Шиелі станциясы – өндірістік бекет

Станция тынысы
03.10.2023, 09:58
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Аймақ теміржолының дамуында өзіндік орны бар Шиелі станциясы – өндірістік бекет. Орынбор – Ташкент күрематыр магистралінің бойында жатқан көне станция арқылы арыбері жөңкілген жүк және жолаушы пойыздарында есеп жоқ.

Шиелілік теміржолшылар жыл басынан бері өздеріне бекітілген міндетті тапсырмаларды көтеріңкі көрсеткішпен орындауда. Сегіз ай ішінде негізгі көрсеткіштер жоспары 106-140 пайыз аралығында жүзеге асырылып, теміржолшылардың сүбелі еңбегін паш еткен.  

Шиелі станциясында атқарылған жұмыстар желісімен таныстырған бекет басшысының орынбасары Нұрғали Әбжапбаров еңбекқор ұжымның көздеген мақсаты өткен жылғы межеден асып, биылғы жылды табысты қорытындылау екенін жеткізді. Сегіз айда 11291 вагоннан жүк түсіру межесі 12250 вагонға жеткізіліп, жоспар 106 пайызға жеткен. Станцияға келген 334 пойыздан 17725 вагон ағытылып, 302 пойыз құрастырылып, оған 14919 вагон тіркелген. Станция маңына шоғырланған өндіріс орындарының күнделікті тіршілігінде теміржол көлігін қолдануы мен аудандағы кәсіпкерлермен тығыз қарым-қатынас орната білуі де шиелілік теміржолшылардың басты назарындағы мәселе.

Шиеліге келіп-кетіп жатқан сансыз көп құрамды кесте бойынша қабылдап-жөнелтіп, олардан керекті вагонды ажыратып алып, бүкіл қозғалысты реттеп отырған станция кезекшісі Есен Мырзағұлов пен станция кезекшісі жанындағы оператор Гүлзира Жүсіпованың еңбегі ерен. Сондай-ақ жүк құжаттарын рәсімдеуде информатороператор Роза Қойшыбаева мен жүк қабылдап-тапсырушы Азамат Аханбектің, іс жүргізуші Бағжан Нұртазаеваның да ортақ іске қосып отырған үлесі мол.  

– Станция теміржолшылары жыл басынан бері пойыздық және маневрлік жұмыстар кезінде жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігі бұзылуына жол берген жоқ. Теміржолшылардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелері шешілген, маусымдық киімдермен толық қамтылған, ұжымдағы ахуал жақсы. Өндірістік жұмыстардың тиісті деңгейде ұйымдастырылуына басымдық беріледі. Мақсат – ағымдағы жылды тосын жағдайсыз өткізіп, қомақты көрсеткішке қол жеткізу, – деді станция басшысының орынбасары Нұрғали Жүрсінұлы.  

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда