Еуропалықтар теміржолды көбірек таңдай бастады

Әлемде
16.04.2026, 09:52
Оқуға 2 мин
Сурет: DB
Қазақстан теміржолшысы

Еуроодақтың Eurostat статистикалық қызметі дайындаған «Key figures on European transport - 2025 edition» жыл сайынғы есебінде теміржол көлігіндегі жолаушылар тасымалының өсу үрдісі жалғасып жатқаны, тіпті оның көрсеткіштері пандемияға дейінгі деңгейден асып түскені атап көрсетілген. Дегенмен, жүк тасымалы саласында ЕО елдерінің теміржол көлігі әлі де болса теңіз және автомобиль тасымалынан артта қалып келеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

2024 жылы ЕО-қа мүше елдердің тұрғындары ішкі маршруттар бойынша жалпы ұзындығы 420 млрд шақырымды құрайтын 8,3 млрд сапар жасаған. Бұған қоса, 150 млн жолаушы трансшекаралық бағыттарда жалпы есеппен 23 млрд шақырым жол жүрген. Еуропа бойынша орташа көрсеткіш бір тұрғынға ішкі қатынастарда 958 шақырымнан, ал халықаралық сапарларда 53 шақырымнан келді.

2024 жылы жалпы жолаушылар айналымы 443 млрд жолаушы-шақырымға жетіп, 2023 жылғы көрсеткіштен 5,8%-ға жоғарылады. Теміржол қызметі әсіресе Венгрия, Австрия және Францияда үлкен сұранысқа ие: бұл елдердің орташа статистикалық тұрғыны бір жылда ішкі бағыттарда тиісінше 1513, 1493 және 1442 шақырым жол жүрген. Ең төменгі көрсеткіш Грекияда тіркелді — небәрі 70 шақырым.

Жүк тасымалы саласында ЕО елдерінің жалпы жүк айналымындағы ең үлкен үлес теңіз көлігіне — 67% (4753 млрд ткм) және автомобиль көлігіне — 25,7% (1821 млрд ткм) тиесілі. Теміржолдың үлесі 5,4% (385 млрд ткм), ішкі су көлігінікі — 1,7% (122 млрд ткм), ал әуе көлігінікі — 0,2% (16 млрд ткм) болды.

2024 жылы теміржол көлігі ЕО елдерінің ешбірінде жүк тасымалы бойынша көшбасшы орынға ие болған жоқ. Теңіз көлігі дамыған елдердің ішінде теміржол үлесі Литвада (30,1%), Словенияда (27,7%), Польшада (21%), Румынияда (17,5%) және Латвияда (17,1%) салыстырмалы түрде жоғары болды. Теңіз порттары жоқ елдердің арасында теміржол көлігінің ең жоғарғы үлесі Австрия (30%), Словакия (29,8%), Венгрия (25,8%) және Чехияда (21,1%) тіркелді.

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды