Сексеуіл станциясы өндірістік жұмыстарды асыра орындады

Станция тынысы
20.02.2024, 10:44
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда қосалқы бөліміне қарасты Сексеуіл станциясы – аймақтың солтүстігіндегі тораптық станция. Станцияда вагондарды сұрыптау жұмыстары Сексеуіл-Қоскөл-Жезқазған, Сексеуіл- Арыс және Сексеуіл-Қандыағаш бағыттары бойынша жүргізіледі.

Өткен жылы маневрлік және станциялық жұмыстарда пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі бұзылуына жол бермей, өндірістік жұмыстардың көрсеткішін 112-134 пайыз аралығында асыра орындаған сексеуілдіктер билғы жылдың межесін де осы қалыпта ұстауға бекініп отыр. Барлық жұмыс қауіпті аймақта іске асырылатындықтан қауіпсіздік шараларына басымдық беріп еңбек қорғау, техникалық қауіпсіздік талаптары назарға алынуда.  

– Сексеуіл тораптық станция болғандықтан мұндағы жұмыстар Сексеуіл-Қоскөл-Жезқазған, Сексеуіл-Арыс және Сексеуіл-Қандыағаш сияқты үш бағытта жүргізіледі. Станцияға келген-кеткен құрамдарды сауатты қабылдап-жөнелтіп отырған сауатты станция кезекшісінің ролі жоғары. Бұл тұрғыда біздің станция кезекшісі Биғали Берден мен кезекші жанындағы оператор Бағия Рысмамбетова өз істерінің шебері екенін айтар едім. Маневр диспетчері Ертай Кемаладинов пен пойыз құрастырушылар шеберлігі де кәсіби деңгейді көрсетеді. Жалпы, бізде кездейсоқ адам жоқ, бәрі өз орнында отырған тәжірибелі теміржолшылар. Сондықтан жұмыс та ұқыпты, ретті атқарылып, сауатты жүреді, – деді станция бастығы Абдулхамид Тұрмантаев әріптестеріне деген сенімі мен құрметін жасырмай.  

Төрт ауысыммен жұмыс істейтін сексеуілдіктер жүк вагондарынан көмір, тұрмыстық және құрылыс заттарын көп түсіреді, ал станциядан тиелетін жүк жанар-жағармай мен тұрмыстық қажеттіліктер екен.  

Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты