Түрксіб станциясындағы бір күн

Станция тынысы
03.10.2025, 11:00
Суреттерді түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Түрксіб темір жолының қазығы қағылған бұрынғы Луговой станциясы Үкіметтің «Теміржол вокзалдары кешені мен кейбір теміржол станцияларын қайта атау және станциялар транскрипцияларын өзгерту туралы» Қаулысына сәйкес Түрксіб атанғаны белгілі. Тарихи мәнге ие бірінші класты учаскелік станцияға арнайы барып, қызметімен танысып қайттық.

Теміржол станцияларында таңертеңгі сағат тоғызда тіршілік қайнап жатады. Сағат 9.15-те келгенімізде станция кезекшілері мен маневрлік диспетчерлер, операторлар, пойыз құрастырушылар мен жүк қабылдаушылар, вагон қараушылар қарбалас тірлікке кірісіп кетіпті. Әрқайсысы өз міндетін атқарып, бірі құжат толтырып, бірі қолда бар мәліметтерді тиісті жерге жөнелтіп жатты.  

Түрксіб станциясы бастығының орынбасары Тимур Қуанышұлы желі бойына шығып кетіпті. Станция кезекшісінің операторы Замира Лебаева диспетчерлік пунктке бастап барғанда, пультте отырған Қарлығаш Тоқтанаева тақ жолдар паркіндегі он үшінші жолды босатып, жұп жолға ауыстырып жатты. Жүк пойызын Шуға жөнелтер алдында вагон қараушылардан табан тіреуіштер толық алынған-алынбағанын сұрап-тексеріп алып, жолды ашып берді.  

– Түрксіб станциясында еңбек етіп келе жатқаныма 22 жыл болды. Станцияда жалпы 25 жол, үш парк бар. Біреуінде пойыздар сұрыпталмай, бірден жөнелтіледі. Сұрыптау паркінде жүк пойыздары тұрады. Ал жұп паркіндегі 8 жолдың екеуі басты жол саналады, – деп мәлімет берді станция кезекшісі Қарлығаш Аликқызы.  

Тәуліктік ауысымға түскен маневрлік диспетчер Дүйсен Айдос машинистерге нұсқауға сай бағыттама беріп, процесті бақылауда ұстап отыр. Саладағы еңбек өтілі 5 жылды құрайтын жас маман маневр жұмыстарын еркін өз өзіне сенімді атқарып отыр.  

Диспетчерлік пунктте сол күнгі ауысымға түскендердің қатарында оператор Ержан Ахметов 25 жылдық тәжірибесі бар маман, еңбек жолын Алматыда тауар кассирі болып бастаған екен. Әр жылдарда қосалқы станция кезекшісі, диспетчердің қызметтерін атқарған ол компьютерге жұп және тақ жолдардағы жолаушылар пойыздарының кестесін енгізіп жатты.  

– Біздің міндетіміз – Тараз, Бішкектен хабарламалар алып, тиісінше керек ақпаратты әзірлеп жіберіп отыру. Шу, Бішкек бағытындағы қатынайтын машинистерге қай учаскеде жылдамдықты төмендету керектігін хабарлап, ескерту жасаймыз. Бір сөзбен айтқанда, ақпараттарды сараптап беріп отырамыз, – деді ол.  

Вагон қабылдаушы Айбек Қожамжаров пен жүк қабылдаушы Кәмілжан Фазиловты станцияға келіп жеткен жүк пойыздарының вагондары бойынша мәліметтерді базаға енгізіп отырған жерінен жолықтырдық. Мамандардың айтуынша, ұзақ жылғы тәжірибенің жұмысты тиянақты атқаруға септігі көп. Теміржолшылар әулетінде өскен Кәмілжан Фазилов – 29 жыл, Айбек Қожамжаров 10 жыл осы салада тер төгіп келеді екен.  

– Жүк құрамдары әр кезде әрқалай, кейде көп, кейде аз болады. Кем дегенде тәулігіне 5-6 жүк пойызын қабылдаймыз. Вагондардың пломбасын, асты-үстін қараймыз, ақау бар ма, жоқ па, тексереміз. Тараз, Шу бағытына, көршілес Қырғыз еліне қабылдап-жөнелткен жүк бойынша ақпарат жібереміз, – дейді вагон қабылдаушы Айбек Қожамжаров.  

Жалпы Түрксіб станциясы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ - Жамбыл бөлімшесі» және «Қырғыз темір жолы – Жүк тасымалы» арасындағы түйісу пункті саналады. Қазіргі бір өзгеріс – бұрынғыдай көршілес елдердегі жүк пойыздарына шекаралық бақылау жүргізілмейді екен. Станция бастығының орынбасары Тимур Қуанышұлының айтуынша, 90-ға жуық адам еңбек ететін ұжымда тәртіп қатаң. Өндірістегі жарақат және жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін техникалық сабақтар жиі өткізіліп тұрады. Еңбек қауіпсіздігін сақтаудың ережелері мен талаптары түсіндіріліп, осы бағытта шығарылған қаулылар таныстырылып отырады.  

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды