Жалағаш станциясында өндірістік көрсеткіш жаман емес

Станция тынысы
01.12.2023, 09:00
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Орынбор – Ташкент  магистарлінің бойында жатқан Жалағаш станциясында бүгінде елуге жуық теміржолшы еңбек етеді. Жүк және жолаушы тасымалының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етумен қатар, аудан экономикасының ілгерілеуіне үлестерін қосып отыр.    

Теміржолшылардың тұрмыстық қажеттіліктері қарастырылған, маусымдық киімдермен толық қамтылған, ауысымаралық техникалық сабақтар кестемен өткізіліп, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін арттыру бағытындағы жұмыстар тұрақты атқарылады.

Компания бойынша теміржол саласын жетілдіру, жаңартып-жаңғырту бағытындағы бірқатар жұмыстар Жалағаш станциясында да қолға алынуда. Бұл салада еңбек еткен адамдарға аса зор жауапкершілік жүктеліп отыр.  

– Жалағаш станциясының 11 айдағы өндірістік көрсеткіші жаман емес, 26 вагонға жүк тиеліп, 1200 вагоннан жүк түсіріліп, жоспар артығымен орындалды.  Жүктерді түсіру және тиеу жұмыстары бір сәт кідірген емес. Жүк вагондарының  ахуалын қадағалап, оларды жетектен дер кезінде ағыту, тіркеу жұмыстарын мінсіз атқарып отырған станция қызметкерлерінің қатарында аға жүк қабылдаушысы Айгүл Абенова, станция кезекшілері Махсут Ахатов пен Болатбек Тұрлашовдың еңбегін ерекше атап өткен жөн болар еді. Олар жас мамандарды тәрбиелеуде де жетістікке жетіп жүр. жоғарғы білімді, өз жұмысын жақсы меңгеріп жүрген тиянақты да тыңғылықты ісімен көпшіліктің көңілінен шығып жүрген жас маман Айнұр Кішкенбаева салалық кәсіптің қыр-сырын игеріп келеді, – дейді станция бастығы Айбек Қасымов.

Айбек Сәндібекұлы бөлімше басшылығы бекітіп берген межелі жұмыстардың үдесінен толық шығып отырғандарын, жылды жақсы көрсеткіштермен қорытындылауға барлық алғышарт бар екенін жеткізді.  

Станцияға Алматы – Ақтөбе, Алматы – Атырау, Маңғыстау – Алматы, Қызылорда – Павлодар бағыттарындағы жұп жолаушылар пойыздары аялдап, аудан халқынынң теміржол көлігіне деген сұранысын толық қанағаттандырып отыр.    

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда