Қытайдың CRRC Changchun Railway Vehicles компаниясы өз технологиялары негізінде әзірлеген сутегі отын элементтерімен жұмыс істейтін алғашқы қала маңына қатынайтын пойызды сынақтан өткізді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жаңа пойыз 2023 жылдың желтоқсанында көпшілікке таныстырылған болатын. Сынақ компанияның Чанчунь полигонында өткізілді, ол  Цзилинь провинциясында орналасқан. Сынақ барысында пойыз 160 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті, бұл пойыздың жоғары энергия тиімділігін көрсеткен. Пойыз бір жанармай бекетінен отын алғаннан тоқтаусыз 1000 км-ден астам қашықтықты еңсерген.