Батысты Ресеймен тоғыстырған станцияға – 55 жыл

Станция тынысы
03.10.2025, 10:46
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы орталығынан 25 шақырым жердегі «Ганюшкино» станциясы – Ресей мен Қазақстанды байланыстыратын үлкен станция. Жуырда станцияның құрылғанына 55 толуына орай аудан көлемде үлкен іс-шара өтті.

«Темір жол» – тарих пен болашақты жалғайтын жол» деген атпен өткен салтанатты іс-шараға аудан халқы мен теміржолшылар көп қатысты. Ганюшкино ауылы бүгінде Ақкөл болып өзгертілген, бірақ станция атауы бұрынғыша қалды. Станция өткен ғасырдың 70-жылдары мемлекетаралық маңызы бар Атырау-Астрахань темір жолы пайдалануға берілген кезде құрылған. Жарты ғасырдан астам уақыт қызмет етіп келе жатқан станцияда 12 жол бар. Жұп паркте сегіз жол болса, тақ паркте төртеу. Соның ішінде ең ұзыны 1735 метрді құрайды. Ал станция жолдарының мұндай ұзын болуы маневрлік жұмыстар жасауға қолайлы, сондықтан мұнда пойыздардың тұрып қалуы сирек. Станциядан тәулігіне 18-20 жұп пойыз өтеді.  

«Теміржол станциясының 55 жылдығы – жалаң сан ғана емес, бұл – жарты ғасырдан астам уақыт бойы еңбек еткен теміржолшылардың маңдай тері мен жеткен жетістіктерінің өлшемі» деді салтанатты жиында сөз алған аудан әкімі Абат Жанғалиев. Әкім станцияда талай жыл еңбек етіп келе жатқан Ғ.Сарсембаева, И.Темірғалиев, С.Қойшиев, Ж.Құлбаева, Е.Қуанғалиев сынды теміржолшыларға облыс әкімінің Алғыс хатын табыс етті. Аудандық мәслихат төрағасы Гүлжанат Қалиева да біраз қызметкерлерді облыстық мәслихат төрағасының Алғыс хатымен марапаттады.  

Атырау жүк тасымалы бөлімшесі атынан бөлімше бастығының орынбасары Мұрат Жүгінісов құттықтау сөз сөйлеп, станцияның тарихы мен маңызына тоқталды. «ГурьевАстрахань теміржолы Қазақстанның батыс аймағын Орта Азиямен, Ресеймен тікелей жалғастырды. Сонымен қатар жол бойындағы ауылдар мен аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуына, шаруашылықтарына қажет тасымалдарды атқаруға да қолайлы жағдай туғызды. Жаңадан қаншама жұмыс орындары құрылды. Жол бойында жаңа елді мекендер пайда болды. Бүгінде 160-тан астам адам еңбек ететін Ганюшкино станциясы 55 жылдығын толағай табыстармен қарсы алып отыр», деді бөлімше басшысы.  

Мерейтойға орай қырықтан астам ардагерлер мен көптеген теміржолшылар Алғыс хатпен, «Ганюшкино станциясына - 55 жыл» арнайы медалімен марапатталды. Әлбетте, темір жол - көп салалы өндіріс, мұнда жолшы, вагоншы, байланысшы, станция, күзет, электрмен қамту қызметкерлері, машинистер, басқа да көптеген мамандық иелері еңбек етеді. Марапат солардың бәрін де қамтыды. Салтанатты жиын соңында сөз алған станция бастығы Теңел Исмагулов айтулы датаны атап өтуге қолдау білдірген аудан, сала басшыларына, қонақтарға ризашылығын білдіріп, қашан да сенім үдесінен шығуға дайын екендерін жеткізді.  

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл