Шу жол дистанциясының бүгінгі тынысы

Станция тынысы
10.02.2025, 11:46
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Ақпанның алғашқы аптасында Жамбылдан Шуға сапар шектік. Пойыздан таң қылаң бере түсіп, жұмыс күні басталғанша Шу вокзалының күту залында отыра тұруға тура келді. Шу жол дистанциясы бұл жерден қашық емес. Қарбалас күннің алдындағы таңғы тыныштық. Вокзалда пойыз күткен бірен-саран жолаушылар болмаса, адам аяғы аз. Есесіне сырттағы тіршілік толассыз. Жолаушылар мен жүк пойыздары бірі келіп, бірі кетіп жатыр...  

Рельс жағалап жүріп келе жатып, темір жол – экономиканың күретамыры деген теңеудің дәл айтылғанын ойладым. Таңертеңгі сегізде мекемеде ешкім болмайды деп қателескен екенмін. Шу жол дистанциясының бастығы Е.Кланов пен бас инженер Б.Сабырхан «Бірлік-2» станциясындағы құрылыс басына кетіп қалыпты. Станцияны қалпына келтіру жұмыстары былтыр басталған болатын. Қазір онда жұмыс қызып жатыр. Негізгі күш сонда жұмылдырылған. Олар келгенше кадр бөлімінің бастығы Бақыт Әлімжанқызына жолығып, мекеменің тарихымен таныстым.

Жалпы Шу жол дистанциясының тарихы Түрксіб теміржолымен сабақтас,  сонау 1929 жылдан бастау алады. Сол жылдың мамыр айында елдің солтүстік бөлігінде 562 км және оңтүстік аймақта 350 км жол салынып, Луговойдан Шоқпар станциясына дейін 180 км жол учаскесінің құрылысы аяқталады. Соған қарай Шу станциясында жаңа жол қозғалысы іске қосылып, жол учаскесіне қызмет көрсететін колонна ашу туралы шешім қабылданады. 1929 жылдың 25 тамызында №11 Шу жол дистанциясы атауы берілген мекеме бастапқыда ұзындығы 122 шақырым жолға қызмет көрсетеді. Содан бері 96 жылдың белесінде сан рет қайта құрылымдаудан өтіп, қызмет көрсететін жолдардың ұзындығы да артып, жұмыс ауқымы да көбейген Шу жол дистанциясы бүгінде жалпы ұзындығы 490,8 км  жолды күтіп-баптап отыр.  

Шу, «Бірлік-1», «Бірлік-2», Жиделі, Хантау, Тәтті, Аспара станциялары осы ПЧ-50 жол дистанциясына қарайды, 391 бағыттама бұрма бар. Шу – Шығанақ станциялары аралығындағы – 206,3 км, Шу – Отар станциялары бағытындағы – 26,9 км, Шу – Жамбыл станциялары арасын қамтитын 139,5 км аумақта пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Темір жолды тиісті ағымдағы жөндеуден, шаруашылық жолмен бағыттама бұрмаларды және жолдарды күрделі жөндеуден өткізеді.  

– Қазіргі кезде дистанцияда 350 адам жұмыс істейді. 2007 жылы салалық жарыс қорытындылары бойынша дистанция өндірістік-қаржылық қызметтегі жоғары нәтижелері және пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз еткені үшін «Үздік мекеме» атағын иеленіп, 1-орынды жеңіп алған. Біздің ұжымда еселі еңбегімен абыройға бөленіп, сала ісін дамытуға үлес қосып жүрген білікті мамандар жеткілікті. Мысалы, учаске бастықтары Анарбек Орынбасаров, Айдар Рахимов, Медет Жұмұрбаев бастаған жолшыларды, жол шеберлерінің тәжірибелерін жастарға үлгі етіп отырамыз, – дейді Бақыт Әлімжанқызы.

Инфрақұрылымды модернизациялаудың басты мақсаты учаскелердің пойыздарды өткізу мүмкіндігін арттыру және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету екені түсінікті. Соңғы бес жыл ішінде Шу жол дистанциясында теміржолды жаңғырту бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізіліпті. Күрделі жөндеу кезінде негізгі жолдардың 17 шақырымы жаңартылып, рельстер ауыстырылып, жаңа темірбетон шпалдар төселген. Бағыттамалық бұрмалардың 66 жиынтығы жаңартылған.    

Шу жол дистанциясының бастығы Едігер Клановтың айтуынша, «Бірлік-2» станциясы қалпына келтіру Мойынты – Шу – Алматы телімінің өткізу қабілетін, пайдалану жағдайын жақсарту мақсатында қолға алынған. Бұл жоба іске қосылғанда Шу станциясы арқылы қозғалыс жүктемесін азайтуға мүмкіндік туады.

– Станцияны қалпына келтіру жұмыстарының бекітілген жобалау-сметалық құжаттамасына сәйкес жалпы ұзындығы 8311,56 метр тоғыз станциялық жол, бағыттамалық бұрмаларға арналған темірбетон арқалықтардың 32 жиынтығын салу көзделген. Қазіргі уақытта 5674,86 метр жол төселді. Бұл жалпы жұмыс көлемінің 68 пайызын құрайды. Бағыттамалық бұрмалардың алтауы орнатылып, жоспар 19 пайызға орындалды. Жол дистанциясы бойынша теміржолды одан әрі дамыту және жаңғырту шеңберінде 2025 жылға 17,375 км негізгі жолдарды күрделі жөндеуден өткізу қарастырылған. Ал бағыттамалық бұрмаларға темірбетон арқалықтардың 20 жиынтығын төсеу жоспарланып отыр. Бұл жұмыстардың барлығы көктемгі маусымға дайындық барысы және пойыздарды өткізу қажеттілігін ескере отырып жүргізіледі, – дейді Едіге Шешенбайұлы.

Көктемгі маусымға дайындық жұмыстары кешенді шараларды қамтитыны белгілі. Бұл кезеңде жолдардың жай-күйін зерделеу мақсатында диагностикалық тексерулер өткізіледі. Ол жұмыс бірнеше бағытта жүргізіледі: теміржол төсемінің бағыттамалық бұрмалардың жай-күйін тексеру, профилактикалық және жөндеу іс-шаралары. Айта кету керек, тоғыз тарау жол торабына қызмет көрсететін Шу жол дистанциясы жүктемесі өте жоғары, жұмысы күрделі де жауапты  дистанция саналады.  

 

Станция тынысы
09.06.2026
Сам станциясына пойыз тоқтайтын болды
Аймақтар
09.06.2026
Өткелдегі қауіпсіздік өзекті мәселе
Инфрақұрылым
09.06.2026
Экологиялық мәдениет – өркениет белгісі
Қауіпсіздік
09.06.2026
Бес жылда – жеті оқиға
Аймақтар
09.06.2026
Семейде желі бойының тазалығы тексерілді
Жаңалықтар
09.06.2026
Адал еңбек алғысқа лайық
Аймақтар
09.06.2026
Қандыағаштық теміржолшы ірі апаттың алдын алды
Жаңалықтар / Мұрағат
09.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №44 9 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
08.06.2026
Вокзалда тәртіп бұзған азамат жауапқа тартылды
Аймақтар
08.06.2026
Қоршаған ортаны қорғау – ортақ міндет
Жаңалықтар
08.06.2026
Alstom Қазақстанда жаңа сервистік депо салып жатыр
Инфрақұрылым
08.06.2026
Сексеуіл стансасында жаңа вокзал құрылысы қарқын алды
Инфрақұрылым
08.06.2026
Қонаевтағы теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын
Жаңалықтар
08.06.2026
Бакуде Қазақстанға арналған алғашқы контейнерлік кеменің құрылысы басталды
Спорт
08.06.2026
ҚТЖ алғаш рет футзалдан балалар арасындағы республикалық турнир өткізді
Жаңалықтар
06.06.2026
«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Қызылорда жүргізушілеріне теміржол өткелдерінен жүру ережелері еске салынды
Жаңалықтар
06.06.2026
ҚТЖ Тrip Optimizer жүйесімен ТЭ33А тепловоздар паркінің 92% - дан астамын жабдықтауды аяқтады
Инфрақұрылым
05.06.2026
Инфрақұрылымды жаңғырту жалғасуда
Цифрландыру
05.06.2026
Жасанды интеллект қолданыста
Аймақтар
05.06.2026
Еңбек түбі – береке