паркінде жол табандары 1520 мм және 1435 мм, ал «Д» қабылдап-жөнелту паркінің жол табаны 1435 мм, «Г» сұрыптау паркіндегі жол табаны 1520 мм, «Т» кедендік паркіндегі жол табаны 1520 мм және 1435 мм құрайды. Міне, осындай күрделі операцияларды жүзеге асыру Достық станциясының жұмысын еліміздің басқа станцияларынан айтарлықтай ерекшелендіреді.  

Станция сигналдар мен стрелкалар электрлік орталықтандырылған құрылғылармен жабдықталған және ол станция кезекшісінің алдындағы пульт-таблоға қосылған. станция кезекшісі жолдың жағдайына, стрелкалар мен сигналдар орналасуына, жол аралықтарына іргелес орналасқан телімдер ахуалына бақылау жүргізіп отырады.  

Жеті айдағы жетістік

Достық станциясының ұжымы биылғы жылдың жеті айында пайдалану көрсеткіштерін орындауда статистикалық жүктеме, жұмыс паркі, Жалаңашкөлдегі жүк тиелімі сияқты үш-төрт көрсеткіште кемшін қалғаны болмаса, көбісін меже үдесінен асыра орындаған. Мәселен, вагондарда экспорттық жүкті тапсыру жоспары 101, ал тоннаға шаққандағысы 111%-ке орындалса, импорттық жүктерді вагондарда және тоннамен қабылдау көрсеткіштері де 198 және 109%-ке жетіп жығылған. Вагондарда  және тоннаға шаққандағы жүк айналымы жоспардан 38 және 10 пайыздарға асыра орындалса, вагондардан жүк түсіру, вагондарға жүк тиеу, тоннаға шаққандағы тиелім де межеден жоғары шығып отыр. Сонымен қатар вагонның бір жүк операциясы кезінде  және жергілікті вагонның тоқтап тұру сағаттарына қатысты көрсеткіш те жоспардан асыра орындалған. Транзиттік вагонды өңдеуге қатысты тоқтап тұру уақыты жоспар бойынша 17, 16 сағат болса, ал бұл көрсеткіш 13, 22 сағатты құраған.    

Достықты дамыту жоспары

Достық – Алашанькоу темір жол түйіспесі ел назарындағы басты нысан. Қытай – Еуропа – Қытай бағдарындағы транзиттік тасымалдың басым бөлігі де осы түйіспе арқылы өтеді. Сондықтан аталған өткел арқылы жүк тасымалын арттыру үшін Достық станциясын дамыту аса маңызды. Бұл бағытта ауқымды іс-шаралар қолға алынып отырғанын айту керек. Мысалы, алдағы жылы станцияда микропроцессорлық жабдықтары бар жаңа ЭЦ қосынын салу жоспарда бар. Сонымен қатар төрт қабылдау және жөнелту жолы бар 1520 милиметрлік «З» паркін салу және «Д» қабылдау-жөнелту паркінде қосымша екі жол салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ  «Т» және «Д» парктерінің арасына 1435 милиметрлік жол табаны бойынша екінші жол салу қарастырылса, «Г» сұрыптау паркіндегі алты жолды ұзарту жоспарлануда екен. Бұдан басқа да жүзеге асырылып жатқан жұмыстар аз емес. Мәселен, Достық – Мойынты телімінде екінші жолды салу жобасы бойынша құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатса, биыл қазан айында «ЭТТ Достық» ЖШС жүкті ауыстырып тиеу терминалы пайдалануға берілмек.  

 

Жаңалықтар / Мұрағат
02.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №42 2 маусым 2026 жыл
Әлеумет
01.06.2026
ҚТЖ ұйымдастырған мерекеге 5000 бала қатысты
Әлеумет
01.06.2026
ҚТЖ Жетісу облысында 140 орындық жаңа балабақшаны ашты
Әлеумет
01.06.2026
Мерекелік сурет байқауы
Аймақтар
01.06.2026
«WorldSkills – 2026»: Тараздық студенттердің жетістігі
Әлеумет
01.06.2026
Балаларға базарлық
Инфрақұрылым
01.06.2026
«Бейнеу – Маңғыстау» жобасының іске асырылу барысы
Жолаушылар тасымалы
01.06.2026
ҚТЖ пойыздарының жолсеріктері балаларды мерекемен құттықтады
Әлеумет
31.05.2026
Армандар орындалады
Жолаушылар тасымалы
31.05.2026
ҚТЖ пойыздарымен 500 мыңнан астам бала тасымалданды
Әлеумет
30.05.2026
Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды
Жолаушылар тасымалы
30.05.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ багаж тасымалын цифрландыру бойынша пилоттық жобаны сынақтан өткізіп жатыр
Жаңалықтар
30.05.2026
Теміржолшыларға алғашқы көмек көрсету дағдылары мен төтенше жағдайдағы әрекеттері үйретілді
Жаңалықтар
30.05.2026
ҚТЖ Балаларды қорғау күні қарсаңында қызметкерлерінің 100 дарынды балаларын қолдады (ФОТО)
Жаңалықтар
29.05.2026
ҚТЖ үздік рационализаторларды марапаттады
Жолаушылар тасымалы
29.05.2026
ҚТЖ жазғы маусымға үш қосымша қала маңы пойызын тағайындады
Жаңалықтар
29.05.2026
Көлік министрлігі Ақтау портының акваториясын тереңдету жобасын талқылады
Аймақтар
29.05.2026
Теміржол энергетиктерінің қажырлы еңбегі
Аймақтар
29.05.2026
Ревизорлар неге алаңдайды?
Қауіпсіздік
29.05.2026
Полиция қызметкерлері оқушыларға жол қауіпсіздігін түсіндірді