Сексеуілде сұрыптау жұмысы артты

Станция тынысы
19.02.2025, 16:24
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда ЖТ бөлімшесіне қарасты Сексеуіл станциясының теміржолшылары кәсіби міндеттеріне адалдықтан айнымай келеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қозғалыс қауіпсіздігі мен жұмыс көрсеткіштері бойынша  жоғары нәтижеге қол жеткізген, биылғы қарқындары да жаман емес. Станцияда әсіресе жүк пойыздарын сұрыптау жұмысының сапасы да, жылдамдылығы мен көлемі де артып отыр.

Бұл жетістіктер – теміржолшылардың кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігінің нәтижесі, сонымен қатар тиімді басқарудың да көрсеткіші. Сексеуіл станциясының бастығы Абдул-Хамид Тұрмантаев – жұмысты дұрыс ұйымдастыра білетін тәжірибелі теміржолшы. Станцияда теміржолшылардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиімді бақылау мен техникалық пысықтау нұсқамалары ауысым алдында қатаң түрде, тұрақты жүргізіледі. Жолаушылар пойыздарының жөн-жосықсыз жөнелтілуі мен қабылдануына жол берілмей, кестенің қатаң сақтауы қадағаланады.  

Сол сияқты  пойыздардың сұрыпталуы мен маневрлік жұмыстар да тиімді ұйымдастырылған. Өткен жылы 12 ай ішінде станцияда 3 473 пойыз сұрыпталып, 206 510 вагон өңделген. 3 981 пойыз құрастырылып, оған 214 626 вагон өңделіп тіркелген. Жүк тасымалы жұмыстарының көрсеткіштері де оң нәтижелермен ерекшеленеді. Тиеу жоспары бойынша 158 вагон артық тиелсе, түсіру жоспары да 100 вагонға артығымен орындалған. Жүк вагондарының орташа салмағы 59,2 тоннаға жетіп, жүк тасымалының тиімділігін арттырған. Вагондарды өңдеу уақытында да тиімділік бар,  жоспардан аз уақытта орындалып, жұмыс көрсеткіші 164,6 пайызды құраған. Ал вагондармен жұмыс жасалмаған уақытты 123 пайызға дейін қысқартуға қол жеткізген. Жұмыс жасалған вагондардың уақыт көрсеткіші де жоспардан 128 пайызға артық орындалған. Жүк пойыздарының бір вагонының тұру уақыты жоспарланған 4,56 сағаттың орнына 3,84 сағатқа жуықтаған. Маневрлік және кірме жолдар маневрлік жұмысқа арналған локомотивтердің санын сақтау арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

– Станцияда күн сайын сағат сегізде станция мен бөлімше басшыларының қатысуымен есеп беру жүргізіледі. Бұл жұмыс тиімділікті арттыруға және кемшіліктерді жедел анықтауға мүмкіндік береді, әрі команданың бірлігін арттырады. Әріптестерімнің арасында кәсібилігі мен іскерлігімен ерекшеленгендер көп, атап өтсем, станция кезекшісі Жаппарберді Абдырахманов, маневр диспетчері Еркебұлан Қарабаев, пойыз қабылдаушы Қуантқан Алдамжаров, информатор Жанат Тлепбергенова, парк кезекшісі Жандос Мырзағұлов және пойыз құрастырушы Қуаныш Серіковтердің қай-қайсысы да жұмыс тиімділігін арттыруға тырысып, кемшіліктерді тез анықтап, шешуге ұмтылатын майталман мамандар. Мұндай жұмыс тәсілі мен тәртіп қашанда жақсы нәтижелерге қол жеткізеді, – дейді станция бастығы Абдул-Хамид Амедуллаұлы.

Бөлімшенің солтүстігіндегі тораптық бекеттің өндірістік жұмысындағы көтеріңкі көрсеткіштер биылғы жылы да сақталатынына сенім мол.  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда