Қытайда теміржол желісінің ұзындығы 160 мың шақырымға жетті

Әлемде
18.09.2024, 10:34
Фото: CRRC

2024 жылдың 13 қыркүйегінде Мейчжоу қаласын Лунчуань округімен (Гуандун провинциясы) байланыстыратын 94 шақырымдық жоғары жылдамдықты желі пайдалануға берілгеннен кейін Қытайдың теміржол желісінің ұзындығы 160 мың шақырымға жетті, оның 46 мың шақырымы жоғары жылдамдықты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

2023 жылдың соңындағы жағдай бойынша Қытай темір жолының ұзындығы 159 мың шақырымды құраған еді, оның ішінде 45 мың шақырымы жоғары жылдамдықты теміржол.

2012 жылдан бері Қытайдың теміржол инфрақұрылымы белсенді түрде дамып келеді, жыл сайын орта есеппен 3000 шақырымға жуық жоғары жылдамдықты желі пайдалануға берілді. Содан бергі жылдар ішінде теміржол желісінің жалпы ұзындығы 64,2%-ға, жоғары жылдамдықты желілер 392,2%-ға ұлғайды. Жоғары жылдамдықты желілер Қытайдың Гонконг арнайы әкімшілік аймағын қоса алғанда, ірі (500 мыңнан астам халқы бар) қалаларының 96%-ын қамтиды.

Жоғары жылдамдықты теміржол желісін кеңейту елдегі ірі агломерациялары арасындағы жол жүру уақытын орта есеппен 3 есеге қысқартуға мүмкіндік берген, бұл осындай желілер қызмет көрсететін аймақтардың өндірістік және әлеуметтік дамуына ықпал етуде.

Бейжің - Гуанчжоу, Бейжің - Ухань сияқты бірқатар жоғары жылдамдықты желілерде пойыздар максималды 350 км/сағ жылдамдықпен жүреді. Рұқсат етілген жылдамдығы 300 - 350 км/сағ желілердің жалпы ұзындығы 20 мың км (43%), ал 200 - 250 км/сағ жылдамдықпен - 26 мың км (57%) құрайды.  

Айта кету керек, әдетте Қытайда жаңа желілер жыл соңында пайдалануға беріледі.

 

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты