Исатай станциясы толық қуатында жұмыс істеп тұр

Станция тынысы
25.06.2024, 10:22
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Исатай станциясы аудан орталығынан 83 шақырым жерде орналасқан. Қазақтың күрескер батыры Исатай Тайманов атындағы 4-ші класты станция сонау 70-ші жылдары Атырау – Астрахань темір жолы салынған кезде құрылған. Станцияда мың жарымдай тұрғын тұрады, 11 жылдық мектеп, медпункт, екі балабақша бар. Бүгінде шағын ғана станцияда жұмыс қызу жүріп жатыр.

Олай дейтініміз, сол өңірде Ақтөбе – Атырау – Астрахань республикалық маңыздағы тас жолының салынып жатқанына бірнеше жылдың жүзі болды, әлі бітетін түрі жоқ. Ай, апта сайын топырақ, шебін, цемент, битум сынды келіп жатқан құрылыс материалдарында есеп жоқ. Темір жол үшін ол әрине тиімді, тасымал толастамайды. Станциядан тәулігіне отыздан аса жүк пойызы өтеді және осындағы «Сине-Мидас-строй» түрік компаниясының кірме жолына 20-60 вагон жүк күндіз-түні дамылсыз келіп-кетіп жатады. Одан бөлек станция арқылы Ресей бағытына өтетін жүк және жолаушылар пойыздары бар.  

Әңгіме станцияның жұмысы туралы болып отыр. Толассыз келіп жатқан жүкті уақытында қабылдап-жөнелту, құжаттамаларын тексеру, қаражатты есептеу, пойыздарды ағытып-қосу сынды жұмыстарды санаулы адам ғана атқарады. Яғни ол станцияның өткізу қабілетін арттыруға кедергі бір-ақ нәрсе, станцияда штаттың қаралмауы еді. Мамандар станция кезекшісі-электромеханик, пойызқұрастырушыэлектромонтер жұмыстарын қатар атқарып келді. Ал тауар кассирі, жүк қабылдап-жөнелтуші, пойыз құрастырушы деген лауазым станцияда мүлдем жоқ болатын. Былтыр комиссия осы олқылықтың орнын толтыру, яғни штат құрамын толықтыру жөнінде нұсқау берген болатын. Осы мәселе бүгінде оң шешімін тауыпты.  

Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің өндірістік-техникалық бөлім бастығы Әзиз Айжарықовтың айтуынша, станция толыққанды жұмыс жасап жатыр, мамандармен штат кестесіне сай толықтырылған. Бүгінде бір станция бастығы және 4 станция кезекшісі еңбек етеді. Оған қоса 2 тауар кассирі, 2 жүк қабылдап-жөнелтуші және 2 пойыз құрастырушы штаты ашылған.  

«Бәрі де біздің бөлімше штатында. Әйтсе де, пойыз құрастырушыларға жалақыны «Сине-Мидас-строй» компаниясы төлейді, қалғандары біздің құзырымызда. Құрылыс жұмыстары түгелдей аяқталып, қазіргідей қарбаластан арылған сәтте мамандарға деген ондай қажеттілік болмайды. Сондықтан ол уақытша енгізілген штат бірлігі», – дейді ол.  

Сөйтіп, қазір аймақтағы құрылыс жұмысына станция тарапынан кедергі жоқ. Жүктер уақытылы түсіріліп, вагондар кідіріссіз жүріп жатыр. Станция басында вагон қараушылар, байланысшы, жолшы, электрмен қамту мамандары бірлесе еңбек атқаруда.  

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл