2024 жылғы теміржол саласының негізгі тарихи оқиғалары

Темір жол тарихы
15.01.2024, 14:16
Оқуға 2 мин

Биыл Қазақстан темір жолы өзінің 120 жылдық мерейтойын, қоғам қайраткері, тұңғыш қазақ теміржол инженері Мұхамеджан Тынышпаевтың туғанына 145 жыл толуын және халық суретшісі, қазақ кескіндемесінің негізін қалаушы және әйгілі “Түрксіб" картинасының авторы Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толуын атап өтеді.

Қазақстан болат магистралінің дамуына 120 жыл

Қазақстанда темір жол көлігінің құрылған жылы 1904 жыл болып саналады, сол жылы Өзбек, Қазақ, Қырғыз және Тәжік КСР аумағы арқылы өткен Ресейді Орта Азиямен жалғаған Орынбор - Ташкент темір жолының құрылысы басталды. Бірінші болат магистраль аймақтың сауда, өнеркәсіп, әлеуметтік саласының дамуына ықпал етті.

Қазақтың тұңғыш инженер-жолшысы Мұхамеджан Тынышпаевтың 145 жылдығы

Мұхамеджан Тынышпаев - қазақ қоғам қайраткері, Ресейдің Екінші Мемлекеттік Думасының депутаты, Түркістан автономиясының премьер-министрі, "Алаш Орда" мүшесі, тұңғыш қазақ инженер-жолшысы.

Мұхамеджан Тынышпаев 1879 жылы 12 мамырда Жетісу облысында дүниеге келген. 1900 жылы Верный гимназиясын бітіріп, Петербургтегі Александр I атындағы байланыс инженерлерінің императорлық институтына оқуға түсті. 1905 жылы оқуды аяқтау емтихандарын сәтті тапсырып, қазақтың алғашқы инженер-теміржолшысы болды. Сібір мен Орталық Азияны байланыстыратын Түркістан-Сібір магистралін жобалауға және салуға қатысты.

Суретші Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығы

Әбілхан Қастеев-суретші, акварельші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақ КСР Халық суретшісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, 1904 жылы 14 қаңтарда Талдықорған облысында дүниеге келген.

Суретші бала кезінен халық өнерін жақсы көретін, ағаштан және сүйектен түрлі қолөнер бұйымдарын, зергерлік бұйымдарды ойып жасаған. Оның әкесі ерте қайтыс болды, ал Әбілхан бақташы, одан кейін Түркістан-Сібір магистралінің құрылысында қара жұмысшы болып жұмыс істеді. Оның талантын құрылыс басшылығы байқап, жас жігітке өмір жолдамасын беріп, Алматыға оқуға жіберді.

Суретші 1100 астам туынды жасады, Қастеевтің ең танымал картиналары - "Жақта жинау", "Түрксіб", "Медеу таулы мұз айдыны".

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті