Қазалы теміржолшылары қауіпсіздік тұрғысынан көшілгері

Станция тынысы
08.10.2021, 11:32
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Өндірістік жұмыс көрсеткіштерін жоспардан асырып орындап жүрген Қазалы станциясының ұжымында үздік теміржолшылар шоғырланғандай. Құрамалардан вагондарды ажыратып тарату, вагондарды жаңадан қайта құрастыру секілді жұмыстарды бес саусағындай меңгерген олар жыл басынан бері пойыздық және маневрлік жұмыстар кезінде пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына жол бермеген. Қазалы станциясының теміржолшылары биылғы сегіз ай ішінде 559 пойыздан 33692 вагонды ажыратып, қала берді 128 пойызды құрастырып, оған 34203 вагонды тіркеп, тиісті бағытқа жөнелткен. Осыншама қыруар жұмыс кезінде еңбектің қорғалуына, қауіпсіздік техникасының сақталуына ерекше мән берілген. Станция бастығының орынбасары Руслан Мақашов әріптестерінің атқарған жұмыстары көңілге қонымды, бекітілген тапсырмалар тамыз айында да өз үдесінен шыққанын айтады.

– Станция теміржолшылары маневрлік, пойыздық жұмыс кезінде кірме жолдарда қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына жол берген жоқ. Вагон паркіндегі вагондар жұмысы да тиімді ұйымдастырылып отыр. Адами фактор әсерінен техникалық құрылғылардың істен шығуы болған жоқ. Бекеттің кіру бағдаршамында пойыздардың кідіруі де болған емес. Басшылық бекіткен №971-Ц бұйрығына сәйкес, бекет жолдарын, байланыс құрылғыларын әр ай сайын комиссиялық тексеруден өткізіп тұрамыз. Анықталған кемшіліктер дәрежесіне қарай уақытылы жойылып, түзетіледі, – дейді бекет басшысының орынбасары.

Ол карантиндік жағдай станцияға келетін жүктің азаюына әсер еткенін айтады. Мәселен, жүк вагондарынан жүк түсіру көрсеткіші сәл-пәл межесіне жетпей, 96,1 пайызды құраған. Дегенмен бұл көрсеткіш өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда едәуір жоғары деңгейде орындалған. Жалпы Қазалыда қыз-қыз қайнаған жұмыс. Теміржолшылар тарапынан шағымдар жоқ. Станцияда теміржолшыларға берілуі тиіс әлеуметтік көмек, қосымша көмек, маусымдық киімдер, жұмысқа қажетті құралдардың уақытылы берілуі тәртіпті жолға қойылған. Өз міндеттерін тап-тұйнақтай, жып-жинақы қалыппен атқаратын пойыз құрастырушылары Нұрғазы Өтекеш, Мейрамбек Құлмұратов, станция кезекшілері Өмірбай Қарабеков, Бақытбек Қараев, кезекші жанындағы оператор Бағдат Мүсіреп, жүк қабылдап-тапсырушы Рудба Айқабылова, парк кезекшілері Әсия Мектепова мен Темірбай Шүленбаев – әріптестеріне әрдайым үлгі боларлық азаматтар.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда