Қытай ЖТС бойынша жүкті экспресс-жеткізудің жаңа сервисін іске қосты

Әлемде
10.12.2025, 09:11
Фото: Хубэй провинциясы үкіметінің сайтынан

Қытайда 2025 жылғы 17 қарашада Ухань – Гуанчжоу бағыты бойынша шамамен 1000 км ұзындықтағы қолданыстағы жоғары жылдамдықты теміржол (ЖТС) желісімен шағын жүк жөнелтілімдерін жоғары жылдамдықты электр пойыздармен жеткізетін жаңа сервис пилоттық режимде іске қосылды, деп хабарлайды Rail-news.kz

Бұл желі Қытайдың орталық және оңтүстік бөлігіндегі ірі экономикалық өңірлерді байланыстырады. Тасымалдау операторы – Қытай темір жолдарының еншілес кәсіпорны China Railway Express (CRE).

Жүктер таңсәріде, жолаушылар тасымалы басталғанға дейін, бортында жолаушыларсыз жүретін пойыздармен жеткізеді. Бұл пойыздар жолдың техникалық жағдайын динамикалық бақылау және оның қауіпсіздігін растау мақсатымен күн сайын желіге шығады. Екі пойыз шамамен таңғы сағат 5-те желінің соңғы станцияларынан жөнелтіліп, аралық станцияларға тоқтамай, 4,5 сағатта межелі жерге жетеді.

Пилоттық рейс кезінде шамамен 10 тонна болатын азық-түлік, фармацевтикалық өнімдер, электроника және бизнес-жөнелтілімдер салынған қаптар пойыздың жолаушылар вагондарындағы қаптамамен жабылған орындықтарға теңдей етіп орналастырылды. Жаңа бағыт бойынша аптасына төрт жұп пойыз жүк тасымалдайды деп жоспарланып отыр.

Бұл сервис Қытайдағы басқа да ЖТС бойымен ұйымдастырылған ұқсас қызметтерді толықтырады. Олардың қатарында Куньмин – Чэнду, Чжэнчжоу – Чунцин және Наньчан – Шэньчжэнь бағыттары бар.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті